Аяқ киімді қайда сақтайсыз?

Аяқ киімді қайда сақтайсыз?

Әр ару өзінің аяқ киімдер топтамасында арнайы гардероб болғанын қалайды. Фильмдегідей тек соған арналған бөлмеде өзінің аяқ киімдерін арнайы сөрелерге қойып, тазалықта, көрінетін жерде ұстағанға не жетсін? Ал қарапайым жағдайларда аяқ киімдерді қалай сақтауға болады?

Қай қорапта қандай аяқ-киім?

Сөреден көп уақыт алмаған туфлиді іздегенде барлық аяқ киімдерді ақтарып, қораптарынан шығарып, іздеуден шаршайсыз ба? Мына кеңесті қолданып көріңіз. Қораптарға туфли не етіктің фотосуретін жабыстырып қойыңыз. Ендігі жолы аяқ киім сөресін шашпай-ақ, көйлегіңізге сай туфлиді тез арада таңдай аласыз.

Гардероб

Әр үйде кішкентай болса да балкон болады. Балконға қажет емес заттарды жинағанша, оны өзіңіздің жеке гардеробыңызға айналдырыңыз. Ілгіш, сөрелер және үлкен айна орнатсаңыз болғаны. Сондай-ақ бұл үйден шығатын есіктің алдында жиналып тұрған аяқ киім мен күртешелерден арылудың жақсы амалы.

Аяқ киім ілгіші

Киім сөресінің шетіне осындай аяқ киім сөресін жасатсаңыз болады. Оған маусымға тән туфли не етіктерді шығарып қойыңыз. Бұндай сөреге аяқ киім реттеліп тұрады. Күнделікті киіміңізге қарай лайықты аяқ киім таңдай аласыз.

Мөлдір қораптар

Аяқ киімдер сақтаудың тағы да бір амалы. Киім сөресінің астына қораптарды тізіп қойыңыз. Қай қорапта қандай туфли жатқаны есіңізден шығып кете бере ме? Ендеше қораптың бір жағын қайшымен кесіп тастап, қаласаңыз мөлдір қабықша жабыстырып қойыңыз.

Ал мына аяқ киім гардеробы әр қыздың арманы шығар. Бұл сөренің басты ойы - туфлилерді өкшесіне қыстырып сақтау. Сіз де бұндай сөренің кішігірім нұсқасын жасай аласыз.

Шәлкелер мен өкшесіз аяқ киімдерді таза сақтаудың жақсы мысалы.

Әр туфлиге ат беріңіз

Қораптың сыртына аяқ киімдерге ат қойып, жазып қойсаңыз болады. Ол міндетті түрде аяқ киімінің брендінің атауы болуы тиіс емес. Өзіңіз сол туфлиді киген жерге байланысты лақап аттар қойып алыңыз. Мысалы "диплом қорғау" не "үйлену тойы" сынды жазудан бірден бұл қандай туфли екенін есіңізге түсіресіз.

Ал сіз аяқ киімдеріңізді қалай сақтайсыз?

Дайындаған: Сания Аринова

Суреттер: Living4media/FOTODOM.RU

С. А