Оқи отырыңыз

Адам өз нысанасын өзі таңдады ма, жебесін де өзі жасасын. 

Автор: Үнді даналығы

— Редактор бағаны —

Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында
Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Бойжеткен / Шаңырақ / Гүл құпиясы. Үзілген гүлді ұзақ сақтағыңыз келсе...

Гүл құпиясы. Үзілген гүлді ұзақ сақтағыңыз келсе...

Гүл құпиясы. Үзілген гүлді ұзақ сақтағыңыз келсе...

Бүгін және алда келе жатқан 8 наурыз мерекелеріне орай нәзік жандылардың құшағы гүлге орана бастайды. Осыған орай гүлдерді күту мен ұзақ сақтаудың құпиясымен бөліспекпіз.

Үзілген гүлді вазаға салып, оған толтырып су құяды (герберден басқасын, оның 1/3 бөлігін ғана суға батырады, өйткені, оның жұқа түк басқан сабағы суда тез шіриді). Үзілген гүлге құбырмен келетін онша суық емес суды пайдалануға болады. Мимоза гүлінің сабағын ыстық суға салғанымен, қауызына суық су шашу керек. Көптеген гүлдердің суын күн сайын ауыстырып отырған дұрыс. Үсті-үстіне еселеп су құйып отырған жағдайда да, гүлдің суын 2-3 күнде толығымен жаңартқан жөн.

Үзіп алған гүлді күн астында, жел өтінде қалдыруға болмайды. Оны салқын, қараңғылау бөлмеде ұстайды. Өсімдіктің суы азырақ булануы үшін оның ірі жапырақтарына су сеуіп тұру керек. Ал фрезия, нарцисс, раушан, қалампыр гүлдерінің гүлі мен жапырағының жиі ылғал боп тұрғаны абзал.

Піскен жемістер тұрған жерге гүл салынған ваза қоюға болмайды. Өйткені жемістен бөлінетін этилен гүлге кері әсер етеді.

Солып бара жатқан гүлді тірілтудің де өз әдісі бар. Оны қағазға орап, су құйылған шелекке салады да, салқын, қараңғылау жерге қояды. Хризантема, нарғызгүл, сондай-ақ, көкнәр гүлін тірілту үшін оның сабағын тағы бір қысқарта кесіп, бірнеше секунд ыстық (60-95°) суда, су буы гүлге тимейтіндей етіп ұстау керек. Сосын гүлді қағазға тығыздап орап, суға (20°) салып қояды.

Үзіп алынған гүлді ұзағырақ сақтау үшін суға қоректік заттар қосуға да болады. 2-5 пайыз қант қоспасын пайдалану жақсы нәтиже береді. Мұндай қоспада раушан, қызғалдақ, қалампыр, сирень, хош иісті бұршақ гүл фрезия гүлдері жақсы сақталады. Ал цикламен, амариллис, кестежусан, клематис (ломонос) гүлдерін мұндай қоспада ұстауға болмайды. Бактерия дамудың алдын алу үшін бактерицидті заттар: марганец қышқылды калий (бірнеше түйіршек), аспирин (1 литр суға 1 таблетка), лимон қышқылы (1 литр суға 2-3 грамм), спирт (1 литр суға 10 мл., клематис гүлі үшін) қосуға да болады. Әртүрлі гүлдерді бір вазада ұстауға болмайды. Кесілген кезде кейбір гүлдерден бөлінетін заттар екіншісіне зиянды әсер етеді. Раушан гүлі өзімен бір вазадағы басқа гүлдерді тез солдырады, тіпті қызыл қоңыр және сарғыш түсті раушан гүлдерін бір вазаға қойса, соңғысы бірден сола бастайды. Лала, қалампыр, нарциссті бөгде гүлдермен бірге сақтауға болмайды. Хош иісті горошек, резеда, сары примудалар басқа гүлдердің солуын тездетеді. Қызғалдақ пен ботагөз гүлдеріне ландыш қосса, бірден солады, сары примудалар – басқа түсті примудаларға, лала – маргариткалар мен көкнәрға әсер етеді.

Бір ыдысқа салғанда бір-бірінің сақталу мерзімін ұзарта түсетін гүлдер де бар. Кипаристің сабақтарын қызғалдақпен бір ыдысқа салсаңыз, кейінгісі ұзақ сақталады әрі түсін жоғалтпайды.

Шаңырақ үй-тұрмыс энциклопедиясы негізінде

Сурет: vk.com

Форумда талқылау

20630 17
Рейтинг: +0

Дайындаған: Anara Mustafina
Қосылған күні: 09 наурыз 2012, 16:00
Пікірлер
+0
14 ақпан 2012, 11:51

Біз мәз болып құшақ-құшақ гүлдердің бәрін бір ыдысқа қонжита саламыз ) Байғұс гүлдер өзара тіршілік үшін күреске түсіп жататынын қайдан білейік ? ))

+0
14 ақпан 2012, 16:48

Ал мен болсам бір суға сол гүл өлмегенше салып қойамын. Рахмет білетін болам.

+0
14 ақпан 2012, 17:07

"өлмегенше" емес, "өлгенше" деп айтылады. орыс тілінің әсері тиіп кеткен тәрізді, яғни "пока не умрет" дегенді тікелей аудара салғансыз. және тамырынан ажыраған өсімдік болсын, адамзат баласы болсын онсыз да өлген боп саналады. оны ары қарай өлтірудің не керегі бар?

+0
14 ақпан 2012, 17:36

Пікір жазғанда ойымдағыны жазамын. Қазір де өлмегенше деп жазайын, тағы бірдеңе айтарсыз.

+0
14 ақпан 2012, 17:38

Өзіңіз біліңіз.

+0
15 ақпан 2012, 01:04

Сосын, екі үтірді қалдырып кетті.

+0
15 ақпан 2012, 01:07

Айналайын осындай қолданушылардан, санап жүреді ғой артымнан. Жеке редакторларым пайда болды. Күшті.

+0
14 ақпан 2012, 17:03

Көкті жұлма деп тәлім үйретеді, қазақтың ділі, дәстүрі. Өсіп тұрған өсімдікті бел ортасынан қиып, тіршілікке қиянат жасап, біреуге үш күндік "қуаныш" сыйлау санама қонбайды. Гүл сыйлағыш болсаң, құмырадағы тірі гүлді сыйла. Үш күн, ары кетсе он күннен соң қоқысқа кететін өлі затты сыйлық деп қабылдамас едім, қыздардың орнында болсам.

+0
14 ақпан 2012, 17:37

Әттен, қыз емессіз, қанша гүлді сақтап қалар едіңіз)

+0
15 ақпан 2012, 01:03

Ереке негізі дұрыс айтасыз, тіршілікке қиянат жасағанша, табиғатқа, немесе саябаққа апарған жақсы емес пе?

+0
16 ақпан 2012, 14:17

бұл пікіріңізден соң гүл алуға құмартпай қалдым ғой ((((

+0
16 ақпан 2012, 15:40

тірі гүлді неге алмасқа? үйіңізге көрік, көңліңізге шаттық сыйлайды. және әр көрген сайын, тарту еткен адамды бір есіңізге алып қоясыз. ал, өлі гүл қадірсіз.

+0
14 ақпан 2012, 21:49

Гүл де араққа салынғанда жайнап кетеді.....

+0
15 ақпан 2012, 01:01

Сонда қыз ол гүл, иә? Немесе гүл секілді? Қыздарға сонда... арақ беру керек па? 8 наурыз күні?

+0
15 ақпан 2012, 03:49

8 наурыз күні қызға гүл бересін, ал гүлге арақ бересін.

+0
16 ақпан 2012, 15:47

Қыз өссе елдің көркі, гүл өссе жердің көркі. Бір қарағанда, әшейін айтыла салған тәрізді. Елінің көркі болуға лайық қыз - жерінің көркі болуға лайық гүлді тамырынан ажыратуға қас болады, меніңше. Ал, елінің қорғаны бола алмайтын ездер қызына шарап, гүліне арақ береді...

+0
09 наурыз 2012, 13:45

Мына кеңестерді бүгін қолдандым.

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

Red Velvet - Rookie [kaz_sub]
Red Velvet - Rookie [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық "Red Velvet" қыздар тобының жаңа жұмысын қабыл алыңыздар. 2014 жылы құрылған топ сәтті жұмыс істеп келеді. Аталған әнге түсірілген бейнебаян да ашық түске толы, көңілді. Бұл – топтың негізгі ұстанымы. 

EXO – For Life [kaz_sub]
EXO – For Life [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық-қытайлық бойз-бэнд EXO "For Lifе" бейнебаянымен қайта оралды. К-поперлер жақсы білетіндей, 2016 жылдың 5 қазанында S.M. Entertainment EXO-ның ізбасары EXO-CBX тобын...

JESSICA – Wonderland [kaz_sub]
JESSICA – Wonderland [kaz_sub]

Джессика Чон – корей-американ тегінен шыққан әнші, биші, актриса, модель. АҚШ-тың Калифорния штатында туған. Ағылшын, корей тілдерін жетік меңгерген. Girls’...