Шопинг ережелері

Шопинг ережелері

Шопинг - жанға жағымды істердің бірі. Алайда шопинг барысында қателік жібермеген жандар аз емес болар. Соның салдарынан сөрелеріңіз сізге жақпайтын косметикалық заттар, түрлі түстерге боялған киім үлгілеріне толы. Бұған себепкер қазіргі айлакер сатушылар. Олардың қолында қуыршақ болмаймын десеңіз, мына кеңестермен таныс болыңыздар.

Жағымпаздықтан абай болыңыз

Есіңізде болсын бұл сатушының жұмысы. Сіз қандай киім кисеңіз де, ол бұл киімнің сізге өте жарасатындығы, оның қазір сәнде екені, сіздің өңіңізді ашатыны жайлы айтып шаршамайды. Тіпті өз дене бітіміне дұрыс баға бере алатын, өзіне қандай киімнің жарасып-жараспайтынын білетін қыздар бұндай жағымпаздануға төтеп бере алмайды. Егер күмәндансаңыз - алмаған дұрыс. Керек болса, келесі күні дүкенге қайта келуге болады. Ал сатушылардың "бұл соңғысы едісі" көп жағдайда өтірік болады.

Қосымша алмаңыз

Сусабынға қоса шашқа арналған бальзам, кремге сол топтамадан лосьон ала кетесіз бе? Киім дүкендерінде де белдемшемен керемет жарасатын белдік алу дәстүрге айналды ма? Ал оның қажеттілігі бар ма? Тек бір белдемшемен жарасатын белдік алуға тұрарлық болмауы мүмкін. "Мен дүкенге тек осы крем (сусабын, белдемше) іздеп келдім. Мен тек өз косметолог (стилист, анаммен) кеңесіп қана киім ала аламын" десеңіз, сатушы табанын жалтыратар.

Баға сапа көрсеткіші емес

Кейбіреулер ең қымбатты тауар ең сапалы деп ойлайды. Алайда қымбатты брендті киім не техника жарты бағаны тек өзінің аты үшін алады. Орта бағалы бренд тауарларының арасынан да қымбаттынан еш кем еместерін тапса болады.

Дайындаған: Сания Аринова

Суреттер: nsemenova.ru, shop.zigmundshtain.ru

С. А