Жатын бөлмеге қойылатын үй гүлдері #2

Жатын бөлмеге қойылатын үй гүлдері #2
Фото: news-medik.ru

Жатын бөлмеге қойылатын бөлме өсімдігіне аса мән берген жөн. Себебі, біз жатын бөлмеде демаламыз және қуатымызды қалпына келтіреміз. Дұрыс таңдалған гүл жүйке жүйесін тыныштандырады, көңіл күйді жақсартады және түні бойы қатты ұйықтауға көмектеседі. Жатын бөлмеге қоюға болатын бөлме өсімдіктерін ұсынамыз.

Басы

Ақгүл (Жасмин)

Ақгүл тыныш ұйықтауға жақсы көмектеседі. Бұл өсімдік мазасыздануды азайтады және ұйқыдан тұрғаннан кейінгі көңіл күйді жақсартады. Ақгүлдің иісі ұйқысыздық, белсіздік, суық тию, күйзеліс және созылмалы шаршауға көмектеседі. Ақгүл жүйке жүйені тыныштандырады, ауаны иондармен қанықтырады және адамның жалпы хал-жайын жақсартады. 

Драцена

Драцена жатын бөлмеге жақсы үйлеседі. Ол адамға тонус береді, адамның өмірлік күшін арттырады және бөлмеде жайлылық жасайды. Бұл өсімдік жағымды энергия бөліп, микроклиматты жақсартады. Драцена күйзеліспен жақсы күреседі. Көп жағдайда драценаны адамның өмірлік тонусын көтеру үшін қолданады.

Лаванда

Лаванда да ұйқысыздықпен және ұзаққа созылған шаршаумен күресетін бөлме гүлдерінің бірі. Бұл тыныштандыратын эффектісі бар кең тараған табиғи құрал. Лаванда мазасыз сәбилерге жағымды әсер етеді, ал оның иісі тыныштандырады және босаңсытады. Лаванданың иісі адамның жүйке жүйесіне жақсы әсерін беретіндігі дәлелденген. Сондықтан лаванда майын массаж жасауда жиі қолданады. 

Гардения

Егер гарденияны төсектің жанындағы үстелге қойсаңыз, оның иісі босаңсуға, демалуға және жылдам ұйықтап кетуге көмектеседі. Ғалымдардың айтуынша, гарденияның миға, денеге әсері дәрігерлер жазып беретін дәрілік аппарат "валиумның" әсерімен бірдей екен. Бұл өсімдік үйге жылулық және жайлылық күй сыйлайды. Сонымен қатар, гардения ауру адамдарға күш береді, көбінесе ауыр ота жасатқан адамдарға жылдам қалпына келуіне көмектеседі. 

Хлорофитум 

Хлорофитум — ең керемет ауа тазартушы. Мұндай өсімдіктің бірнешеуі үйді толықтай зиянды микроағзалардан тазартып, ауаны балғын әрі ылғал ете алады. Хлорофитумның тазартушы қасиетін күшейту үшін гүл отырғызылған ыдысқа белсендірілген көмірдің бірнеше таблеткасын салып қойыңыз. 

А. Жапатова