Кілемді қалай тазалаймыз?

Кілемді қалай тазалаймыз?
Фото: greenrussia.ru

Әдетте жазда үйде жөндеу жұмыстарын жүргізіп, керегелерді әктейміз, перделерді ауыстырып, кілем жуамыз. Мұның барлығы да үлкен еңбекті талап етеді. Ең бастысы, ақша керек. Осыған орай, ақшаңызды үнемдеңіз деген ниетпен кілем тазалауға арналған құралды үйде жасау тәсілін ұсынуды жөн көрдік. Осы құралдың арқасында оның мұнтаздай таза болатыны сөзсіз.

Бізге көлемі орташа ыдыс қажет. Оның ішіне ыстық су құйып:

- 1 ас қасық сода;

- 1/3 стақан сірке қышқылын;

- 1 ас қасық кір жууға арналған ұнтақ саламыз.

Дайын болған қоспамызды кілемдегі дақтардың үстіне жағамыз. Артынша таза сумен шайып отырамыз.

Қ. Бүйенбай