Оқи отырыңыз

— Редактор бағаны —

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Бойжеткен / Шаңырақ / Микротолқынды пеште қандай ыдысты қолдануға болады?

Микротолқынды пеште қандай ыдысты қолдануға болады?

Микротолқынды пеште қандай ыдысты қолдануға болады?

Қазірде микротолқынды пеш есімді техниканың ғажабы әр үйдің ас бөлмесінен табылады. Пештің жұмыс істеу принципіне байланысты, оған кез келген ыдыс түрін қолдана беруге болмайды. Осы ережелерді білмеу ыдыстың құртылуына, тағамның бүлінуіне не адам ағзазына зиян тигізуі мүмкін.

Фарфор

Фарфордан жасалынған кез келген ыдыс микротолқынды пеште қолдануға жарамды. Бастысы ыдыста металл жалатылған оюлар болмауы керек. Себебі металл микротолқынды пеште ұшқынның пайда болуына әкеледі.

Әйнек

Әйнектен жасалынған ыдыс микро толқындарды ең жақсы жібереді екен. Алайда суарылмаған ыдысты абайлап қолданғаныңыз жөн, себебі пеште өте жоғары температуралар қолданылады. Ең жақсысы - суарылған әйнек ыдыс. Пеште хрусталь ыдысты қолданбағаныңыз жөн.

Керамика, қыш ыдыстар

Керамика және қыш ыдыстар сыртынан лакталған болған жағдайда микротолқынды пеште қолдануға әбден жарайды. Алайда ыдысты жарықтарға тексеріп алыңыз: сынған ыдысты қолданбаған дұрыс.

Пластмасса 

Пластмассадан жасалынған ыдыс оңай деформациялана алады. Сол себепті пластмасса ыдысын пешке салмас бұрын, оның түбінде 140°С-ге дейін термотұрақты деген жазу бар екеніне көз жеткізіңіз. 

Қағаз не картоннан жасалынған ыдыс

Қағаздан жасалынған ыдысты микротолқынды пеште тек қысқа уақытта тамақ қыздыру үшін қолдануға болады. Ал картон ыдыстарын әдетте балауызбен жалатады, сол себебпі оны микротолқынды пеште қолдануға болмайды. 

Пергамент қағазы

Пергамент қағазы микротолқынды пеште қолдануға әбден келеді. Мысалға, суы ағатын тағамдардың астына төсеп қойса болады.

Микротолқынды пешке арналған қаңылтыр

Термотұрақты қаңылтырға тағамды орап жылытуға болады.

Ағаш ыдысы

Ағаш ыдыстарын микротолқынды пеште қолданбаған жөн. Себебі уақыт өте ағаш жарылып, жарықтар пайда бола алады.

Металл ыдыс

Металдардың түр-түрінен жасалынған ыдыстарды микротолқынды пеште қолдануға болмайды. Олар толқындарды өткізбейді.

Дайындаған: Сания Аринова

Сурет:b92.net

1979 0
Рейтинг: +0

Дайындаған: Сания А
Қосылған күні: 23 шілде 2012, 13:03
Пікірлер
+0
23 шілде 2012, 13:09

Сосын қасықпен қосып салуға болмайды ғой деймін :roll: Неге десеңіз, бір рет микротолқынды пешке ыдысқа қасықты қоса саламын деп атылып кете жаздағам :mrgreen:

+0
23 шілде 2012, 13:16

Кеше ғана мамама алып ем сыйлық ретінде. Сыйлаған кезде мына кеңестерді де қоса ұсынайын :)

+0
23 шілде 2012, 14:26

Мен де ең бірінші рет бірдеңе салып көрейінші деп металл ыдыс салып қатырғаным бар. Сол кездегі тоқ ұрғанын енді ешкім көрмей ақ қойсын :D

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Ең қызықты блогтар

Ктк арнасының назарына
Ктк арнасының назарына

Қазақ қай кезден жариялылықты хош көрмеген. Бұл нəрсе бүлікке əкеледі деп...

ШОКО ƏЛЕМ-5
ШОКО ƏЛЕМ-5

Аждан айдаһар

АҚ КӨЙЛЕК
АҚ КӨЙЛЕК

Күйеу жігіт қалыңдықты құшып тұр, Қалыңдықтың қыпша белі үзіліп.

"Димаш атақты ма, Головкин атақты ма?"

Бірі – Батысты, бірі – Шығысты мойындатқан, мойындатып жүрген тұлғалар.


Соңғы аудармалар

38-параллель
38-параллель

Ел: Оңтүстік Корея Режиссер: Кан Джегю Жылы: 2004 Басты рөлдерде: Чан Дон Ган, Вон Бин Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев

Хён/ Аға/ Brother
Хён/ Аға/ Brother

Ел: Оңтүстік Корея Жыл: 2016 Режиссер: Квон Су Гён  Сценарийін жазған: Ю Ён А  Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев Басты рөлдерде: ДИО (Exo тобының әншісі) мен Чо...

Елес ерткен
Елес ерткен

Түпнұсқа атауы - Sen to Chihiro no kamikakushi Орысша атауы - Унесенные призраками Мемлекет: Жапония Жылы: 2001 Түрі: аниме Режиссері: Хаяо Миядзаки Жанры: шытырман...