Оқи отырыңыз

Тілекке еңбек тірек болмаса, ойға омалып қырдан аса алмайсың.

Автор: Бауыржан Момышұлы

— Редактор бағаны —

Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында
Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Бойжеткен / Шаңырақ / Этикеткасына қарап жу

Этикеткасына қарап жу

Этикеткасына қарап жу

Киім жуу кір жуу машинасы пайда болғаннан кейін әлдеқайда жеңілдеді. Алайда бұндай кір машинасында киім жуудың да өз сырлары бар екен. Киім түсінің өзгеруі, матасының тозуы сияқты қиындықтар осы құпияларды білмегеннен болады.

Қазір әр киімнің этикеткасында сол бұйымды қалай жуып, кептіріп, сығуы керектігі туралы кеңестер бар. Белгілермен берілетін бұл кеңестерді тек оқи білу керек. 

 

Қолмен жуу

Бұндай белгі киімді "қолмен жуу режимінде" жуу керектігін білдіреді. Алайда қазіргі кір жуғыш машиналары қолмен істелетін тірлікті алмастыра ала ма? Толықтай емес. Сондықтан ерінбей, бұл киімді қолыңызбен жуған жөн. Сонымен қатар, оны қатты сықпай кептірген дұрыс. Немесе кір жуу машинасын пайдалансаңыз, сығу режимінде ең аз шаманы қолданыңыз.

 

 

40

40, 30 деген жазуы бар белгі киімді жууға болатын температуралық режимді көрсетеді. Белгінің астында сызық болмаса, кір жуу машинкасында максималды сығу режимін қолдансаңыз болады. Ал белгінің астында бір сызық болса, оны синтетикалық киімдерге арналған режимде жуған жөн. Екі сызықшасы бар белгі түкті киімді жуу режимін қолдану керектігін көрсетеді. 

 

 

Кептіру 

Төртбұрыштың ішіндегі дөңгелек белгісі киімді машинада кептіруге болатындығын көрсетеді. Дөңгелек ішінде бір нүкте болса, кептіру төменгі температураларда, егер нүкте екеу болса, жоғары температураларда болу керек. 

 

 

Үтіктеу

Үтік белгісінде бір нүкте болса, бұл киімді төменгі температурада үтіктеген жөн. Екі нүкте орта температураны, ал үш нүкте киімнің жоғары температураларға шыдай алатындығын көрсетеді.

 

 

Хим тазалау

Дөңгелек белгі құрғақ химиялық тазалауды қолдануға болатындығын көрсетеді. Құрғақ химиялық тазалау судың қолдануынсыз кір дақтарынан, шаңнан құтылуға көмектеседі. Ол тіпті киім түсінің жақсы сақталуына көмектеседі, киім бұйымдарының пішінін қалыпқа келтіру үшін де пайдасы зор. Сызылған дөңгелек бұл киімді химиялық тазалаудан өткізуге болмайды деген белгі.

 

 

 

Ағарту

Үшбұрыш осы киімді кез келген ағарту жолымен тазалауға болатындығынан хабар береді. Боялған не сызылған үшбұрыш - бұған қарама-қарсы белгі.

 

 

Осы кеңестерді киім жуарда есіңізге алсаңыз, киіміңіз жақсы сақталып, өңі кетпейтін болады.

Сурет: zdorovieinfo.ru

666 0
Рейтинг: +0

Дайындаған: Сания А
Қосылған күні: 29 мамыр 2012, 12:20
Пікірлер
+0
29 мамыр 2012, 16:09

жақсы ақпарат

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

EXO - Lucky One [kaz_sub]
EXO - Lucky One [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық әйгілі бойз-бэнд EXO тобы бүгінде дәурені жүріп, дүркіреп тұрған топ болып отыр. Жігіттер тобы тек Оңтүстік Кореяда ғана емес, Азияда танымал. Қазақстанда да EXO тобының жанкүйерлері жетерлік. Басында он екі қатысушыдан құралғанымен, бүгінде топта он өнерпаз өнер көрсетеді. Әр қатысушы жан-жақты, талантты. Біз бұған дейін аталған топтың бірнеше бейнебаянын қазақшаға аударған едік. Назарларыңызға топтың "Lucky One" туындысын қазақша субтитрмен ұсынамыз. Аударған: Жарылқасын Мырза Тайминг,...

IU - The shower [kaz_sub]
IU - The shower [kaz_sub]

Ли Чжи Ын – оңтүстік кореялық 23 жасар әнші қыз. Оның сахналық есімі «I and You» (мен және сен) әуен арқылы бір бүтін бола аламыз дегенді білдіреді....

Күн ұрпақтары/ Сошедшие с солнца / Descendants of the Sun [kaz_sub]
Күн ұрпақтары/ Сошедшие с солнца / Descendants of the Sun [kaz_sub]

Ел: Оңтүстік Корея  Жанр: романтика, медицина, драма, комедия, боевик  Жыл: 2016  Режиссер: Ли Ын Бок Басты рөлдерде: Чжин Гу, Сон Хе Ге, Сон Джун...