Оқи отырыңыз

...театр деген нәрсе ермек емес, көңіл көтеру де емес, ол – үлгі, ол – тәрбие, өнер орны.

Автор: Ж.Аймауытов

— Редактор бағаны —

Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында
Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Бойжеткен / Шаңырақ / Ми құпиялары: жарық пен көлеңке

Ми құпиялары: жарық пен көлеңке

Ми құпиялары: жарық пен көлеңке

Жарық пен көлеңке. Біздің өмірізде осылардың рөлі қандай? Қоршаған ортаны қабылдауымызға қалай әсер етеді? Бөлме қабырғаларын қозғау мүмкіндігі.
Алдымен кішігірім тәжірибе жасайық. Алдарыңызда екі тіктөртбұрыш. Олардың түсі бірдей ме? Әлде біреуінің түсі екіншісіне қарағанда ашықтау ма?


Енді тіктөртбұрыштар арасындағы шекараны саусағыңызбен жабыңыз. Олардың түсі біп-бірдей болып шыға келді.
Мұның сыры неде? Адам миының жұмысында. Біз белгілі бір затқа көз салғанда, көру анализаторларының жүйке түрткiлерi мидың көру қабықтарына түседi. Бұл жерде әр кескін күнге қатысты сарапталады.
Егер зат қара фонда көрініп тұрса, ол жарықта ашық түсті деген сөз. Ал егер зат ашық фонда қою түсті болып айқындалып тұрса, жарықта ол одан да қара түске ие. Сондықтан біздің миымыз бізді оңай алдай алады.   
Интерьердегі жарық пен көлеңкені ұтымды қолдану
Мидың бұл сырын біле тұра, тар бөлменің қабырғаларын жылжытып, кеңістікті кеңейтуге болады. Мұны бар болғаны жарық пен көлеңкені дұрыс үйлестірудің арқасында жасауға болады.
1. Сұр фонға салынған қара жолақтар сұр түсті ақ етіп көрсетіп, көзге кеңістікті кеңейтеді.
Кішкентай бөлмені жарық ету үшін, тігінен салынған қара жолақтары бар түсқағаз жапсырыңыз. Ол бөлмені жарық, биік және кең етіп көрсетеді.     
2. Кешке бөлмеде бір шырақ жағыңыз. Қабырғаға түскен ғажап сынық сызықтар оның шекарасын мүлдем жояды. Бөлме кеңейіп, жайлы болып көрінеді. 
3. Жасанды перспектива қолданыңыз. Мысалы, фототүсқағаздың көмегімен. Ескерту: түсқағаз ашық және шуақты болу керек. Бұл тіпті Ван Гоганың перспективалы картинасының қайта өңделген түрі болуы да мүмкін. Бастысы, суреттегі көкжиек алыстан қол бұлғап тұру керек.


Мұндай қабырға шағылыстырып тұратын жарық сіздің көзіңізде электр сигналға айналып, миыңыздың артқы бөлігіндегі оптикалық жүйке тамырына жеткізіледі. 
Осы бөліктегі көру қыртыстарында суреттер өткен шақтан есіңізде қалған естеліктермен қиылысады. Бұл уақытта сіз көз алдыңыздағы нысанның не екенін енді анықтауға тырысып жатасыз. Ал миыңыз бұл заттың кеңістікте қалай орналасқанын айқындайды. Осы жерде оған көлеңкелер көмекке келеді.
Әлемді қабылдау үшін ми әрдайым естеліктерді қолданады. Кейде сызықтар мен көлеңкелер оған кілтсөздерді шешіп береді. Ал ми болса, оларға сенеді. Бірақ көлеңке кейде алдауы да мүмкін.
Сонымен, жоғарыда айтылғандарды интерьерді сәндеуде қалай қолданамыз?
Қара мен ақтың үйлесімі
Сұр түстің үстіндегі қара сұрды ағартады. Сондықтан, ас үйіңіз жарық және кең болсын десеңіз, онда қабырғада қара дақ (сызық) болғаны дұрыс.
Сұрдың бетіндегі ақ сұрды қара түс етіп көрсетеді.
Тар бөлмені кеңейту құпиясы
Фототүсқағаз қолдану.
Жіңішке қара жолақтар.

Суреттер zdorovieinfo.ru, klbviktoria.com сайттарынан алынған

6202 3
Рейтинг: +0

Қосылған күні: 31 қаңтар 2012, 14:21
Пікірлер
+0
31 қаңтар 2012, 14:28

Күшті!

+0
31 қаңтар 2012, 14:33

Кейін өз үйімізге қандай интерьер жасаймыз деп ойланып жүруге жазсын. ))

+0
14 ақпан 2012, 09:39

Жарық пен көлеңке туралы ең алғаш зерттеу жасаған араб ойшылдарына көп рахмет. Сол ғасырда-ақ білген ғой.

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Ең қызықты блогтар

"Том Сойермен балалық шаққа..."

Марк Твеннің таңдаулы туындылары

Автор: Nazym Samet
Жетінші аптаның үздік блогы
Жетінші аптаның үздік блогы

Демалыс кезінде блог жазуға да уақыт тапқан оқырмандарымызға алғыс айтамыз

"Мен өзінді теңдесі жоқ құдірет деп түсінем!.."

. Әлемде миллиондаған аналар бар. Олардың әрқайсысы ерекше, әрі қайталанбайтын...

Мен мақтан тұтамын!
Мен мақтан тұтамын!

“Дарын – армандардың орындалатын құт мекені” деймін.

Егер мен жазушы болсам...
Егер мен жазушы болсам...

Егер мен жазушы болсам, "Махаббат, қызық мол жылдар" романының шешімі қандай...

Төрт алынған екі
Төрт алынған екі

Төрт алынған екі деген есепке төрт деп жазғаным себепті, мұғалімнен екі күн сын...

Автор: Естен Ербол

Соңғы аудармалар

Елес ерткен
Елес ерткен

Түпнұсқа атауы - Sen to Chihiro no kamikakushi Орысша атауы - Унесенные призраками Мемлекет: Жапония Жылы: 2001 Түрі: аниме Режиссері: Хаяо Миядзаки Жанры: шытырман оқиға Аударма: Темірлан Бредин, Айза Берікболова Дыбыстаған:...

Секундына 5 сантиметр
Секундына 5 сантиметр

Түпнұсқа атауы - Byôsoku 5 senchimêtoru Орысша атауы - 5 сантиметров в секунду Мемлекет: Жапония Жылы: 2007 Түрі: аниме Режиссері: Макото Синкай Жанры:...

Red Velvet - Rookie [kaz_sub]
Red Velvet - Rookie [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық "Red Velvet" қыздар тобының жаңа жұмысын қабыл алыңыздар. 2014 жылы құрылған топ сәтті жұмыс істеп келеді. Аталған әнге түсірілген бейнебаян да ашық...