Оқи отырыңыз

Тілекке еңбек тірек болмаса, ойға омалып қырдан аса алмайсың.

Автор: Бауыржан Момышұлы

— Редактор бағаны —

Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында
Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Бойжеткен / Шаңырақ / Үйді ұрыдан қалай қорғауға болады?

Үйді ұрыдан қалай қорғауға болады?

Үйді ұрыдан қалай қорғауға болады?

"Менің үйімнен ұры не алсын" деп жайбарақат үйдің есігін ашып тастап жүрген болсаңыз, бір күні заттарыңыздың орнын сипалап қалуыңыз ғажап емес. Ұрылар өте әккі халық болғандықтан, олар сіздің үйіңізден ұрлайтын затты табатынына күмәніңіз болмасын. Тым құрығанда, қол сөмкеңізді қымқырып кетуі әбден мүмкін.

Сондықтан, заттарыңызды ұрылардың көзіне көрінетін жерге қоймаңыз. Ұрылар үйдің табалдырығын аттай салысымен мына жерлерді тексереді екен:

1. Киім-кешек салынатын шкаф пен косметика тұратын жер;

2. Кітап сөресі, кітаптардың арасы;

3. Ас үйдегі тамақ салатын сөре;

4. Унитаздың маңайы;

5. Қабырғада ілініп тұрған картинаның арты;

6. Тұсқағаздың бұрыштары, кілемнің асты;

Заттарыңызды ұрының ойына келмейтін жерлерде сақтағаныңыз жөн. Мысалы, жұмсақ ойыншықтың іші, жастықтың іші, шоколад қорабы деген сияқты жерлер ұрының ойына бірден түсе қоймас деп үміттенеміз. 

Ұрыдан қорғанудың мынадай әдістерін ұсынамыз:

1. Есік пен терезе. Әлбетте, ең бірінші назар есікке ауады. Есіктен ақшаңызды аяй көрмеңіз. Берік есіктер 300 доллардан кем тұрмайды. Есіктің ең басты деталі - құлып. Құлып тістерінің көп болғанын қадағалаңыз. "Есіктен болмаса тесіктен" ұранын ұстанған ұрылар үшін терезеден кіру - қалыпты жағдай. Сондықтан, терезеге де кілт салып қойыңыз.

2. Зейнеткер қариялар. Күні-түні подъездің алдында отыратын зейнеткер қариялардың назарынан аулада болып жатқан бірде-бір оқиға тыс қалмайды. Сондықтан, оларға аз-маз ақша төлеп қою артық етпейді. Үйіңізге ұры түскен жағдайда, аулаға кімнің келіп, кімнің кеткенін зейнеткерлерден сұрап ала аласыз.

3. Бейнебақылау. Қалтаңыз көтерсе, бейнебақылау орнатқан жөн әлбетте. Ал шамаңыз келмесе, "Бұл жерде бейнебақылау орнатылған" деген жапсырма жапсырып қойыңыз. 

Демалысқа басқа қалаға кетсеңіз, үйіңізге ұры түспес үшін бірнеше қулыққа баруға болады. Мысалы, балконыңызға көрінетіндей қылып кір жайып қойыңыз немесе бір бөлменің жарығын жағып кетіңіз. 

Бір қадам жердегі дүкенге барып-келмек болсаңыз да, есікті мұқият кілттеп жүріңіз. Өйткені, ұрылар өздерінің құрбандарын сырттай ұзақ уақыт бақылауда ұстап, зерттейді. Мүмкін оның көздеген кезекті құрбаны сіздің үйіңіз шығар? "Сақтықта қорлық жоқ" демекші, үнемі сақтанып жүргеніңіз жөн. 

Cурет: darudar.org, powervideo.ru, triton.by, favim.ru, schastlivoe-detstvo.ua, nursinghomepro.com

1505 0
Рейтинг: +0

Қосылған күні: 16 мамыр 2012, 15:56
Пікірлер
+0
16 мамыр 2012, 16:28

Ал қалтаны ұрыдан қалай қорғауға болады?

+0
16 мамыр 2012, 16:53

тігіп қо керек қалтаны :lol:

+0
16 мамыр 2012, 16:55

Ақшаны тар джинсының алдыңғы қалталарына бөліп салуға жетер әдіс жоқ. Олардан ұры тұрмақ өзің де тиыныңды әрең шығарасың ғой^_^

+0
16 мамыр 2012, 17:18

Қалташылардан сақтану ережелері онша көп емес:
- ақшаңды бөліп сақтаған жөн. Қолма-қол төлеуге керек боп қалады-ау деген тиынды негізгі ақшаңнан бөлек салып жүру;
- қоғамдық көлік пен базарда иықтағы сөмкеңді артқа емес, алдыңа қарай ығыстырып, қысыңқырап ұстау;
- қалтаңда не әмияніңде қанша ақша бар екенін білдіртпеу. елдің көзінше бопыратып ақша санамау;
- адам көп жерде айналаңдағыларды ақырындап бақылау, күмәнділерді ажырата білу;
- базарда зат таңдағанда сөмкеңді қолдан шығармау,
т.с.с.

+0
16 мамыр 2012, 17:20

Иә, расымен сөмкені қысып ұстаудан ұялмау керек. Кейде өзімнің сөмкені қысып ұстап автобуста тұрған күйім көз алдыма елестеп кетсе, күлкім келеді. Сырттай қараған адамға сондай күлкілі шығар ) Бірақ бір рет ақша ұрлатқаннан кейін, сауысқаннан сақ болып жүруден ұялуды қойдым :D

+0
16 мамыр 2012, 17:01

Жақында біздің пәтерге ұры түсті. Пәтеріміз бірінші қабатта. Бірге тұратын құрбым кір жуып жүріп, кірін сыртқа жаюға шығып кеткен ғой. Есікті жаппай. Ұры сол мезетті пайдаланып, (демек, бақылап жүрген) ішке зып беріп, дәлізде тұрған қол сөмкелердің бәрін қымқырып кетіпті. Құрбым кірін жайып, асықпай үйге кіріп, ұрының түскенін әлі де байқамай, кенеттен қол сөмкесін іздеп, қол сөмкелер тұратын жерді қараса...Тып-типыл дейді. Содан жанұшырып жүріп анда шапқан, мында шапқан. Абырой болғанда, студенттерде ақша қайдан болсын, қол сөмкелердің ішінде онша көп ақша болмаған. Сөйтіп, пәтердің ең жоғарғы қабатына көтерілсе, әлгі сөмкелеріміздің бәрі ашық-шашық төбеде жайрап жатыр дейді. Қалтасын ақтарып, керегін алған соң, сөмкелерді лақтырып кетіпті.

+0
16 мамыр 2012, 17:40

:o ужыыыыыыыыс!

+0
16 мамыр 2012, 17:45

не ғой, үйден кетіп қалғанда теледидар мен магнитафонды шыңғыртып қо керек болды :mrgreen: :mrgreen: Сонда үйде біреу бар деп ойлап қалад

+0
16 мамыр 2012, 17:51

Инфрадыбыстық генератор мен иттің үргені жазылған магнитофонды есік қоңырауының батырмасы арқылы бірге қосылатын етуге болады^__^

+0
16 мамыр 2012, 17:47

мойындарын үзіп алу керек ұрылардың

+0
16 мамыр 2012, 17:54

Мен естігенім болмаса биыл алғаш рет өз-көзіммен көрдім тоналған үйді. Құрбым аяғы ауыр болған соң арнайы киім қарап көрейікші деген аяғы ауыр әйелдерге арналған. Үйінен таңғы онда шыққан. Түс уақыты болған соң түстеніп алайық деп үйі жақын болған соң үйіне бардық. Барсақ, есік ашық тұр. Жүрегіміз су ете қалды. Басынды жолдасы шығар ерте келіп алған деп ойладық. Жоқ. Кірсек үй астан-кестен болып төңкеріліп жатыр асханадағы бөлмеден басқасы. Жазбадағыдай кітап, косметика, жатын бөлме мен гардеробтың бәрін шашып тастапты. Абырой болған да бағалы алтындары халатының қалтасы мен бриллантын жәй бір мата қапшыққа салып қоя салған ғой үстелдің үстіне. Солар дін аман қалыпты. Әйтпесе үйдегі екі ноутбук, қымбат киімдерді, әтірлерді, косметика жақтағы алтындарды ұрлап кетіпті.Содан бері қорқып қалдым. Есікті қалай ашқанына таңым бар. Із қалдырмау үшін қолдарына щұлық киіп оны есіктің аузына лақтырып кетіпті. :evil:

+0
16 мамыр 2012, 18:10

ұрылар табады түсетін үйді. 1-2 жыл бұрын менің де үйме түсіп нооутбукті алып кеткен еді.

+0
16 мамыр 2012, 18:24

тааак бұны да біліп алдым! Енді қайда тығады екенсіңдер :twisted: ,- деп оқып отқан шығар ұрылар)

+0
16 мамыр 2012, 19:44

Мынаны бір ұры болып көрген адам жазған ау :lol: Рақмет, жақсы кеңестер ;)

+0
17 мамыр 2012, 15:36

Унитаздың маңайынан не іздейді олар? түсіне алмай отырғаным. :)

+0
23 мамыр 2012, 00:03

Бачоктың ішіне жасырылған алтын бұйымдарды іздейді ғой. Тоңазытқыштың морозилкасынан іздейтіндері де сол

+0
23 мамыр 2012, 11:19

қызық екен. Біздің бачоктың ішінде кейде көк тас тұрады. Бачоктың іші сарғайып таттанбау үшін салып қоямыз.

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Ең қызықты блогтар

Күңк-күңк күбір...
Күңк-күңк күбір...

Шу-шу десек Ду-ду өсек

Аралас экономиканың қазақстандық  моделі
Аралас экономиканың қазақстандық моделі

Аралас экономика әр түрлі меншік нысандарына, олардың өзара қарым-қатынасы мен...

Қарымта қайтаратын сәт келді деді ме екен...
Қарымта қайтаратын сәт келді деді ме екен...

«Үрбибімізді» «Дерзкая» десе, Бек Нұрдың «Мені ұмыт» әнін «Предала» деп...


Соңғы аудармалар

EXO - Lucky One [kaz_sub]
EXO - Lucky One [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық әйгілі бойз-бэнд EXO тобы бүгінде дәурені жүріп, дүркіреп тұрған топ болып отыр. Жігіттер тобы тек Оңтүстік Кореяда ғана емес, Азияда танымал. Қазақстанда да EXO тобының жанкүйерлері жетерлік. Басында он екі қатысушыдан құралғанымен, бүгінде топта он өнерпаз өнер көрсетеді. Әр қатысушы жан-жақты, талантты. Біз бұған дейін аталған топтың бірнеше бейнебаянын қазақшаға аударған едік. Назарларыңызға топтың "Lucky One" туындысын қазақша субтитрмен ұсынамыз. Аударған: Жарылқасын Мырза Тайминг,...

IU - The shower [kaz_sub]
IU - The shower [kaz_sub]

Ли Чжи Ын – оңтүстік кореялық 23 жасар әнші қыз. Оның сахналық есімі «I and You» (мен және сен) әуен арқылы бір бүтін бола аламыз дегенді білдіреді....

Күн ұрпақтары/ Сошедшие с солнца / Descendants of the Sun [kaz_sub]
Күн ұрпақтары/ Сошедшие с солнца / Descendants of the Sun [kaz_sub]

Ел: Оңтүстік Корея  Жанр: романтика, медицина, драма, комедия, боевик  Жыл: 2016  Режиссер: Ли Ын Бок Басты рөлдерде: Чжин Гу, Сон Хе Ге, Сон Джун...