Сенбілік. Киімді қалай үтіктеген жөн?

Сенбілік. Киімді қалай үтіктеген жөн?

Назарларыңызға киім үтіктеу туралы аз-кем ақпарат ұсынамыз. 

  • Іске кіріспес бұрын есте ұстау керек болатын басты нәрсе мынау. Киім неғұрлым жұқа болса, төсеніш соғұрлым қалың болуы керек. Және үтіктелген киімді бірден шкафқа салмаған жөн. Киімге тағы да қыртыс түспес үшін оны біраз ілгішке іліп қойған дұрыс болады. 
  • Құрғақ киімнен гөрі ылғал мата жақсы үтіктелетінін есте сақтау керек. Сондықтан құрғақ киімді ылғал шүберекпен бірқалыпты етіп сулап алған дұрыс. 
  • Үтіктің астына тек таза киімдерді алу керек екенін де естен шығармаған жөн. Киім лас болса, ондағы дақтар одан сайын біліне түсіп, матаның көркі кетеді. 
  • Егер үтік тым ыстық болып, ал киім тым ылғал болса, мата сарғыш тартып кетуі мүмкін. Мұндай жағдайжа сарғайған аймақты таза шүберекпен бірден сүртіп алған жөн. Егер бұдан пайда болмаса натрий қышқылы ерітіндісімен шаю керек. 
  • Кейбір киімдерді тіпті үтіктеуге болмайды. Оны киімнің этикеткасынан байқап оқып көруге болады. Бұндай жағдайда жуылған киімді жай ғана ілгішке іліп қою керек. Барлық қыртыстар өздігінен жойылып кетеді.

Енді тұздық ретінде көйлекті дұрыс үтіктеу туралы пайдалы видеоны қоса ұсынамыз.

сурет: happy-giraffe.ru