Қонақ келсе, құт келер...

Қонақ келсе, құт келер...

1 қыркүйектің мерекелік шарасынан оралып, мәре-сәре боп жатқан боларсыздар. Егер осы айтулы күннің құрметіне кешке достарыңызды шақырып, қонақ қабылдайтын болсаңыз, мына кеңестер сіз үшін:

Қонаққа шақырдың да өз жүгі бар. Қонақтарыңыздың арасында бір-біріне қырын қарайтын адамдар болуы мүмкін. Сондықтан ол адамға өзінің "дұшпаны" туралы да ескертіп қойғанның айыбы жоқ.

Шақырылған қонақтарыңыздың ортақ қызығушылықтары болғаны дұрыс. "Қонақ қойдан жуас" дейді. Кеш ұйымдастырушысы әңгіме ортасында болып, қарым-қатынас шеңберінің атмосферасын сақтап отыруы керек. Әсіресе, белгілі бір тақырып белсенді түрде талқыланып жатқанда, шаңырақ басшысы ретінде үнсіз қалмағаныңыз жөн. Қазақ "Жаман үйді қонағы билейді" дейді. 

Этикет бойынша, үй қожайыны қонақтардың бәрін үстелге жайғастырып барып отырады. Қожайын танымайтын қонақтарды бір-біріне таныстыруы керек. Кейде үстел үстінде бәрі тып-тыныш болып қалған кезде қожайын әңгіме бастап жіберіп, ыңғайсыздықтың бәрін лезде жойып жіберуге тырысқаны жөн. 

Тек бір адамға ғана емес, шақырылған қонақтардың бәріне бірдей көңіл бөліну керек. 

Кеште киетін киіміңіздің де өз ережесі бар. Үй қожайыны ретінде барынша жарқырап киінбегеніңіз дұрыс. Әлбетте үй киімімен жүрмейсіз ғой. Дегенмен, шұбатылған көйлек киіп алып, қонақ күтіп жүрсеңіз бұл да орынсыз емес пе?

Кештерде көбіне жеңгелеріміз жүгіріп жүріп, қызмет етеді. Кештің соңы әдетте би кешіне ұласып жатады. Сондай кезде жеңгелеріміз үстел үстін тез-тез жиып тастап, сусын, алма секілді салқын тамақтарды үстелге қалдырып қойғаны дұрыс. Ал жеңгелері болмаған кезде қыздар болып үстелді тезірек жинап тастаулары керек. Қыздар бәрі жиыстырып жатқан кезде қарап тұрмағаныңыз дұрыс. Қолғабыс етіп, үстел үстін бір шетке ыңғайластырып қойыңыз. 

Ал қонақтардың үй иесіне деген құрметінің белгісі ретінде қонаққа құр қол келмегендері дұрыс.

Көңіл-күйлеріңіз көтеріңкі болсын!

Дайындаған: Мейіргүл Оңғарова

Сурет: sendflowers.by, liveinternet.ru

М. Оңғарова