Бақытты бала тәрбиелеуге 60 қадам

Бақытты бала тәрбиелеуге 60 қадам
Фото: Baq.kz

Баланы толыққанды жетілген тұлға етіп өсіру үшін, оған міндетті түрде айтылуы керек сөздер бар. Психолог Елена Макаренко осы сөздер тізімін алпысқа жеткізіп, бізге ұсынған екен. Баламыз сүйе білуді, сүйікті болуды, өмірдің әр сәтінен шаттық көруді, өзгелердің бақытына да қуана білуді үйренсін десек, осы сөздерді айтайық.

• Айтыңыз:

1. Сені жақсы көремін.

2. Сені ештеңеге қарамастан жақсы көремін.

3. Маған ашулансаң да жақсы көремін.

4. Саған өкпелесем де жақсы көремін.

5. Жанымнан жырақта болсаң да жақсы көремін. Менің махаббатым, жүрегім әрдайым өзіңмен бірге.

6. Сенің орныңа әлемдегі кез келген баланы таңдайтын болсам, бәрібір сені таңдар едім.

7. Менің махаббатым айға дейін жетеді, жұлдыздарды айналады, қайтар жолына дейін төзеді.

8. Рақмет, балам!

9. Сенімен бәрге өткізген әр сәтім қымбат.

10. Өзіңмен бірге өткізген уақыттың барлығын елжірей еске аламын.

 

• Әңгімелеңіз:

11. Ол туған кезде өзіңізді қалай сезінгеніңізді және сол кезде болған қызықты оқиғаларды...

12. Кішкентай кезінде оған қалай қарағаныңызды...

13. Оның есімін қоярда болған қызықтарды...

14. Өзіңіз оның жасында қандай болғаныңызды...

15. Оның атасы мен әжесі қалай кездескенін айтып беріңіз.

16. Сүйікті түсіңізді...

17. Кейде сізге де қиындық туатынын...

18. Оны көтеріп алып, үш рет қысып құшақтағыныңыз «Сені жақсы көремін» деген кілтті сөз екенін айтыңыз.

19. Болашаққа қандай жоспарларыңыз бар екенін...

20. Қазір немен айналысып жүргеніңізден хабардар етіп отырыңыз.

 

• Тыңдаңыз:

21. Көлікте келе жатқанда балаңыздың әңгімесіне құлақ түріңіз.

22. Балаңыз ойыншығы туралы сөз қозғаса, елеусіз қалдырмаңыз. Бұл әңгіменің қаншалықты маңызды екенін ойланыңыз.

23. Бала шыныменде сізден білгісі келген сұрағын жауапсыз қалдырмаңыз.

24. Сөзін тыңдауда төзіміңіз таусылғаннан кейін, тағы бір секунд шыдаңыз.

25. Балаңыз сезімін сөзбен жеткізуге талпынғанда міндетті түрде аяғына дейін тыңдаңыз.

 

• Сұраңыз:

26. Не себепті, қалай ойлайсың, бұл бола ма?

27. Сеніңше, егер мына жағдайда қалай болар еді?

28. Мұны қалай түсіндірсек екен?

29. Не ойлап отырсың?

30. Бүгін есіңде ерекше қалған оқиға болды ма?

31. Қалай ойлайсың, мұның дәмі қандай болуы мүмкін?

 

• Көрсетіңіз:

32. Қолынан іс келмей жатса, өзіңіз тындырып тастамай, сабырмен қалай жасау керегін үйретіңіз.

33. Қалай ысқыруды...

34. Картаны қалай қолдануды, қолдан үйшік не өзге де бұйымдар жасауды...

35. Тамақты қалай кесуді...

36. Киімді қалай реттеп, жинауды...

37. Жауабын білмейтін сұраққа ақпаратты қалай іздеуді...

38. Әйел затын қалай құрметтеу керек екенін...

39. Өзіңе қарап, сырт келбетің мен денсаулығыңа күтім жасау аса маңызды екенін...

 

• Уақыт бөліңіз:

40. Құрылыс алаңдарын бірге аралауға...

41. Құстардың қиқуын тамашалауға...

42. Тамақ әзірлегенде балаңыз сізге көмектесуіне...

43. Онымен бірге баратын жеріңізге жаяу жүріп баруға...

44. Топырақты бірге қазуға...

45. Тапсырманы балаңызбен бірге орындап, онымен бірдей қимылдаңыз.

46. Балаңыз ойнап болғанша, жанында отырып күтіңіз.

 

• Балаңызды қуантыңыз:

47. Ойына келмеген тосынсый жасаңыз.

48. Құймаққа шоколад салып беріңіз.

49. Тамақты смайлик түрінде не өзге де көңілді түрде ұсыныңыз.

50. Онымен қалағанынша ойнаңыз.

 

• Ерік беріңіз:

51. Кінәсін өзі сезінуге...

52. Қандай болатынына...

53. Әділетті болуына...

 

54. Балаңызға мейірлене қараңыз.

55. Оны көрген бойда күлімсіреңіз.

56. Балаңыз құшақтағысы келсе, сіз де құшақ ашыңыз.

57. Балаңызға бір нәрсе айтар алдында, алдымен өзіңізге қаратып, назарын аударып алыңыз.

58. Балаңызға көмектеспес бұрын өзінің ашуымен, кінәсімен күресуге мүмкіндік беріңіз.

59. Күн сайын суға түсіңіз, оған да үлгі болсын.

60. Балаңыз сізге деген махаббаты артатындай әдісті тауып алыңыз.

@. @assel_assanova