Бала тәрбиесі: Нәрестенің қолынан бәрі келеді

Бала тәрбиесі: Нәрестенің қолынан бәрі келеді
Фото: elenasycheva.kz

Біз өзімізді ересектер қатарынан көрген соң, балаға мынау кітап тым қиын не мынау классикалық әуенді бала тыңдай алмайды деп кесіп-пішіп, өзімізше шешім шығарамыз. Қандай қағидаға сүйеніп мұндай шешімге келеміз?

Жаңа туған нәрестелер мен есін енді біліп келе жатқан сәбилер үшін "оңай", "қиын" деген түсінік жоқ. Олар үшін ағылшын тілі мен қазақ тілі, классикалық әуен мен балаларға арналған әннің айырмашылығы шамалы. Жаңа нәрсенің бәрін бірдей қабылдай біледі. Не білгенін қаласаңыз, құрсақтағы кезінен сол нәрсеге үйір етіп дағдыландырыңыз.

Тілі енді шығып келе жатқан 1-2 жасар бала барлық көлік маркасын бес саусағындай біліп тұрса, таңғаларлық жағдай емес. Өйткені балалар бейнелі, суретті нәрселерді есінде жақсы сақтайды. Оның үстіне балғын миы ақпаратты тез қабылдап, жадында тез сақтайды. 

Үш жасқа жетпеген бүлдіршін ақпаратты түсініп, мәніне жете алмайды. Бала тек өзіне қызықты нәрселерді ғана қабылдап, жадында жаттайды. Сол себепті есін білмейтін балаға бесік жырын айтудың пайдасы мол, тіпті ертегі айтып, әңгіме оқып берсе де артық емес.

@. @assel_assanova