Азық-түлікті сақтау ережелері

Азық-түлікті сақтау ережелері
Фото: lesnumeriques.com

«Азық түлікті тоңазытқышта не үшін сақтайды?» Бұл сұраққа кез-келген мектеп оқушысы да жауап береді. Салқын ауа тағамның дәмін жоғалтпай, о бастағы қалпын сақтап тұрады. Алайда, кейде тоңазытқышта тұрып та тағамның бұзылып кететінін көреміз. Тамақ, ақша, обал… Бұл сізге керек пе? Ендеше, тамақты тоңазытқышта да дұрыс сақтай білген жөн.

Ол үшін тағамдарды бір-бірінен бөлек сақтаңыз. Кейбір тағамдарды «бірге» мүлдем сақтауға келмейді, себебі, олар бір-бірінің исін сіңіріп алып, тез бұзылып кетеді. Мәселен, шикі ет пен балықтың қасына піскен тамақты қоюға болмайды, өйткені, тамаққа микроб түседі, ал ол денсаулыққа зиян. Сонымен бірге, жемістер мен көкөністерді бір-бірінен ажыратып қойыңыз, әйтпесе, олар да тез бұзылуы мүмкін. 

Бірге сақтауға келмейтін тағамдар 

Шикі және сүрленген тағамдар 

Піскен және шикі тағамдар 

Балық және салаттар Шұжық( колбаса) және жеміс-жидектер 

Шикі ет пен сүт 

Әр азықты тоңазтқышқа салар аллында контейнерге салып немесе фольга не газетпен орап қойыңыз. Ал піскен тамақты ас қабымен жауып қойыңыз. 

Тамақтарды сөрелерге бөліп саламыз

Тез бұзылатынын салқын жағына, тұруға келетінін жылы жағына қою керек. Екі камералы тоңазтқыш болса, асты салқын, үсті жылы болады, ал ескі модельдерінде не болмаса бір камералы тоңазтқыштарда ең жылы температура мұздатқыштың астында орналасқан. Негізі, кез-келген тоңазтқыштың ең жылы жері есіктері. 

Тазалық

Тоңазтықыш та,мұздатқыш та тазалықты қажет етеді. Мерзімі өтіп кеткен, ашып кеткен тағамдарды алып тастаңыз. Тым болмаса аптасына бір рет тазалап, айына екі рет жуып тұру керек. 

Тоңазтқышты қажет етпейтін тағамдар бар. Көп адамдар оны біле бермейді және барлығын тоңазытқышқа салып тастайды. 

Жабылған консервілер; 

Сұйық май; 

Бал; 

Нан өнімдері; 

Пияз және сарымсақ; 

Консервациялар; 

Жабылған шырындар. 

Әр тағамның орнын біліңіз! Бастысы, көрсетілген нұсқаулықтарды ұмытпағайсыз! 
Есіңізде болсын, тағамды дұрыс сақтау -денсаулығыңыздың кепілі. 

Дереккөз: anabol.kz

Ж. Жұмағұлов