Оқи отырыңыз

Болмысты да, болмасты да,
Болады деп арманда!

Автор: Мұқағали Мақатаев

— Редактор бағаны —

Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында
Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Бойжеткен / Шаңырақ / Сулықтар сыры

Сулықтар сыры

Сулықтар сыры

Қолды жуу, макияждарды кетіру, жемістерді сүрту, жарақатты тазалау, әйнектер мен айналарды жылтыратып қою, үйді шаңнан тазарту... Аталғандарды бір-бірімен  байланыстыратын не болуы мүмкін? Әрине, барлығын да сулықтардың көмегімен жасауға болады. Сулықтардың адамзат тұрмысында пайда болғандығына көп уақыттың жүзі болмаса да, бүгінде кең таралып, көпшіліктің қажетіне жарап жатыр. Тек қана аруларымызды емес, ержүрек бекзадаларымыздың өзін сулықтарсыз елестету қиын.

Испания ханшайымы Изабела Кастильская өмірінде екі-ақ рет: алғашқысы – туылғанда, екіншісі  - үйлену тойы күні шомылғандығын мойындаған. Егер де сулықтар сонау ХV ғасырларда пайда болса, ханшайымның бұл әрекетіне таң қалмаған болар едік. 

Қашан пайда болды?

Ең алғашқы косметикалық сулықтар өткен ғасырдың 70 жылдарында пайда болды және олар алғашында сәбилердің күтіміне пайдаланылатын. Келесі он жылдықта сулықтарды өндірушілер оның құрамына бактериялардың өсуіне кедергі болатын ертінділер қосатын болды да, атқаратын қызметі арта түсті.

Сулық өндірушілер біздің нәзік жандыларымызды да назарынан тыс қалдырмады. Нәтижесінде макияжды кетіретін сулықтар ойлап табылды. Бүгінде, жеке бас гигиенасына, компьютер техникасына, автокөлік жүргізушілеріне, тіпті үй жануарларына арналған сулықтар бар.

Сулықтар неден жасалады?

Бастапқыда сулықтар целлюлозадан жасалған болатын. Құрылымына қарай олар қарапайым қағаз майлықтарға ұқсас болып келетін – дәл сондай беріктігімен және тез құрғағыштығымен ерекшеленетін. Уақыт өте келе өндірушілер синтетикалық материалдарды пайдалануға көшті де, майлықтардың сіңірімділігі арта түсті. Қазір өндірушілер сулықтарды дайындауда спанбонд және спанлейс сынды материалдарды қолданады.

Спанлейс – сапалы, сипағанға ыңғайлы, талаптарға сай әрі қымбат болып келеді. Макияжды кетіретін және сәбилер сулықтарын жасау мақсатында қолданылатын спанлейстің құрамында табиғи және жасанды талшықтар бар.

Спанбонд – өте жұқа және арзан материал. Ол көбіне қолға арналған сулықтарды дайындау үшін жұмсалады.

Бірқатар өндірушілер теріге нәр беріп, жұмсартатын және жарақаттар мен сызаттардың жазылуына септігін тигізетін арнайы дәрумендер қосып жатады. Мұндайда ең көп таралғандары: Е,Ғ,А дәрумендері болып табылады. Ең сапалы және ең пайдалы дәруменді сулықтарды пайдалану барлық жағдайда қолжетімді бола бермейді.

Спирттер жайында

Егер сулықтардың қабында «құрамында спирт жоқ» деген жазу бола тұрып, спирттің басқа түрлері көрсетілген болса, саспаңыз! Мұнда теріні құрғатып жіберетін этиль спирті жоқ дегенді білдіріп тұр. Ал, бензол спирті – теріге еш зияны жоқ және көптеген хош иістердің қоспасы бар ерітінді болып табылады.

Ең маңыздысы...

Жұмсақ полиэтиленді қаптамадағы сулықтардың қақпақшаларында «желімді» деген белгі болуы керек. Бұл оның бірнеше рет қолдануға болатындығына кепіл бола алады. Пластамасса қақпақшалары бар сулықтарды қолдансаңыз, тіптен қатып кетеді.

Сондай-ақ, қолды сүртуге арналған сулықтармен бетіңізді немесе автокөлікке арналған сулықтармен қолыңызды сүртіп жүрмеңіз. Сулықтарды сатып аларда оның қандай мақсатқа арналғандығына назар аударғаныңыз абзал.

Сулықтың орамасында өндірушілердің мекен жайы, сертификатталғандығы жайлы мәліметтері көрсетілуі қажет. Ең бастысы, сулықтың жарамдылық мерзімін қарап алыңыз!

 

Суреттер: fashnkids.ru,kontrakt.ru,tdkuznetsov.ru

Дайындаған: Айгерім Сматуллаева

6883 2
Рейтинг: +0

Дайындаған: Кәусар Мұң
Қосылған күні: 16 тамыз 2012, 16:30
Пікірлер
+0
16 тамыз 2012, 16:18

влажная салфеткалардың құрамында дәрумендер бар деп кім ойлаған :D

+0
16 тамыз 2012, 17:39

жазда нағыз керек заттар

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

Red Velvet - Rookie [kaz_sub]
Red Velvet - Rookie [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық "Red Velvet" қыздар тобының жаңа жұмысын қабыл алыңыздар. 2014 жылы құрылған топ сәтті жұмыс істеп келеді. Аталған әнге түсірілген бейнебаян да ашық түске толы, көңілді. Бұл – топтың негізгі ұстанымы. 

EXO – For Life [kaz_sub]
EXO – For Life [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық-қытайлық бойз-бэнд EXO "For Lifе" бейнебаянымен қайта оралды. К-поперлер жақсы білетіндей, 2016 жылдың 5 қазанында S.M. Entertainment EXO-ның ізбасары EXO-CBX тобын...

JESSICA – Wonderland [kaz_sub]
JESSICA – Wonderland [kaz_sub]

Джессика Чон – корей-американ тегінен шыққан әнші, биші, актриса, модель. АҚШ-тың Калифорния штатында туған. Ағылшын, корей тілдерін жетік меңгерген. Girls’...