Деніңіз сау болсын десеңіз, мына заттардан құтылыңыз

Деніңіз сау болсын десеңіз, мына заттардан құтылыңыз

Бөлме ішін ретке келтірер кез келді. Егер салауатты өмір салтын сақтағыңыз келсе, кейбір заттармен қоштасуға тура келеді. 

Зиянды ұсақ-түйектер тізімінде нелер бар екен, көрейік:

  • Жарылған не сынған ыдыс-аяқтар

Сабы сынып қалған шынаяқ, бір шеті шатынаған тостағандар барлығының ас үйінде табылары түсінікті жайт. Ол ыдысты бір қымбат жан сыйлауы мүмкін, не қымбатқа келген дүние... Тастай салуға қимайтынымыз да сондықтан. Жоқ, сынған ыдыс-аяққа келгенде "қимастық" сезімімізді тұсаулап ұстайық.

Әңгіме мынада, сынған, не бүлінген ыдыс жағымсыз энергияны өзіне тартушы. Шығыс әпсанасы былай дейді: Сынық ыдыс - сынық тағдырдың белгісі. Бұл миға сыймас нәрсе емес. Сондықтан бүгін лақтыруға тиіс бүлінген ыдысты ертеңге қалдырмаңыз!

  • Ескі киім я жыртық аяқ киім

Өз шкафыңызға да реттеу жүргізіңіз. Егер жыртық, не бір жыл бойы киілмей жатқан киім көрсеңіз, бірден оны еркіне қоя беріңіз. Егер "жап-жаңа киім ғой, бірақ әлі киілмеген" деп сылтау айтар болсаңыз, оны біреуге сыйлаңыз! Әрине, жарасады-ау деген жанға ғана... Ал ескі киімдерді шаң сүртетін шүберек ретінде пайдаланып, оған да жарамаса, қоқысқа құртыңыз.

"Ескілерді шкафымнан босатсам, өмірімнен де босатам!" деп бекер айтпайды ғой. Одан соң жаңа позитивті дүние енер сіздің әлемге...

Фен-шуй сарапшыларының айтуынша, нағыз ескі киімдер әйел адамдардың артық салмақтан арылуына кедергі келтіреді.

  • Жасанды гүлдер

Жасанды сұлулық негативті энергияны көп жинайды. Жасанды сұлулық кімге ұнар дейсіз? Табиғилық бар жерде жасандылықтың күлін көкке ұшыру қажет. 

"Тірі адамдар үшін гүлдердің тірісі ғана керек" деген сөз тегін емес. Денсаулық пен күнделікті көңіл-күйге әсер етпесін десеңіз, айналаңызды жасанды гүлдерден арылтыңыз. Мейлі, ол тамаша шеберлікпен жасалса да...

Көңіл аударыңыз: Тірі гүлдер арасында алоэ негативті энергияның хабаршысы. Сондықтан оны бала-шаға мен отбасы мүшелері көп уақыт өткізетін орындарға қоймауға тырысу керек. Алоэ үшін ең жайлы орын - дәліз немесе кіреберіс.

Дайындаған: Ақерке Әбілхан

Сурет:10.0-ua.com

А. Әбілхан