Күміс бұйымды тазарту

Күміс бұйымды тазарту
Фото: Фариза Абилова

Күмістен жасалған жүзік, білезік, сырғалар уақыт өте келе қарайып кетеді. Оны тазартып, қалпына келтіру оңай.

Шұңғыл табақтың түбіне фольганы төсеп, күміс әшекейді салу керек. Үстінен сода сеуіп, қайнаған су құйыңыз. 3 минуттан кейін суды ағызып, бұйымды жақсылап жуыңыз.

50 гр сода мен 12 гр мүсәтір спиртін 1 литр суға араластырыңыз. Бұл ерітіндіге күміс бұйымның бәрін салып, бір сағаттай ұстау керек. Содан соң ескі тіс щеткасымен тазалаңыз.

Тіс пастасы да күміс бұйымдарды жақсы тазартады. Ол үшін 100 мл суға 20 гр пастаны ерітіп, қайнатыңыз. Күміс бұйымды қайнап жатқан суға салып, 10 минут күтіңіз. Содан соң щеткамен сүртіп шығыңыз.

Аталған әдістердің көмегімен асыл тасы бар бұйымдарды тазалауға болмайды.

Асыл тасы бар әшекейді тазарту үшін жұмсақ щетка керек. Кір сабынды үккіш арқылы үгітіп, кәстрөлдің түбіне себіңіз. Оған бірнеше тамшы мүсәтір спиртін қосып, үстінен қайнаған су құйыңыз. Қоспаға жұмсақ щетканы немесе мақта таяқшасын сулап, бұйымды тазарту керек. 

Ф. Абилова