Оқи отырыңыз

Тілекке еңбек тірек болмаса, ойға омалып қырдан аса алмайсың.

Автор: Бауыржан Момышұлы

— Редактор бағаны —

Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында
Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Бойжеткен / Шаңырақ / Үйге аса қажет 10 қарапайым зат

Үйге аса қажет 10 қарапайым зат

Үйге аса қажет 10 қарапайым зат

Қазіргі уақытта үй жұмыстарына өте пайдалы әрі тиімді көптеген біз білмейтін заттар бар. Бұған дейін ас үй техникаларын бір сүзіп өткенбіз. Бүгін де пайдалы бұйымдардың кейбірімен сіздерді таныстырмақпыз.

1. Вакуумды дорбалар. Адамзаттың ойлап тапқан бұл ғажайып заты кез келген үй шаруасындағы әйелге үлкен көмек болары сөзсіз. Қыстық күртешелер, көрпелер мен үлкен жастықтар вакуумды дорбада жіңішке шелпекке айналып, шкафта тиянақты жиналып тұратын болады. Сонымен қатар, ол заттарыңызды шаңнан, дымқылданудан, күйеден сақтайды. Жаз мезгілінде көкке, суға түсуге шыққанда да жерге төсейтін көрпешелер мен жылы киімдер осындай вакуумды дорбаларға салынса, көліктің артқы жағында орын алмайтын болады. Вакуумды дорбалардың көлемі әртүрлі болып келеді: қарапайым төртбұрышты, киім ілгіші бар, ауаны қолмен толтыратын, шаңсорғышпен айдайтын т.б. Шаңсорғышпен келетіні жақсы.

2. Кір жуғышқа арналған дорбалар. Көбіңіз ұсақ-түйек заттарды үлкен заттармен кір жуғышқа салғанда, бауы бар киімдердің бауы шығып кететінін, шұлықтар мен іш- киімдер үлкен заттардың арасына тығылып, ал кейде қатты айналдырғаннан өңі кетіп, жіптері сөгіліп кететінін байқаған шығарсыздар. Осындай заттар үшін арнайы дорбалар жасалған. Олардың ілгекпен, не баумен жасалған түрлері, көлемдері де түрлі болып келеді. Оған тіпті жұмсақ ойыншықтарды, үй аяқ киімдерін – жалпы көлемді заттардың басқасының бәрін салып жууға болады.

3. Күйдірмейтін табақша. Бұл төртбұрышты не дөңгелек пішінді зат тамақ қуыру-пісіру алдында қаңылтыр табаға, не жай табаға салынады. Оңай жуылады, ештеңе күймейді, зиянды қалдықтар шығармайды. Май жақпай-ақ пісіре беруге болады. Торт пісірерде де астына салынатын қағаздың орнына пайдалана берсе болады. Осындай өте пайдалы зат.

4. Тамақ пісіруге арналған жең. Бұл құрылғы пештің ішін таза ұстайды, ештеңе ақпайды, тағам жақсы піседі, дәмі де, нәрі де өзгермейді.

5. Блендер — ас үйге өте қажет құралдардың бірі. Сорпаға арналған пиязды бір секундта майдалайды, салатқа арналған сәбізді – үш секундта. Блендердің арқасында пюре-көже, түрлі десерттер, коктейльдер дайындау бір ғанибетке айналады. Алайда, блендер шынымен көмекшіңізге айналуы үшін сапалы болуы қажет және қуаттылығы да мықты болғаны дұрыс (350 Вт кем емес).

6. Терезе сүрткіш. Түр-пішіні швабраға ұқсас, бір жағында губка, ал екінші жағында микрофибрасы бар. Қабатты үйлерде терезенің сыртқы жағын жуу – ерлікке тең. Ал бұл құрылғымен денеңізді терезеден шығармай-ақ, қолыңызды созып жуа берсеңіз болады. Ал микрофибрадан жасалған орамалдарды үй шаңын сүртуге де пайдалануға болады. Терезе мен айналарды қалай сүртеді десеңізші!

7. Тефлонды дастархан. Қарапайым дастарханның ұзақ мерзімге қызмет етуі екіталай. Сырылады, кесіледі, кейде дақтар кетпей қалады, күйеді, жалпы тез ескіреді. Ал тефлонды дастарханмен барлық мәселелерді ұмытсаңыз болады. Оның үстіне нан турасаңыз да, ыстық таба қойсаңыз да, ештеңе болмайды. Жалпы, арзан емес зат, бірақ өте тиімді.

8. Кеңселік қысқыш. Қақпағы кесілген сүтті, ашылған кір жуғыш ұнтақты, қоқыс салынған дорбаларды, жалпы төгіліп қалу қаупі бар барлық заттарды осы қысқышпен қысып қоюға болады.

9. Киімге арналған жабысқыш ролик. Үйден шығарда қара киімнің үстімен бір жүріп өтсеңіз болды – шаш, жіп, мамық, бәрін сыпырып алады.

10. Резинасы бар жаймалар. Матрасқа кигізіп қоясыз да, шашылып жатқан жайма мәселесінен құтыласыз.

Суреттер: poryadokvdome.com, hoz-tovary.ru, homestudio.by, zacaz.com, ram.by, palerom-kondi.ru, pelenai.ru, vladivostok.olx.ru

3473 0
Рейтинг: +0

Дайындаған: Anara Mustafina
Қосылған күні: 31 мамыр 2012, 10:55
Пікірлер
+0
31 мамыр 2012, 12:55

маған жабысқыш ролик ауадай қажет болып жүр :roll:

+0
31 мамыр 2012, 14:37

Мика, кеттік дүкенге жабысқыш ролик алуға. маған да керек еді ;)

+0
31 мамыр 2012, 18:09

сатып алып беріп жіберейін бе :?:

+0
31 мамыр 2012, 13:21

Резинасы бар жаймалар жақсы. ))

+0
31 мамыр 2012, 13:58

Ваккумды дорбалары тамаша екен.

+0
31 мамыр 2012, 14:05

Почти бәрі бар екен)

+0
31 мамыр 2012, 14:06

тефлонды дастархан мен силикон төсегіш керек боп тұұұр))))))))))))))

+0
31 мамыр 2012, 15:52

Терезе сүрткіш керек маған! Терезе сүрткенде айғздап алып, қатты Қиналатыным бар!

+0
31 мамыр 2012, 16:11

Тамақ пісіруге арналған жеңнің ішіндегілер керек боп тұр дәл қазір :D

+0
31 мамыр 2012, 16:12

піскенде айтып жібересіздер ғой

+0
13 шілде 2014, 14:51

1 ші суреттегі зат ұнайды. мамаға бәрімізге керек.матрастарымыз симайды! көп балалымыз!4 бала, норм сияқты бірақ, ажем де бізбен тұрады. :| :o :o :o

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Ең қызықты блогтар

Түс туралы не білеміз?
Түс туралы не білеміз?

Келесі кезекте, түс жайлы қызықты фактілерді келтіремін

Моана
Моана

Жаңадан шыққан Диснейлік мультфильм балалар жүрегін жаулап алды.

Автор: Medina Musa
БІР ҒҰМЫРДЫҢ БАЯНЫ (әңгіме)
БІР ҒҰМЫРДЫҢ БАЯНЫ (әңгіме)

Әншейінде күзгі аспанға ұқсап тұнжырап жүретін қарттың ерекше ықтиярлы болып...

Ақ қайың
Ақ қайың

Менің үшінші әңгімем...

Парадокс интенциясы һәм Өмірдің МӘНі ....
Парадокс интенциясы һәм Өмірдің МӘНі ....

Қызықты кітап оқығыңыз келіп жүрсе, оқып шығыңыз....

Автор: Ayazhan Muhatay

Соңғы аудармалар

EXO - Lucky One [kaz_sub]
EXO - Lucky One [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық әйгілі бойз-бэнд EXO тобы бүгінде дәурені жүріп, дүркіреп тұрған топ болып отыр. Жігіттер тобы тек Оңтүстік Кореяда ғана емес, Азияда танымал. Қазақстанда да EXO тобының жанкүйерлері жетерлік. Басында он екі қатысушыдан құралғанымен, бүгінде топта он өнерпаз өнер көрсетеді. Әр қатысушы жан-жақты, талантты. Біз бұған дейін аталған топтың бірнеше бейнебаянын қазақшаға аударған едік. Назарларыңызға топтың "Lucky One" туындысын қазақша субтитрмен ұсынамыз. Аударған: Жарылқасын Мырза Тайминг,...

IU - The shower [kaz_sub]
IU - The shower [kaz_sub]

Ли Чжи Ын – оңтүстік кореялық 23 жасар әнші қыз. Оның сахналық есімі «I and You» (мен және сен) әуен арқылы бір бүтін бола аламыз дегенді білдіреді....

Күн ұрпақтары/ Сошедшие с солнца / Descendants of the Sun [kaz_sub]
Күн ұрпақтары/ Сошедшие с солнца / Descendants of the Sun [kaz_sub]

Ел: Оңтүстік Корея  Жанр: романтика, медицина, драма, комедия, боевик  Жыл: 2016  Режиссер: Ли Ын Бок Басты рөлдерде: Чжин Гу, Сон Хе Ге, Сон Джун...