Бақытты отбасы болудың құпиясы

Бақытты отбасы болудың құпиясы
Фото: anabol.kz

Бақытты отбасы болудың негізгі құпиясын біз білмеуіміз де мүмкін. Біз білгіміз келіп тырысқанмен,отбасының құпиясы өзімізде яғни от анасы әйелге байланысты екенін білуіміз шарт. Әйел адам табиғатынан сезімтал болып келеді басқа отбасыларға қарап қызығып, ішкі қиналыспен неге біз осылай емеспіз? Жұрттың күйеулері жақсы ақша табады, біздің күйеуіміз болса мынау, деп айтпастан бұрын әйел адам өз аналық міндетін қалай орындап жүр... 

Бақытты отбасы болудың құпиясын білгіңіз келсе төмендегі кеңестерге құлақ асыңыз: 

Бірінші қағида - Отбасы үшін маңызды дүиие сенім. Сенім болған жерде отбасының ынтымағы артатын болады. 

Екінші қағида - Өз күйеуіңізді бағалаңыз, сыйлаңыз. Сізді ренжіткен болса сол уақытта айтыңыз, айтпай жүре берсеңіз уақыт өте келе өзіңізге қиын келеді. Жүрегіңізді тыңдай біліңіз. Күйеуіңізбен өткен әр күнді соңғы күнім деп көңілді өткізіңіз. Жан тәніңізбен сүйіңіз. 

Үшінші қағида - Отбасындағы үй шаруасы болсын, ұсақ-түйек дүниелерді сен істемедің, мен істедім деп,ұрысқанша үлгере алмайтын үй шаруаларын бірге атқаруға тырысыңыздар араларыңызда екі есе сүйіспеншілік пайда болады 

Төртінші қағида - Күйеуіңіздің жұмыстан келген сәтте көңіл-күйі болмаса көңіл бөліңіз, кеңес айтыңыз, құшақтаңыз жақсы сөз айтып көңілін көтеріңіз. Бір-бірлеріңізді толықтырып отырыңыз, құрбыларыңызға күйеуіңізді жамандамауға тырысыңыз. Отбасының бақыты шынайы көңіл мен адал сезімде. 

Бесінші қағида - Әр түрлі тақырыптарда әңгіме айтыңыздар, қызығушылықтарыңыз ұқсас болса,бірге уақыт өткізіңіздер. Егер келіспесеңіз отбасын не үшін құрдыңыз? 

Бақытты болыңыздар!

Дереккөзі: anabol.kz

Ж. Жұмағұлов