Бала тәрбиесі: Баланы бекзат жігітке айналдыру

Бала тәрбиесі: Баланы бекзат жігітке айналдыру
Фото: amur.kz

Никколь Паулан алты жасар ұлын қалай бекзат (джентельмен) жігіт етіп тәрбиелейтінін жазды. Әлеуметтік желісіне жариялаған бұл жазбасы үш милионнан астам жұрттың талқысына түсіп, ықыласына бөленді.

«Алты жасар ұлым мені айына бір рет кездесуге, кешкі асқа шақырады. Есікті өзі ашып, мен отыратын үстелді орнынан қозғап, ыңғайлап береді. Өзінің бір күні қалай өткенін баяндап, менен де сұрайды.

Біз ішкен астың ақшасын балам төлейді, тіпті даяшыға шайлық қалдыруды да ұмыт қалдырмайды. Бұл оған қызбен кездесудің алғыршарттарын үйренуге көмектеседі. Қызға қалай құрмет көрсетуді әр сәт сайын айтып отырамын, мейлі қазір бұл орында анасы болса да, кез келген сәтте анасының орнын басар қызды қалай сыйлауды білетін болады.

Үйде кешкі ас кезінде телефон мен планшеттің барлығын ысырып қойып, күні бойы бастан өткізген қызықты оқиғаларымызды бөлісеміз. Мен оған дастарқан басында телефонға үңілмей, анасымен не өзге біреумен отырғанда өзін қалай ұстау керегін үйретемін.

Менің ұлым ақшаның қадірін түсініп, оны қалай жұмсауды меңгереді. Біз тапсырыстың толық құнын есептеп шығаруда және одан шайлыққа қалдыратын 15 пайызын шегеруде ұлым математиканы қайталайды.

Ол әлі кішкентай, бірақ мұндай істерді қазірден игере беруі керек екеніне сенімдімін. Балаға адамдарға құрмет көрсетуді, соның ішінде әйел затын аса қадірлеуді үйретудің ерте-кеші жоқ. Болашақ жарын ешқашан табаламай, балалары да соншалықты құрмет көрсететіндей үлгі болуы тиіс.

Бүгін әйел затымен қалай араласу керек екенін, оны кездесуге қалай шақыру керек екенін де білмейтін ер адам көп. Менің ұлым олардың қатарын толтырмайтынына қуанамын».

@. @assel_assanova