Ажырасудың көбею себебі неде?

Ажырасудың көбею себебі неде?

Кез келген бойжеткен не бозбала өз теңін тауып, өмірде бақытты болғанды қалайды. Ата-ананың тілегі де сол. Алайда бас қосқандарына бір жыл болмай жатып, ажырасып жатқандар жиі кездеседі.

Себебін тыңдасаңыз, бір кезде алып-ұшып сүйіп қосылған екі жас бірін-бірі кінәлайды. Жеке алып қарасаңыз, екеуінікі де жөн сияқты. Мұндайда бірнеше жұпты алып, зерттеген дұрыс сияқты. Дәлірек айтқанда қандай әйел күйеуге қымбат? Немесе керісінше.

Махаббат − отбасының негізі. Дегенмен оны сүйемелдейтін тіреулер көп болу керек. Мысалға киіз үйдің шаңырағын алайық. Шаңырағы жоқ үй болмайды. Шаңырақ − үйдің сәні, барлық тіреудің басын қосып, ұстап тұратын негізі. Махаббат та сол сияқты. Сүймейтін жандардың үйленіп, ұзақ бақытты болғаны кемде кем. Әрине біздің бұрынғы ата-әжелеріміз керісінше айтар. Сол ата-әжелеріміздің отбасының тіреуі болған не?

"Ер жігіттің аты жақсы болса бір бақыт, Алған жары жақсы болса мың бақыт" демекші, егер жігіттің алған жары мейірімді жан болса, "жылы-жылы сөйлесең, жылан да інінен шығады" деген нақылға мысал болады.

Жалпы қазақтың мақал-мәтелдерін талдап отырып-ақ отбасын құрудың қағидасын шығаруға болады. Мысалы, "Қыз күнінде бәрі жақсы, жаман қатын қайдан шығады?". Осы мақал жиі қолданылатындықтан, бәрімізге әбден таныс, құлаққа сіңімді болған десек, қателеспейтін шығармыз. Бірақ "Ерлі-зайыпты ұрысар да, керісер, Керісер де келісер" дегендей, тез татуласып жатады. Ал бір-бірін кешіре алмайтындар, әрине ажырасады. Кешірімді болуды кішірею, жеңіліп қалу деп түсіну орны толмас өкінішке ұрындырады.

Ажырасудың ендігі бір себебі қаржыға байланысты. Өмірін енді бастаған жас отау иелері қолындағы қаржысын дұрыс жұмсауды білмегендіктен де ұрыс-жанжал шығады.

Ажырасқандар әдетте өзінің өмірін күйреткені үшін бұрынғы сыңарын кінәлап жатады.

Үйленгендер не үйленгісі келгендер "Жақсы әйел жаман еркекті еркек етеді, Жаман еркек жақсы әйелді келсап етеді. Жаман әйел жақсы еркекті ез қылады, Жақсы әйел жаман еркекті ел қылады" дегенді жадында түйгені жөн шығар.

Себебі бойдақ, басы бос әрбір жан "мен міндетті түрде бақытты болам, ешқашан ажыраспаймын" деп ойлауы керек. 

Сурет: ©Ксения Цейнер

Оқи отырыңыз:

Сүйгеніме қосыла алмадым...

Болашақ жарды қалай таңдайсыз?

Әрбір әйел заты білуі тиіс қағидалар #2

Неге ер адамдар тыңдай білмейді? #2

Ф. Абилова