Баланың температурасын түсіру керек болса...

Баланың температурасын түсіру керек болса...
Фото: theworldnews.net

Баланың температурасы көтеріліп жатса, ол оның ауырып қалғандығын білдіреді, сондықтан ата-ана жылдам әрекет етуі қажет. Егер бала ұзақ уақыт бойы жоғары температурамен жатса, ол бүкіл ағзаға әсерін тигізуі мүмкін. Балаға қандай температура қауіпсіз болып саналады және жоғары температура кезінде алғашқы көмекті қалай көрсету керек?

Температура неліктен көтеріледі?

Жоғары температура – ағзаның вируспен күресуге бағытталған қорғаныш реакциясы. Температураның себебі әртүрлі болуы мүмкін. Кішкентай балаларда температура әдетте тұмау себебінен көтеріледі. Температураның қаншалықты жоғары болуы микроағзаның уыттылығына, яғни, ауру шақыру қасиетіне және оның уытының белсенділігіне байланысты. Себебі олар ереже бойынша жылуды реттеу орталығына әсер етеді, сондықтан ағза оған жауап ретінде жұқпалы агенттермен күресуге бағытталып, температураны көтереді.

Балаға қандай температура қауіпсіз?

Балаға салыстырмалы түрде қауіпсізі – 38 градусқа дейінгі температура.

Температураның басты қаупі қандай?

Ата-аналардың көпшілігін "жоғары температура еметін балаға немесе мектепке дейінгі балаға қауіпті ме?" деген сұрақ мазалайды. Жоғары температурасы бар кез келген жастағы балаға бірдей қарау керек. Егер баланың жағдайы нашарламаса, 38 немесе кейде 38,5 градусқа дейінгі кез келген температураны түсірудің қажеті жоқ. Бірақ температурасы бар бала өте әлсіз, тамаққа тәбеті жоқ және тек жата бергісі келсе, оған мән берген жөн. Егер баланың температурасы 38,5 градустан жоғары көтеріле берсе, үйіңізде ыстық түсіретін құрал (оның екі түрі болғаны жақсы) болуы керек.

38,5 градустан жоғары температураны түсіру қиынырақ болады және ол жоғары нервтік іс-әрекетке зиян болып келеді. Яғни, ол тыныс алу мүшесіне қияндық тудыруы мүмкін немесе қалшылдауға (кейде, ұстамалы ауруға) әкеледі.

Ең қауіпті температураға қосымша белгілер (қалшылдау, тыныс алу проблемасы) пайда болған температура жатады. Ол әр балада әртүрлі (өзіндік) болып келеді. Мысалы, бір балада ол 40 градуста болуы мүмкін, ал екінші балада ол 37,5 градуста да көрінуі мүмкін. Сондықтан жоғарыда 38,5 градусқа дейінгі температураны түсірмей-ақ қоюға болады дегенмен, балаңыздың жағдайын (әрекетін, тыныс алуын, өзін ұстауын) әлсін-әлсін тексеріп, бақылап отырыңыз.

Температураны қалай дұрыс түсіру керек?

Температураны түсіру үшін алдымен тері жылуын тексеру керек. Қызудың тері бойынша қаншалықты біркелкі таралғандығын қарау керек. Себебі аналардың көпшілігі баланың кеудесі мен аяғы (тізеге дейін) өте ыстық болып, ал табаны мен қолының буыны суық (кейде тіпті, мұздай) болатындығын байқайды.

Жоғары температураның екі түрі болады:

- Ақ гипертермия;
- Қызыл гипертермия.

Ақ гипертермияда қол буыны, білек, табан және балдыр қылтамырларының қатты жиырылуы болады. Ал қызыл гипертермияда қанмен қамтамасыз ету жақсы жүреді, сондықтан бала денесі түгелдей біркелкі ыстық болады.

Қызыл температура кезінде бір ыстық түсіретін құрал бергеннің өзі жеткілікті болады. Егер балаңыздың температурасын түсіре алмай жатсаңыз, оның алақаны мен табанын ұстап қараңыз: олар салқын болса, онда бір ыстық түсіргіш құрал беру жеткіліксіз. Себебі ақ гипертермия кезінде жылу бергіштік бұзылады. Бұл кезде қосымша спазмға қарсы дәрі (мысалы, но-шпа) беру керек. Сол кезде жылу бергіш көлемі ұлғаяды және қылтамырлар кеңейеді, соның нәтижесінде температура жылдам түседі.

Егер балаңыздың денесі түгел ыстық болса, бірақ ыстық түсіргіш дәріге температурасы 1 сағат бойы түспей жатса, оның киімін толықтай шешіп тастап, жылы сумен сулаңыз. Бірақ суды құрғатып сүртпеңіз, өздігінше кепкенше су күйінде шамалы жатқызыңыз.  Бөлме қатты ыстық болмау керек. Жоғары температурасы бар балаға 20 градус бөлме температурасы жеткілікті.

А. Жапатова