Жасырын папка

Жасырын папка

Көп жағдайда жұмыстағы, үйіміздегі компьютер немесе ноутбукты жалғыз қолданбаймыз. Жұмыста қажет болған жағдайда әріптестеріміз, үйде компьютер ойындарын ойнауға бауырларымыз қолданып, оған тыным бермейді. Ол мейлі ғой, техниканы аяйсың ба... Алайда ішінде сақталған талай нәрсеге уайымдайсың. Жеке суреттеріңіз, біреуге жазған хаттарыңыз, құжаттар, қысқасы басқаның көзіне көрінбейтінін қалайтын файлдар жетерлік. Оларды диск не флэшкаға жазып, жоғалтып, не компьютердің қай папкағаға тыққаныңызды ұмытқанның орнына, мына кеңестегідей "жасырын папка" жасап, адамның көзіне көрінбейтіндей қылыңыз.

1-Қадам 

Жұмыс үстелінде жаңа папка ашыңыз

2-Қадам 

Тышқанның оң жақ батырмасын басып, "Атын ауыстыру" командасын таңдаңыз.

3-Қадам 

"Alt" батырмасын басып тұрып, 2 5 5 сандарын тереміз. Папканың аты жоғалғанымен, әлі көрініп тұрады.

4-Қадам

Папкаға тышқанның оң батырмасын басып, "Свойства" командасы таңдаймыз. "Настройка" -> "Белгіні ауыстыру" командаларын орындаңыз.

5-Қадам  

Белгілердің арасында мөлдірін тауып таңдаймыз. "Ок" басуды ұмытпаңыз!

Папка көрінбей қалды!
 

P.S. Папка сізге де көрінбейтінін ұмытпаңыз, сондықтан оны қай жерге қойғаныңызды есте сақтап жүріңіз.

Дайындаған: Сания Аринова

С. А