Оқи отырыңыз

Тілекке еңбек тірек болмаса, ойға омалып қырдан аса алмайсың.

Автор: Бауыржан Момышұлы

— Редактор бағаны —

Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында
Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Бойжеткен / Шаңырақ / Сенбілік... Дақтарды кетіру оңай

Сенбілік... Дақтарды кетіру оңай

Сенбілік... Дақтарды кетіру оңай

Сенбі күні - тазалық күні.  Әр үйден табылатын нәрселерді орнымен пайдалана білу - нағыз өнер. Ендеше, мына кеңестерімізге құлақ түріңіздер.

Тұзды үйде қолдану жайлы жазып өткен едік. Соған қосарымыз әлі де бар.

  • Адам терлеген кезде ашық түсті киімнің қолтығында сарғыш дақтар қалып қояды. Осындай киімдерді жумас бұрын, тұз ертітіндісіне салса, дақтар тез кетеді.
  • Жаңа сатып алынған джинсы шалбары тым қатты болса, кір жуатын ұнтаққа 1/3 бөлік тұз салып жуыңыз, шалбарыңыз жұмсарады. 

 

Ас содасы  ыдыс-аяқты жақсы тазартады.

  • Шыны, фарфор, күміс ыдыстарындағы май мен дақтарды ерекше жақсы кетіреді. Ыдыстағы жағымсыз иістерді де жояды.
  • Күмістен жасалған қасықтардың жылтырын қайтарады. Ол үшін кастрөлге ыстық су құйып, жарты стақан ас содасын қосыңыз. Осы суда қасықтарды шайыңыз.
  • Ескі жиһаздағы жағымсыз иісті кетіру үшін оның ішіне құрғақ ас содасын сеуіп қойыңыз. 1-2 сағаттан соң, шаңсорғышпен жинап алыңыз. 

 

Лимон шырыны  майлы кірді жақсы тазартады.

  • Жаңадан сығылған лимон шырынын майлы даққа жағып, жарты сағатқа қоя тұрыңыз. Үстінен ас содасын сеуіп сүртсеңіз, майлы кір бірден кетеді.
  • Ағаштан жасалған жиһазды жылтырату үшін зәйтүн майы мен лимон шырынының 2:1 есебіндегі қосындысын қолданыңыз. 
  • Сарғайып кеткен ақ киімдерді жаңарту үшін оны лимон тілімдері қосылған ыстық суға салыңыз.
  • Темірдің таттанып кеткен жерлерін тұз бен лимон шырыны қосылған ерітіндісімен сүртсеңіз болады.

 

Сия дағын кетіру 

  • Жаңа тиген сия дақтарын кетіру үшін ерітілген мүсәтір спиртімен ас содасын (бір стақан суға 1-2 шай қасық) қолданады. Сондай-ақ, жаңа түскен дақтар сүтпен де жақсы кетіріледі. Ашыған сүтті де қолдансаңыз болады. Дақ түскен киімді сүтке бірнеше сағатқа малып, кейін киімді мүсәтір спирті ерітіндісімен жуыңыз.
  • Дақтың айналасында шеңберлер пайда болмасын десеңіз, матаның дақ түскен жерін жумас бұрын жіппен түйіп қойыңыз.
  • Сия дақтарын 1:2 қатынасындағы сірке суының ерітіндісімен кетіруге болады (жібектен басқа). Ерітіндімен дақ түскен жерді дымқылдатып, саусақпен сығымдайды. Қажет болса, қайталап, сумен шайыңыз.

 

Форумда талқылайық.

9302 7
Рейтинг: +0

Дайындаған: Сания А
Қосылған күні: 11 ақпан 2012, 09:00
Пікірлер
+0
11 ақпан 2012, 11:09

ас содасын ыдыс-аяқтарды жууда қолданамын. майды күшті кетіреді

+0
11 ақпан 2012, 16:07

Қанша фэйри, мейри дегенмен ыдыс жууда осы ас содасына жетер ештеңе жоқ.

+0
12 ақпан 2012, 13:18

Ас содасымен тіс тазалаған да жақсы, ағартады.

+0
12 ақпан 2012, 13:43

Мен кеттім тіс тазалаймын.

+0
14 ақпан 2012, 22:12

ваннанын сары дактарын кетіру үшін ас содасына белизнаны қосып араластырып щеткамен жуса тез ағарады.

+0
14 ақпан 2012, 22:22

Мына кеңесіңіз де жақсы екен. Рақмет! )

+0
15 ақпан 2012, 15:08

О! істеп көру керек.

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

EXO - Lucky One [kaz_sub]
EXO - Lucky One [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық әйгілі бойз-бэнд EXO тобы бүгінде дәурені жүріп, дүркіреп тұрған топ болып отыр. Жігіттер тобы тек Оңтүстік Кореяда ғана емес, Азияда танымал. Қазақстанда да EXO тобының жанкүйерлері жетерлік. Басында он екі қатысушыдан құралғанымен, бүгінде топта он өнерпаз өнер көрсетеді. Әр қатысушы жан-жақты, талантты. Біз бұған дейін аталған топтың бірнеше бейнебаянын қазақшаға аударған едік. Назарларыңызға топтың "Lucky One" туындысын қазақша субтитрмен ұсынамыз. Аударған: Жарылқасын Мырза Тайминг,...

IU - The shower [kaz_sub]
IU - The shower [kaz_sub]

Ли Чжи Ын – оңтүстік кореялық 23 жасар әнші қыз. Оның сахналық есімі «I and You» (мен және сен) әуен арқылы бір бүтін бола аламыз дегенді білдіреді....

Күн ұрпақтары/ Сошедшие с солнца / Descendants of the Sun [kaz_sub]
Күн ұрпақтары/ Сошедшие с солнца / Descendants of the Sun [kaz_sub]

Ел: Оңтүстік Корея  Жанр: романтика, медицина, драма, комедия, боевик  Жыл: 2016  Режиссер: Ли Ын Бок Басты рөлдерде: Чжин Гу, Сон Хе Ге, Сон Джун...