Оқи отырыңыз

Болмысты да, болмасты да,
Болады деп арманда!

Автор: Мұқағали Мақатаев

— Редактор бағаны —

Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында
Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Бойжеткен / Шаңырақ / Жарнамалық үзіліс кезінде...

Жарнамалық үзіліс кезінде...

Жарнамалық үзіліс кезінде...

Кешкілік қызықты сериалды тамашалаудан кім бас тартады? Қызықты оқиға желісі, ертегі махаббат, ең бастысы сымбатты актер - бәрі қосылып телидадар алдында бір сағат, кейде одан да көп уақыт отыруға мәжбүрлейді. Тіпті жарнамалық үзілісімен қоса тамашалаудан бас тартпаймыз. Ал сол жарнамалық үзіліс уақытын пайдалы шаруаларға жұмсауға болатынын ойландыңыз ба? 

• Ыдыстарды жуып тастаңыз. 2-3 минуттық жарнамалық үзіліс ыдыс жуып тастауға жеткілікті.

• 10 рет отырып-тұрып, 10 рет денені еденнен көтеруге болады. Теледидарды тек жатып көру керек дегенді кім айтты? Қимыл-қозғалыста болыңыз. Сүйікті бағдарламаңыздың үзілістері кезінде физикалық жаттығулар жасап тұрыңыз.

• Қоқыс шығарыңыз. Бұл екі-үш минут қана алады, кейін қоқыс шығару керек деген проблемадан арыласыз. 

• Отырған бөлмеңізді жинастырыңыз. Жарнамалық үзіліс кезінде кішігірім сенбілік жасап жіберуге де болады. Барлық артық заттарды орын-орындарына қойыңыз.

• Бір стақан су ішіңіз. Күніне 2 литрдей су ішу денсаулыққа пайдалы екенін білетін шығарсыз.

• Шаңдарды сүртіңіз. Жарнамалық үзіліс кезінде теледидардың шаңын, ол тұрған үстелді, DVD – ойнатқышты және т.б. сүртіп шығыңыз. 

• Ертеңге бутерброд дайындап қойыңыз. Өзіңізге таңғы ас дайындап қойыңыз. Бұл таңертеңгі уақытыңызды үнемдеп, жұмысқа уақытылы баруыңызға ықпал етеді.

• Хат жіберіңіз. Үзіліс кезінде бірнеше электронды хаттар жіберіп үлгересіз.

• Кітаптың бірнеше бетін, не блогтарды оқып шығуға болады. Теледидардың даусын сөндіріп, оқуға кірісіңіз.

• Істеу керек істердің тізімін жасаңыз. Ертең қандай жұмыстарыңыз бар, қағазға жазып қойыңыз.

• Ертеңге киімдеріңізді дайындап қойыңыз. Алдын-ала дайындап қою арқылы, таңғы уақытыңызды үнемдейсіз.

• Төсек салып қойыңыз. Жатуға әлі ерте болса да, төсектің дайын тұрғаны біраз уақыттан кейін тіпті қуантып жібереді.

• Телефон соғыңыз. Досыңыздан бірдеңе сұрау керек болса, тезірек телефон соғып, мәселені шешіп алыңыз. Немесе ата-анаңызға телефон шалып, сізде бәрі жақсы екенін айтып қойыңыз.

• Тістеріңізді ысыңыз, бетіңізді тоникпен тазалаңыз, крем, не маска жағып алыңыз.

• Таңертең киетін киімдеріңізді үтіктеп қойыңыз. 

• Аяқ-киіміңізді тазалап қойыңыз.

• Пайдалы бірдеңе жеңіз. Дәрумен, не болмаса жеміс-жидекті жуып, жеңіз.

• Пульттің Mute кнопкасын басып, тыныштықта отыра тұрыңыз. Өмірде мүлгіген тыныштықта отырып, ләззат алатын сәттер аз. Сондай мүмкіндікті жібермеңіз. 

Сурет: wowfacts.net

Дайындаған: Анар Мұстафина

644 0
Рейтинг: +0

Дайындаған: Anara Mustafina
Қосылған күні: 30 маусым 2012, 15:53
Пікірлер
+0
30 маусым 2012, 16:25

:D я 3-4 минтта барин жайгастыруга болады екен,енди жарнама кезинде теледидардын бетине тесилип отпай осы кенестерди иске асыруга тырысу керек

+0
30 маусым 2012, 22:19

иә енді айтқанды так істеу керек

+0
01 шілде 2012, 00:05

Кейде маған көріп жатқан бағдарламамнан жарнама қызық болып кетеді, көріп отыра бергім келеді))))

+0
01 шілде 2012, 00:10

:D иәә :lol: маған да кейде солай, жарнамалардың әндерін жатқа білем :lol:

+0
02 шілде 2012, 11:13

"өмір бұл подиум жүреміз тоқтамай" деп па :lol: :lol:

+0
02 шілде 2012, 12:35

axaxaxaxax қатырдыңыз :lol:

+0
01 шілде 2012, 00:59

:lol: иаа бәріміз жатқа білеміз :D

+0
05 шілде 2012, 15:41

дұрыс уақыт үнемдеу керек :)

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Ең қызықты блогтар

Су сүлеймені жайлы естіп пе едіңіз?
Су сүлеймені жайлы естіп пе едіңіз?

Сырдарияның жағасында тұратындар білетін бір аңыз бар.

Автор: Әсел Малік
Көз сүйсінген көркемдерге жағылған дақ...
Көз сүйсінген көркемдерге жағылған дақ...

Оқып шығыңыз,көңіліңізге тоқып шығыңыз!...

Бақытымды жалға беремін!
Бақытымды жалға беремін!

Өмірде өзіңді не өзгені бақытты ету үшін, не істемейсің?!

Өлім кейде мені іздей ме?
Өлім кейде мені іздей ме?

Төрт параллель темірдің арғы жағынан көкемнің бейнесі көрінеді.


Соңғы аудармалар

Red Velvet - Rookie [kaz_sub]
Red Velvet - Rookie [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық "Red Velvet" қыздар тобының жаңа жұмысын қабыл алыңыздар. 2014 жылы құрылған топ сәтті жұмыс істеп келеді. Аталған әнге түсірілген бейнебаян да ашық түске толы, көңілді. Бұл – топтың негізгі ұстанымы. 

EXO – For Life [kaz_sub]
EXO – For Life [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық-қытайлық бойз-бэнд EXO "For Lifе" бейнебаянымен қайта оралды. К-поперлер жақсы білетіндей, 2016 жылдың 5 қазанында S.M. Entertainment EXO-ның ізбасары EXO-CBX тобын...

JESSICA – Wonderland [kaz_sub]
JESSICA – Wonderland [kaz_sub]

Джессика Чон – корей-американ тегінен шыққан әнші, биші, актриса, модель. АҚШ-тың Калифорния штатында туған. Ағылшын, корей тілдерін жетік меңгерген. Girls’...