Оқи отырыңыз

Тілекке еңбек тірек болмаса, ойға омалып қырдан аса алмайсың.

Автор: Бауыржан Момышұлы

— Редактор бағаны —

Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында
Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Бойжеткен / Шаңырақ / Тұрмысқа пайдалы кеңестер

Тұрмысқа пайдалы кеңестер

Тұрмысқа пайдалы кеңестер

Қарапайым заттарға басқа жағынан қарап, олардың басқа қырларын тапса болады. Кейде осындай кеңестер кәдімгі үй шаруаларында пайдалы бола алады.

Тырнаққа арналған лактың аты айтпақшы, ол тырнақ бояуға арналған. Алайда арулардың сұлулық құралын басқа мақсатпен қолдануға болады екен. Лакпен кейбір заттарға белгі жасаса болады. Мысалға, әуежайда жол сандығыңызды шатастырып алуға қорықсаңыз, оның шетіне қанық түсті лакпен бірнеше белгі салыңыз. Лак көмегімен жай стақаннан ас үйде сондай қажет өлшеуіш стақанын жасауға болады. Түссіз лактың пайдасын ерекше атап көрсетсе болады. Түйменің түсі кір жуғанда кетпес үшін, оны түссіз лакпен бояп қойыңыз. Әшекейіңіздің кішкентай тасы түсіп қалды ма? Оны қайта желімдегенше түссіз лакқа отырғызыңыз. Шұлықтағы сызықтың тарқатылуын түссіз лакпен тоқтатуға болады екен.

Қаңылтыр қағаз әр ас үйде табылатын болар. Аспаздықта қолданып үйренген қаңылтырды үй шаруасында да пайдаланса болады. Қасық-шанышқыларыңыз күмістен жасалынған болса, олар жататын қораптың түбіне қаңылтыр қағазын төсеп қойыңыз. Бұл күмістің қараюына жол бермейді. Егер күміс қасықтарды сирек қолдансаңыз, әр қасықты бөлек қаңылтырға орап қойған абзал. Қайшының жүзі өтпей қалса, онымен қаңылтыр қағазын кесіп жіберсеңіз жеткілікті. Ал айнаның бетінде қара дақтар пайда болса, артындағы күміс шаңдатуы тозып бара жатқан болар. Сол жерлерге қаңылтыр қағазын жабыстырып қойсаңыз, айнаңыз жаңарып қалады.

Тұздың пайдасы мен үй шаруасында қолданылуы мүмкіндіктерінің кеңдігі жайлы бұрын-соңды көп айтқан едік. Әйтсе де, табиғи тұздың берер пайдасы бітер емес. Тұз кір жуғанда ақ заттардан терлегеннен қалған сары дақтарды жақсы кетіреді екен. Бір литр суда 4 ас қасық тұзды ерітіп, губка көмегімен дақты кетіріңіз. Ал стақан шетінде далаптан қалған іздерді тұздан жақсы кетіретін құрал жоқ. 

Ас содасы да әр үйде болғаны абзал. Соданы аспаздықта қолданып, бәліш пісірген бір бөлек. Маса не ара шаққан жерге сода сеуіп қойсаңыз, кейін жара қышымай, тез жазылады. Ал содамен жуылған шыны ыдыстарда дақ қалмай, жылтырап тұрады.

Кофе қазірде әр ас үйде табылады. Ал одан кофе скрабын жасауға болатынын білесіз бе? Өзіңізге ыстық кофе жасап, қалған қоюын кәдімгі душқа арналған гельге қосыңыз. Кофе қоюын жинағыңыз келмесе, кәдімгі ұсатылған кофені қолданыңыз. Бұл скраб теріні түзулетіп, целлюлиттен де құтқара алады.

Киімде дезодаранттан қалған дақтарды 100 мл суға ерітілген аспирин дәрісінің 2 данасы кетіре алады. 

Осындай ұсақ-түйектерді біліп жүрсеңіздер, өміріңіз әлдеқайда жеңілдей түспек. Ал сіз қандай кеңес берер едіңіз?

Дайындаған: Сания Аринова

Сурет: blogs.babble.com

11123 2
Рейтинг: +4

Дайындаған: Сания А
Қосылған күні: 04 қыркүйек 2012, 14:27
Пікірлер
+0
04 қыркүйек 2012, 15:45

Ақ блузкамдағы духи ізін кетіру елмай жүр едім

+0
06 қыркүйек 2012, 10:30

жақсы кеңестер

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Ең қызықты блогтар

Эссе жаза аласың ба?
Эссе жаза аласың ба?

ҰБТ-ның жаңа форматына сай эссе жазуды бірге үйренейік!

Автор: Аида Жеңіс
Шетелдік сериалдардың әсері.
Шетелдік сериалдардың әсері.

Шетелдік сериалдардың әсері.

Келін алдында бас ию ме, әлде келін алдындағы міндеттер ме?
Келін алдында бас ию ме, әлде келін алдындағы міндеттер ме?

Әрбір адамның өз міндеттері мен жауапкершілігі бар ғой, сол сияқты менің де ене...

Сұмдық апат «Шапекоэнсе»-де тірі қалғандар.
Сұмдық апат «Шапекоэнсе»-де тірі қалғандар.

Қазалы адамдар саны - 71. Апат туралы.

Автор: Olzhas Samatov
Құрбы керек...
Құрбы керек...

жақында өшіріледі.

Автор: <ҚАЗАҚ> ...

Соңғы аудармалар

EXO - Lucky One [kaz_sub]
EXO - Lucky One [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық әйгілі бойз-бэнд EXO тобы бүгінде дәурені жүріп, дүркіреп тұрған топ болып отыр. Жігіттер тобы тек Оңтүстік Кореяда ғана емес, Азияда танымал. Қазақстанда да EXO тобының жанкүйерлері жетерлік. Басында он екі қатысушыдан құралғанымен, бүгінде топта он өнерпаз өнер көрсетеді. Әр қатысушы жан-жақты, талантты. Біз бұған дейін аталған топтың бірнеше бейнебаянын қазақшаға аударған едік. Назарларыңызға топтың "Lucky One" туындысын қазақша субтитрмен ұсынамыз. Аударған: Жарылқасын Мырза Тайминг,...

IU - The shower [kaz_sub]
IU - The shower [kaz_sub]

Ли Чжи Ын – оңтүстік кореялық 23 жасар әнші қыз. Оның сахналық есімі «I and You» (мен және сен) әуен арқылы бір бүтін бола аламыз дегенді білдіреді....

Күн ұрпақтары/ Сошедшие с солнца / Descendants of the Sun [kaz_sub]
Күн ұрпақтары/ Сошедшие с солнца / Descendants of the Sun [kaz_sub]

Ел: Оңтүстік Корея  Жанр: романтика, медицина, драма, комедия, боевик  Жыл: 2016  Режиссер: Ли Ын Бок Басты рөлдерде: Чжин Гу, Сон Хе Ге, Сон Джун...