Үйде қандай гүл өсіру керек?

Үйде қандай гүл өсіру керек?
Фото: kvartblog.ru

Үйіңізде гүл өсетін болса, шаңырағыңыз жайлы, ауасы таза болады. Өсімдіктер тек сән беріп қана қоймай, ауаны тазартып, оттегі бөледі. Ғалымдар үйде болуы керек 5 өсімдік түрін анықтады.

1. Ағылшын шырмауығы

Шырмауық – көмірқышқыл газды өзіне сіңіретін үй өсімдігі. Сонымен қатар ол ауадағы ауыр метал тұздарын, токсин мен формальдегидтерді жоқ қылады. Шырмауықты әсіресе төменгі қабатта тұратын адамдар сатып алғаны жөн.

2. Бамбук пальмасы

Бұл өсімдіктің басқалардан ерекшелігі – жиі суаруды қажет етпейтіні. Тек күніне бірнеше сағатқа күннің астына қоюыңыз керек. Бамбук пальмасы электромагнит сәулелерін бәсеңдететін қасиетке ие болғандықтан, компьютердің жанына орналастыруға болады.

3. Спатифиллум

Бұл өсімдік өндірістік және тұрмыстық токсиндерден зарарсыздандырады. Ол ауаны ацетон, бензол, спирт, аммиактың жағымсыз әсерінен қорғайды.

4. «Леди» пальмасы

Бұл өсімдік ауаны тазартып қана қоймай, оны минералмен және тұзбен нәрлендіреді. Ал олар өз алдына адамның демалу жүйесіне игі әсер етеді.

Егер астма, жүрек ауруларынан зардап шексеңіз, «леди» пальмасын сатып алуыңызға болады. Сондай-ақ бұл өсімдік жүйкені қалыпқа келтіруге көмектеседі. Мамандар «леди» пальмасын жатын бөлмедегі төсекке жақын орналастыруға кеңес береді.

5. Фикус

Фикус – ауаны тазартып, балғындатады. Әрі аллергияны қоздырмайды. Бұл гүлдің бөлетін биобелсенді заттары тез ұйықтап, жайлы жатуға көмектеседі.

Ф. Абилова