Жаңа тренд: "Үй интерьерін үкі суреттерімен өңдеу"

Жаңа тренд: "Үй интерьерін үкі суреттерімен өңдеу"

Үкінің суреті бейнеленген киімдер мен үй интерьері – осы жылдың басты жаңалығы. Назарларыңызға осы интерьерді пайдалануға арналған 10 идеяны ұсынамыз.

Үкі - негізінен орманды мекендеп, жемін көбіне түнде аулайтын жыртқыш құс. Жұптарын өмір бойы сақтайды. Үкіні қазақ халқы қасиетті құс санайды. Оның қауырсынындағы бедер, құранның құпияланып жазылған нұсқасы деп баланың бесігіне, бас киіміне таққан. Сонымен қатар бақыт, табыс әкеледі деген сеніммен ақын, әншілер бас киімдерін, домбыраларын үкілеген. Бір қарағанда үкінің өзі де ойлы көзқарасы да адамды ойландыруға мәжбүрлейді. Оның дәл осы көздеріне қарап өзіңізді жайсыз сезінуіңіз де мүмкін. Көпшілікті осы қасиеті қызықтырады. Мұнымен қатар, бұл құсты көрегендігімен, эрудициясымен, қабілетімен, қараңғы түнде өзін батыл ұстай алатындығымен бағалауға болады. Ертеректе ақылды адамдардың символы ретінде пайдаланылған. 

1. Кереге қағазы


Құстардың суреті бейнеленген кереге қағаздарын көпшілік ұната бермейді. Ұнататындары да жоқ емес.

Сұр немесе алтын түстес Abigail Edwards кереге қағаздары Ланкаширде дәстүрлі технологиямен өңделеді. Олар осы құсты жақсы көретін адамдарға арнайы жасалған. Психолог мамандардың айтуынша, мұндайды интелектісі жоғары, білімге құмар жандар ұнатады. Оны үйдің кез келген бөлмесіне пайдалануға болады.

2. Балалар бөлмесіне арналған аппликация


Қонақ бөлмесі мен жеке кабинетке арналған түрлері ақылды үкіні ұнатушыларға арнайы жасалғандай әсер сыйлайды. Бұндай кереге қағаздары акссессуарлар мен үй жиһаздарын үйлестіріп таңдай білсе, үйдің кез келген бөлмесіне жараса кетеді. Бұдан өзге ағашта отырған үкісі бар кереге қағазының көмегімен ерекше сән беруге болады. Бұл үкілер "патч" стилінде жасалған, еріксіз жымиюға мәжбүрлейді. Мамандар наклейка түрінде жасалған үкілерді балалар бөлмесіне, қонақ үйге әрі ас бөлмесіне іліп қоюға кеңес береді.

3. Шам


Дизайнерлер үкінің суретін пайдалана отырып үстел шамдарын жасаған. Оларды кітап қойғыш ретінде пайдалануға болады. Үстел үстіне қоюға арналған шамдар бөлмеге жарық сыйлап қана қоймай, түннің белгісі болғандықтан ерекше көрініс сыйлайды.

4. Жастықтар

Әдемі де декоративті ақылгөй үкі жастығы. Сыйлық әрі интерьерді әрлеудің ерекше құралы. Қазіргі дүкендерден түрлі-түстісі кездеседі.


Суреттегідей үкі ойыншықтарды қолдан тігіп алуға болады. Ал көлемін ұлғайту арқылы балалар жастығына айналдыруға мүмкіндігіңіз бар. Бұндай қолөнер бұйымдарын кез келген маталардан жасай аласыз.

5. Ыдыс


Тек жастықшаларын ғана емес, үкінің суретімен безендірілген ыдыстар бар. Олар түрлі-түсті әрі үкі суреттері бар тәрелкелер.

6. Ескерткіштер


Үкі ескерткіштер фэн-шуй стиліне сәйкес интелектуалдық табыс әкеледі. Психологтардың айтуынша, оның көмегімен мақсатқа ұмтылып, табыс көзін өсіруге болады  екен. Ал суреттегі ескерткіштер кез келген бөлмеге жараса кетеді.

7. Ілгіштер


Бұл ілгіштерді бөлмеге сән беру үшін әрі киетін киімдеріңізді іліп қою үшін пайдалануға арналған. Классикалық ілгіштерден бас тартып, орнына үкі етіп жасалған түрін пайдаланып көріңіз.

8. Картиналар


Бұл құстар сұлулығының арқасында бөлмеге сән береді. Оның картиналары да бар. Тек натуралистік суреттер емес, мультфильм кейіпкері салынғандарын таңдап алыңыз.

9. Шам қойғыштар


Шамдар бөлме ішіне жылу таратып, романтикалық әсер сыйлайды. Кейде оларды жағудың да қажеті болмайды.

10. Вазалар


Келесі бір сәнді тренд – үкіге ұқсас вазалар. Олардың түсі әр түрлі болуы мүмкін. Ішіне қалаған бөлме өсімдіктерін өсіріңіз.

Жоғарыдағы 10 түрлі әдісті пайалана отырып, үйлеріңізді жаңа трендке сай өңдеңіз.

Дайындаған: Қарлыға Бүйенбай

Сурет: symboolsroom.ru

Қ. Бүйенбай