Аспан жұлдыздарын үйге кіргізейік

Аспан жұлдыздарын үйге кіргізейік

Әлемдік дизайнерлердің жымыңдаған жұлдыздарға толы аспан іспеттес шамдарын ұсынамыз:

«Glowing Star Map» – аспан жұлдыздарының барлығын қамтыған карта. Жасанды жұлдыздар қараңғы бөлмеге жарық сыйлап, жайлылық сезімін тудырады. Картадағы жұлдыздар дәл аспандағы орнымен орналасқан. Осы қасиеттерінің арқасында Glowing Star Map шамын жарықтың орнына әрі зерттеу құралы ретінде пайдалануға болады. Бұл аспан денелерін зерттеуші мамандар үшін таптырмас құрал. Бағасы да аса қымбат емес.


«Glowing star map» – дизайнерлер ұсынған аспан әлемінің картасы

Қарқынды дамыған техниканың арқасында аспанды өз бөлмеңізге де орналастырып қоюыңызға болады. Rolls Royce компаниясы жұлдызды аспанды көлігіңіздің ішіне орналастыруға ұсыныс жасайды. «Starlight Headliner» атты аспан жұлдызы 1600 кішкентай шамнан құралған. Өзі былғарыдан жасалған. Мұнымен қатар жарықты қаншалықты мөлшерде шығару керектігін өлшеп отыруға мүмкіндік береді.

 

«Starlight headliner» Rolls Royce ұсынған аспан жұлдызы

Астрид Кро (Astrid Krogh) ұсынған «Morild» шамы – үйдің ішіне орнатуға болатын аспан жұлдыздарының тағы бір үлгісі. Ең алғаш Дания елінде өткен NB көрмесінде таныстырылған. Негізгі бөлігі ағаштан жасалған.

«Morild» – Astrid Krough ұсынған аспан жұлдыздары

Израильдік Омри Барзеев (Omri Barzeev) үстел үстіне арналған шам ойлап тапты. «Starlight lamp» жарықты үстелдің қай бөлігіне түсу керектігін икемдеп отыру үшін иілгіш қасиеті бар материалдан жасалған. Иілгіштігінің арқасында бөлменің төбесіне бағыттап жымыңдаған жұлдыздарды тамашалауға болады.


Omri Barzeev ұсынған иілгіш шам

Токуджин Йошиока аймағында дүниеге келген келесі дизайнеріміз мыңдаған «Swarovski» тастарынан жасалған «Жұлдыз» шамын ұсынады. Stella Light-тың жасаған бұл туындысы шам әрі асыл тастарға арналған көрмелерде таныстырылды.


Stella light ұсынған «Жұлдыз» шамы

«Star Master» атты кішкентай проекторы екі режимде қызмет көрсетеді. Біріншісі қарапайым ақ, сары түс, екіншісі кемпірқосақтың барлық түстерін қамтыған режим. Мұнымен қатар ай сайын түсі өздігінен өзгеріп отырады. Құрылғыны іске қосу үшін 3 қуат батареясы немесе USB адаптер қажет.


«Star master lamp» – екі режимде жұмыс істейтін ерекше проектор

«Starlight Chrome» – сәбилерге арналған «Жұлдыз» шамының кішкентай нұсқасы. Бұл шамның жарығы көзге шағылыспайды әрі балаларға қараңғыдан қорықпай ұйықтауға мүмкіндік береді. «Starlight Chrome» шамын шамамен 72 АҚШ долларына сатып алуға болады.


«Star light chrome lamp» – қараңғыдан қорқатын сәбилерге арналған шам

«Moravian Star Light» – мексикандық суретшілер жасап шығарған қолөнер туындысы. Топтамада әйнектен, металдан жасалған түрлері бар. Көпшілігінің жарығы әлсіз. Алайда керегеге жұлдыздың суретін түсіріп тұратын түрлері де бар.


«Moravian star light» – мексикандық суретшілер ұсынған құрылымы қарапайым шам

Келесі керегеге жұлдыздардың бейнесін түсіретін «Wholesale» шамы 3 жасқа дейінгі балаларға арналған. Күндізгі уақытта керегеге тасбақа секілді жануарлардың суретін түсіріп тұрады. «Wholesale» шамын компанияның ресми сайтынан 65 АҚШ долларына сатып алуға болады.


«Wholesale» – ойыншық тасбақасы бар шам

«Starry sky projector» – романтикалық кештерде таптырмас шам. Жұлдыздар мен жүрекшелерден өзге махаббат сезімін білдіруге арналған жазулары бар. Аталған «Starry sky projector» шамын 60 АҚШ долларына сатып алуға болады.


«Starry sky projector» – жүректе лаулаған сезімді білдіруге арналған шам

Дайындаған: Қарлыға Бүйенбай

Сурет: buyfpv.com

Қ. Бүйенбай