Оқи отырыңыз

Тілекке еңбек тірек болмаса, ойға омалып қырдан аса алмайсың.

Автор: Бауыржан Момышұлы

— Редактор бағаны —

Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында
Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Бойжеткен / Шаңырақ / Мата туралы не нәрсені білуіңіз керек?

Мата туралы не нәрсені білуіңіз керек?

Мата туралы не нәрсені білуіңіз керек?

Киім алуға барғанда оның сән үлгісіне айрықша мән бергенімізбен, матасына көңіл бөле бермейміз. "Сұлуынан жылуы" демекші, осы материалды оқыған соң, киімнің матасы туралы ойланатыныңыз сөзсіз.

Атлас


Жақсы жағы:

Атлас - барлық мерзімнің классикасы. Ол ацетаттан жасалғандықтан, денеде әдемі тұрады. 

Нашар жағы:

Атластың күтімі оңай емес. Оның түсін сақтаймын десеңіз, тек қана қолмен, жылы суда мұқият жуғаныңыз жөн. Атласты кептіру де ыждаһаттылықты талап етеді. 

Ең ыңғайлы атлас - полиэстер атласы мен атлас эффектісі бар трикотаж матасы болып есептеледі.

Мақта


Жақсы жағы

Бұл барынша төзімді мата (батистен басқасы). Бағасы қымбат емес әрі бояуға ыңғайлы. Бірнеше рет жуған соң да, түсі оңып кетпейді. Ыстық жаз күнінде ылғалтартқыш мақтадан тігілген киіммен жүрген дұрыс.

Нашар жағы

Мақтадан тігілген киімдерді үтіктеу қиын. 

Шифон


Жақсы жағы

Шифон  әрі жұқа әрі берік материал. Кеудешелер мен көйлектерді шифоннан тіккен дұрыс. Оңай жиырылып,  оңай боялады. Өзі де нәзік көрінеді. 

Мақтадан істелген шифонды балалардың іш киімі мен жазғы сарафандарға қолданған жөн. Нейлон және полиэстер шифоны оңай жиырылуының арқасында етектер мен көйлектерді тігу үшін әдемі нұсқа. Мақтадан істелген шифонды жуу да, тігу де, үтіктеу де қиын емес, денені демалдырып, теріге ауа береді.

Нашар жағы

Жібектен жасалған шифон тігуге ыңғайсыз, сөгіліп кете береді. Егер кәсіби тігінші болмасаңыз, оны тігуден бас тартыңыз.

Жібек


Жақсы жағы

Сапалы жібек берік, созылмалы, икемді материал әрі ұзаққа шыдайды. Жібектен жасалған киімдер күн көзіне төзімді. Бұл матадан тігілген іш көйлектер денені терлетпейді. Жібек Ежелгі Қытайда аса бағалы мата болғандықтан, одан тігілген киімдерді билік басындағы адамдар киген.

Нашар жағы

Жуған соң, табиғи жібек тез оңып кетеді. Жібектен жасалған киімдерді химиялық тазартқышқа берген жөн. 

Зығыр


Жақсы жағы

Зығыр берік материал болған соң, одан кеудешелерді де, жакеттерді де тігуге болады. Және зығырдың ұзаққа шыдайтын қасиеті бар.

Нашар жағы

Зығырды үтіктеу қиын әрі түсі тез оңады. Оның шеті тез сөгіліп кетеді, сондықтан зығырдан тігілген киімді сатып алғанда шеттерін мұқият тексеріп алыңыз. 

Автор: Шаттық Ақтау

Сурет: lubimoe-delo.ru, asia.ru,hafla.name,epochtimes.ru, helga.pro, vologda.olx.ru


19738 13
Рейтинг: +0

Қосылған күні: 06 ақпан 2012, 12:00
Пікірлер
+0
06 ақпан 2012, 12:37

Маған шифонға қарағанда жібек ұнайды. Әрі жібек танымал )

+0
06 ақпан 2012, 12:46

Осы маталарды айыра алмай-ақ қойдым. Кейін тұрмыста керек болады ғой, рахмет! )

+0
06 ақпан 2012, 14:12

Мен де айыра алмаймын.

+0
06 ақпан 2012, 14:33

расында күшті ақпарат

+0
06 ақпан 2012, 15:10

Ал х/б деген қандай материал? Мен соны ажырата алмай-ақ қойдым
Сатушылар "таза х/б" деп жатады ғой

+0
06 ақпан 2012, 15:23

хлопчато-бумажный материал дейді ғо,сол болу керек

+0
06 ақпан 2012, 15:30

х/б деген мақтадан жасалған мата. Табиғи жолмен алынғандықтан ауа өткізгіш. Яғни, жазда ыстықтап, қыста тоңбайсыз. Байқасаңыз, нәестерлерге арналған киімдер тек х/б-дан тігіледі. Табиғи материалдардан жасалған маталар өте пайдалы, орысша айтқанда, она дает телу дышать

+0
06 ақпан 2012, 15:32

суреттегі көк жібек керемет екен! жібектің аты -жібек!

+0
06 ақпан 2012, 16:30

Маған шифон мен атлас ұңайды және полиестер, өйткеңі ол жаксы жуулады және кебеді тез

+0
06 ақпан 2012, 20:01

Жібек әдемі көрінеді. Бірақ күнделікті кигенге мақта матасынан жасалған киімдер ұнайды.

+0
06 ақпан 2012, 23:16

Жібек пен атластың айырмашылығы неде? Мен екеуі бір мата ғой деп ойласам))

+0
07 ақпан 2012, 10:34

Жібек - шелк емес пе?

+0
07 ақпан 2012, 10:44

ия, жібек-шелк

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Ең қызықты блогтар

Эссе жаза аласың ба?
Эссе жаза аласың ба?

ҰБТ-ның жаңа форматына сай эссе жазуды бірге үйренейік!

Автор: Аида Жеңіс
Шетелдік сериалдардың әсері.
Шетелдік сериалдардың әсері.

Шетелдік сериалдардың әсері.

Келін алдында бас ию ме, әлде келін алдындағы міндеттер ме?
Келін алдында бас ию ме, әлде келін алдындағы міндеттер ме?

Әрбір адамның өз міндеттері мен жауапкершілігі бар ғой, сол сияқты менің де ене...

Сұмдық апат «Шапекоэнсе»-де тірі қалғандар.
Сұмдық апат «Шапекоэнсе»-де тірі қалғандар.

Қазалы адамдар саны - 71. Апат туралы.

Автор: Olzhas Samatov
Құрбы керек...
Құрбы керек...

жақында өшіріледі.

Автор: <ҚАЗАҚ> ...

Соңғы аудармалар

EXO - Lucky One [kaz_sub]
EXO - Lucky One [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық әйгілі бойз-бэнд EXO тобы бүгінде дәурені жүріп, дүркіреп тұрған топ болып отыр. Жігіттер тобы тек Оңтүстік Кореяда ғана емес, Азияда танымал. Қазақстанда да EXO тобының жанкүйерлері жетерлік. Басында он екі қатысушыдан құралғанымен, бүгінде топта он өнерпаз өнер көрсетеді. Әр қатысушы жан-жақты, талантты. Біз бұған дейін аталған топтың бірнеше бейнебаянын қазақшаға аударған едік. Назарларыңызға топтың "Lucky One" туындысын қазақша субтитрмен ұсынамыз. Аударған: Жарылқасын Мырза Тайминг,...

IU - The shower [kaz_sub]
IU - The shower [kaz_sub]

Ли Чжи Ын – оңтүстік кореялық 23 жасар әнші қыз. Оның сахналық есімі «I and You» (мен және сен) әуен арқылы бір бүтін бола аламыз дегенді білдіреді....

Күн ұрпақтары/ Сошедшие с солнца / Descendants of the Sun [kaz_sub]
Күн ұрпақтары/ Сошедшие с солнца / Descendants of the Sun [kaz_sub]

Ел: Оңтүстік Корея  Жанр: романтика, медицина, драма, комедия, боевик  Жыл: 2016  Режиссер: Ли Ын Бок Басты рөлдерде: Чжин Гу, Сон Хе Ге, Сон Джун...