Орамал – сан ғасырлық сән

Орамал – сан ғасырлық сән
Фото: Veta.kz

Орамал – қазақ танымындағы киелі ұғым. Ақ жаулықты әжелереміз, ақ орамал таққан жеңгелеріміз әрдайым қазақтың бетке ұстар айнасы болған. Ұлттың арын да, өзін де сақтап қалатын ең бірінші қыздары. Қызы текті, тәлімді, тәрбиелі болса, ол елді ешқашан жау алмақ емес. Бірақ осы тектілік, қыздың арын, оның ұлттық белгісін көрсететін қыздың өзі ме? Жоқ. Оның қылығы мен әрекеті және басына таққан ақ орамалы. 

Қазақта шашты тек жесір қалған келіншектер жайған. Осыдан бұрым, шашты өру, түйіп жүру, орамал тағу деген ұғым пайда болған. Сіздерге орамалдың бірнеше пайдасын ұсынғымыз келеді. 

Орамал – арыңыз
Ең бірінші, басыңызға тартқан орамалыңыз сіздің арыңыз. 

Орамал – сымбатыңыз 
Жинақылық - басты ұстаным. Шашыңызды жасырып, келбетіңізді шырайландыра түсетін ақ орамал ешқандай да әбестік емес, керісінше, сымбатыңыз. Бір күн басыңызға орамал тартып көше бойымен жүріп көріңіз, сізге сері жігіттер қызыға да тамсана қарайды. Ғасыр ауысады, мода өтеді бірақ сұлулық сақталады. Сымбаттылықтың белгісі де осы орамал. 

Орамал – сыйластығыңыз
Сыйдың да түрі бар. Бірақ үнсіз сыйластық көрсетудің ең жақсысы таққан ақ орамалыңыз. Орамал тартқан аруға қарап сүйсінбейтін жұрт болмайды. Тіпті сіздің шашыңызды жасырып, маңдайыңызды жарқыратып жүруіңіз айналаңызға көрсеткен риясыз сыйыңыз. Ұмытпаңыз, орамал – сыйластықтың да белгісі. 

Орамал – деннің саулығы 
Бәлкім күлерсіз, бірақ басыңызға тартқан орамалыңыз сіздің денсаулыңызға да әсер етеді. Ең бірінші басыңызды сырттан келетін түрлі аурудан сақтайды. Қарапайым мысал келтірейік, тегінде қазақ жайлауда күн кешкен. Ешқандай техникалық құрылғысы жоқ киіз үйдің ішінде өмір сүрген қазақтың әрбір қызы орамал тартқан. Себептің бірі, далаға түскен найзағай адамға да түсу қауіпі болған. Ал найзағайды өзіне тартатын бірден-бір нәрсе – шаш. Яғни, басыңызға тартқан орамал сізді жайдың түсуінен сақтайды. Сақтансаң, сақтайды. 

Орамал – ақ босағаңыз
Ақ босаға аттаған күні, ақ орамал басыңызға түссе, сіз келін атандыңыз. Ал келіннің киесін сақтап тұратын тағы осы орамал. Ата-енеңіздің алдында мәртебеңіз артады. 

Орамал – жарыңыздың жанарындағы сұлулық 
Отбасылық өмірде, әсіресе отауын енді құрған жас жұбайлардың ұрыс-керісін болдырмайтын да ақ орамал. Себебі, жарыңыз бойыңыздан мін іздеуге дайын тұратын болса басыңызға тартқан ақ орамалыңызға сыйластық танытады. Өйткені ол оның киесін біледі. Жарыңыздың жанарындағы жалғыз сұлулық иесі болу үшін орамал тағып жүріңіз. 

Орамал – мың ғасырлық мода 
Кез келген киімге үйлестіріп таққан орамал сіздің ажарыңызды ашады. Арланбаңыз, орамал таға білу де мода. Тіпті өзгеден өзгеше боласыз. 

Орамал тағу деген оранып алу дейтін сөз емес, сүйкімділік! Тектілік! Имандылық! 

М. Ақан