Оқи отырыңыз

Өзіңді өз бойыңнан биікпін деп ойламау да – биіктік.

Автор: Ғабит Мүсірепов

— Редактор бағаны —

Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында
Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Бойжеткен / Шаңырақ / Жігіттерге үтіктеуді үйрену бұйырған ба?

Жігіттерге үтіктеуді үйрену бұйырған ба?

Жігіттерге үтіктеуді үйрену бұйырған ба?

Жігіттердің өз өмірінде түрлі қиындықтарға тап болатыны анық. Дегенмен үтіктеу секілді машақаты көп жұмыстар олар үшін азаптың азабы. Әлбетте, мұндай жағдайда Массагетте өріп-өніп жүрген Алтынай, Меруерт, Жанай-Керім, Айжан, Динара секілді қыздарға қолқа салып, мәселені жымын шығармай шешіп жіберуге болар еді.

Дегенмен жігітке бұл білім артықтық етпейді. Сол себепті аталған кәсіптің кейбір сырларын ашып көрмек болып, Массагеттің қыздарын біраз түртпектедік. Сондағы біле алғанымыз мыналар:

- Температуралық режимді сақтау керек. Тым ыстық металл киімді күйдіріп жіберіп, пайдасыз шүберекке айналдыруы әбден ықтимал.

- Үтіктеуге арналған тақтайша қажет. Бұл құрал сөз болып отырған процесті барынша жеңілдете түседі.

- Бір қызығы, кір киімдерді үтіктеуге болмайтын болып шықты. Бұл киімде қосымша дақтардың пайда болуына себеп болады.

- Тым кеуіп кеткен киімдер үтіктеуге келмей қалады. Сондықтан үтіктегі булау функциясын пайдаланып отырған дұрыс. Сонда киімнің қыртыстары барынша жазыла түседі.

- Біз көп мән бере бермейтін тағы бір нәрсе мынау. Киімнің матасына қарай температуралық режимді де сақтап отыру керек. Неге десеңіздер, кейбір мата түрлері тым ыстық температураға шыдамай, күйіп кетуі мүмкін.

- Жемпір секілді тоқылған киімдерді ылғал мата арқылы үтіктеу керек. Яғни, үтік пен киімнің арасына сулы шүберек орналастырған дұрыс болады.

- Синтетика жоғарғы температураға шыдас бере алмайды.

Шамамен осылар. Тағы бір маңызды нәрсені ұмытып барады екенбіз. Ол матаның түрін ажырата білу өнері. Бірақ бұл тіптен бөлек әңгіме. Аталған тақырыпқа кейінгі жазбаларда Массагет қыздарының көмегімен оралуға тырысамыз.

Автор: Еркебұлан Қайрахан

сурет: hduploader.com

589 0
Рейтинг: +0

Қосылған күні: 05 қазан 2012, 14:18
Пікірлер
+0
05 қазан 2012, 15:41

"Үтіктеуге арналған тақтайша қажет" ))) Шай ішу үшін су керек дегендей болды ғой :D

+0
05 қазан 2012, 16:53

Еденге жұқа көрпені төсеп жіберіп те үтіктей салуға болады ғой. Жейдені айтам. Ал шалбарды кешкісін қырларын келтіріп матрацтың астына әдемілеп салып қойсаң, таңертемен тұрсан қатып тұрады^_^ Баяғыда жатақанада жігіттер қыздардың ойына келмейтін талай қызық амалдары бар еді.

+0
05 қазан 2012, 22:47

опа, фсе сойтетін болам)))

+0
05 қазан 2012, 19:17

Аталган кыздардын авт.котерилип калды гой))

+0
07 қазан 2012, 22:02

:lol: :lol: :lol: менікінде үтіктей салыңдаршы))

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Ең қызықты блогтар

Жүректерге тазалық сыйлаған «Театр көктемі»
Жүректерге тазалық сыйлаған «Театр көктемі»

Жылдың елеулі оқиғаларының бірі, Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік...

Студент үшін ақша табудың тиімді жолы.
Студент үшін ақша табудың тиімді жолы.

Өмір - кей кезде адамнан артық тәрбиеші.

Автор: Әсел Малік
Қара Питер кім еді?
Қара Питер кім еді?

Детективтің өмірі - ізденіспен өтетіні белгілі.

Автор: Әсел Малік

Соңғы аудармалар

Елес ерткен
Елес ерткен

Түпнұсқа атауы - Sen to Chihiro no kamikakushi Орысша атауы - Унесенные призраками Мемлекет: Жапония Жылы: 2001 Түрі: аниме Режиссері: Хаяо Миядзаки Жанры: шытырман оқиға Аударма: Темірлан Бредин, Айза Берікболова Дыбыстаған:...

Секундына 5 сантиметр
Секундына 5 сантиметр

Түпнұсқа атауы - Byôsoku 5 senchimêtoru Орысша атауы - 5 сантиметров в секунду Мемлекет: Жапония Жылы: 2007 Түрі: аниме Режиссері: Макото Синкай Жанры:...

Red Velvet - Rookie [kaz_sub]
Red Velvet - Rookie [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық "Red Velvet" қыздар тобының жаңа жұмысын қабыл алыңыздар. 2014 жылы құрылған топ сәтті жұмыс істеп келеді. Аталған әнге түсірілген бейнебаян да ашық...