Маңдайын жарақаттаған балақайды анасы қалай жұбатты?

Маңдайын жарақаттаған балақайды анасы қалай жұбатты?
Фото: boredpanda.com

Басты суретке Гарри Поттердің не үшін таңдалғанын білесіз бе? Жауабын жазбамыздан біле аласыздар.

Ана деген періште ғой. Бөбегі үшін шырылдап жүретін періштелер баласы жыламау үшін бәрін жасайды. Ақ жүректері "балам" деп елжіреп тұратын ана бөбегі жылай қалса, амалын тауып, жұбата алады. Ал мына ана маңдайын жарақаттаған баласын қалай жұбатты екен?

Калифорниялық 4 жасар Айдэн ойнап жүріп абайсызда маңдайын жарақаттап алыпты. Маңдайындағы қанды көрген балақай жылап жіберіпті. Оны алдау үшін анасы маңдайындағы сызатты қызыл қаламмен Гарри Поттердің тыртығына ұқсатып сызып беріпті. Гарри Поттер Айдэннің сүйікті кейіпкері екен. Мұны көрген Айдэн шекесіндегі жарақатты ұмытып кетіп, қуаныпты.

Г. Берік