Ваннаны ағартуға арналған қоспа

Ваннаны ағартуға арналған қоспа
Фото: rudaki.ru

Ваннаның ішін күнделікті тазалап отырсақ та, сарғайып, кей жерін тот басып қалады. Алайда оны ағартудың түрлі тәсілі бар. Кезекті материалымызда солардың бірін ұсынамыз.

Оны тазалау үшін қолда бар әрі арзан заттарды пайдаланайық. Ол – дәріханада сатылатын мүсәтір спирті мен сутек тотығы.

Қоспаны әзірлеу:

1. Әйнек банканы алып, ішін жақсылап жуамыз.

2. Ішін қағаз сүлгінің көмегімен жақсылап кептіреміз.

3. Қолымызға резіңке қолғап киіп, банкаға 100 г мүсәтір спиртін құямыз.

4. Мүсәтір спиртінің үстіне 50 г сутек тотығын құямыз.

5. Екеуін банканы шайқау арқылы араластырамыз. Осымен қоспамыз дайын.

Таза шүберекті дайын болған қоспамызға салып, онымен ваннаның сарғайған жерлерін сүртеміз. 10-15 минутқа қалдырып, артынша таза сумен жуамыз. 

Егер ваннаны тазалауда осы тәсілді пайдаланып көрген болсаңыз, нәтижесімен бөлісе отырыңыз. 

Қ. Бүйенбай