Оқи отырыңыз

Тілекке еңбек тірек болмаса, ойға омалып қырдан аса алмайсың.

Автор: Бауыржан Момышұлы

— Редактор бағаны —

Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында
Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Бойжеткен / Шаңырақ / Сабынды үйде жасап үйренейік

Сабынды үйде жасап үйренейік

Сабынды үйде жасап үйренейік

Үй жағдайында сабын қайнату – өте жағымды және шығармашылық процесс. Себебі, сіз оған өзіңіз қалаған қоспаларды қосып, кез келген рецепт бойынша дайындай аласыз. Сізге тіпті өзіңіздің жеке рецептіңізді ойлап тауып, дайын өнімге кез келген түс пен түрлі пішін жасауыңызға болады. Қысқасы, өз қиялыңыз жеткенше жасай бересіз. Ал сабын қайнату процесі әркімге де ләззат сыйлайтыны сөзсіз.      

  Сабын жасау үшін не қажет?

- Үккіш.

- Ыдыс.

- Екі кастрөл (үлкен және кішкентай).

- Дүкенде сатылатын арнайы сабынды негіз (орнына бояу мен қоспасыз балалар сабыны жарайды)

- Сабынды массаны езуге таза су немесе шөп қайнатпасы.

- Негізгі май (бадам майы, өрік, шабдалы, кокос және зәйтүн майы тб.)

- Глицерин және Е дәрумені. Бұларды кез келген дәріханадан табасыз. Және шынымен сапалы әрі пайдалы табиғи сабын дайындағыңыз келсе, бұларды міндетті түрде қосыңыз. Себебі, Е дәрумені теріге өте жақсы әсер етеді – оны қоректендіріп, серпімділігі мен тегістігін жақсартады, құрғақтықтан қорғайды. Ал глицерин теріні жақсы жібітіп, ылғалдандырады.  

- Эфир майлары. Бұл міндетті компонент емес, оның ұнаған түрін өз қалауыңызға қарай таңдаңыз.

- Сабынға арналған қалыптар. Міндетті түрде арнайы қалып сатып алудың қажеті жоқ – кез келген пластмасса, шыны не саздан жасалған ыдыс та жарай береді.

Сонымен қатар, сізге сабынға арналған әр түрлі табиғи қоспалар қажет болады. Бұл өзіңізге ұнаған өсімдік пен шөп болуы мүмкін. Оларды жасайтын сабыныңыздың косметикалық сипатына қарай таңдайсыз. Мысалы, егер сабынға үгілген сұлы ұны қосылса, ол майлы теріге арналған керемет құрал болып шығады. Ал цитрустылардың қабығын қоссаңыз – целлюлитке қарсы тұруға көмектеседі. Үйде жасалған сабын құрамына какао немесе кофе салсаңыз – ол скраб-сабынға айналады. Ал егер сабынның косметикалық сипатына анық талабыңыз болмаса, қырмызы не түймедақ сияқты әмбебап шөптерді қоссаңыз болады.       

Сабынды қалай қайнатамыз?

Үлкен және кішкентай екі кастрөлді алыңыз. Үлкеніне толтырмай су құйып, отқа қойыңыз. Кіші кастрөлді үлкенінің ішіне салыңыз – осылайша су моншасын жасайсыз.

Енді балалар сабынын ұсақ үккіштен өткізіңіз (оны алдын ала жылытып алуға болады) немесе арнайы сабынды негізді дайындаңыз.

Үлкен кастрөлдегі су қатты қызғанда, кішкентай кастрөлге аздап зәйтүн майын құйыңыз – әр 100 гр сабынға 2 ас қасық майдан есептеңіз. Май бірден дерлік ысиды, енді оның үстіне сабын ұнтағын себу керек. Артынша 100 мл ыстық су (не шөп қайнатпасын) құйып, араластырыңыз. Егер сіз сабынды арнайы дайын негізден жасасаңыз, су құйып қажеті жоқ. Егер балалар сабынынан қайнатсаңыз, қоспаның тым қою болып кетпеуін қадағалаңыз – оның консистенциясы құймаққа арналған қамырға ұқсас болуы тиіс, ал сабынды негізден жасалғаны біршама сұйық болып шығады.

Сабынға бояғыш, қоспа және дәрумендерді қосыңыз. Эфир майларын ең соңында, қалыпқа құяр алдында қосасыз.

Қоспаны қалыптарға құйыңыз. Балалар сабынынан жасалған қоспа болса, қалыпты алдын ала майлап алған дұрыс (зәйтүн, шабдалы, өрік, бадам майы, т.б.).

Жасалу жолы осымен аяқталды, енді қалыпқа құйылған балалар сабынының негізіндегі қоспаны 4-5 сағатқа, ал сабынды негізден қайнатылғанын 1-2 сағатқа қойыңыз. Осы уақыттан кейін сабынды қалыптан алуға болады. Егер оңай шықпаса, қалыпты бірнеше секундқа ыстық суға батырыңыз. Дайын сабынды целлофан немесе аспаздық қаптамаға орап қою қажет.

Байқағаныңыздай, сабын дайындау соншалықты қиын емес. Бірнеше рет жасап көргеннен кейін, сіз табиғи сабынның түр-түрін шебер жасай аласыз. Мысалы, түрлі-түсті, қосқабатты, аралас сабындар жасауға болады.

Мұндай сабын жақын адамдарыңызға керемет сыйлық болары сөзсіз: пайдалы, табиғи және өз қолыңызбен жасалған...

Суреттер: moldpas.com, happyhome.ladybye.ru, mikolka.info 

12720 18
Рейтинг: +0

Қосылған күні: 06 сәуір 2012, 14:57
Пікірлер
+0
06 сәуір 2012, 15:02

уау ) менің жасағым келіп тұр ;)

+0
06 сәуір 2012, 15:07

Қолдан жасалынған сабындарға жаным құмар. Үйде жасап көру керек екен :idea:

+0
06 сәуір 2012, 15:16

Қолдан сабын жасап көрмеппін ))) Көру керек екен жасап :P

+0
06 сәуір 2012, 15:19

Қызық екен. Қажетті заттары болса аса қиындығы жоқ сияқты. Баяғыда ауылда тұрғанда атам бір шөптен сабын қайнататын. Таза табиғи сабынды сақар деп атайтынбыз.

+0
07 сәуір 2012, 18:05

Алабұта деген шөпті өртеп, күлінен жасайды. Біздің жақта көөөп өседі :)

+0
06 сәуір 2012, 15:23

Біз жақта тауда өседі сабын деген)

+0
06 сәуір 2012, 15:24

Сіз жақ қай жақ еді )))

+0
06 сәуір 2012, 15:25

ОҚО! Қазығұрт тауының бөктерінде бір өсімдіктің тамыры сабын есебінде қолданылады! БизнесМЕНдерге құлаққағыс!

+0
06 сәуір 2012, 15:27

Өзіміздің Қазығұрт па ) Естімеппін

+0
06 сәуір 2012, 15:28

:) өзіміздің Қазығұрт! Таудың адамы тау қарап өседі деуші еді, сіз қайда қарап жүргенсіз))) Қазығұрттансыз ба?

+0
06 сәуір 2012, 15:29

ааа, Қазығұрттан емеспін, Шардара ғой, Шымкенттік болып кеткенбіз біраз жылдан бері )))

+0
06 сәуір 2012, 15:44

Кәдімгі сабын күйінде өсе ме? Тек упаковка жасай саламыз деңізсей :mrgreen:

+0
06 сәуір 2012, 15:45

упаковкасымен егіп печатымен шығарып жатырмыз) Гарантия 100 жыл деген жазуы бар. Жер ана беріп жатыр ғой)

+0
06 сәуір 2012, 15:30

Бәсе өткенде Шардараға барсам адам жоқ)) Бәрі оқуда дид та! :D

+0
06 сәуір 2012, 15:57

баяғы замандары сүйекті қайнатып,сабын жасаушы еді апамыз,,Мындағы 5суреттен жүрегім айнып тұрғаны.Ал былай қатты ұнайды сатылатын сабындар кокос,шоколадпен,бірақ қымбат қосқабаттылары(((

+0
06 сәуір 2012, 16:11

Күшті! істеп көру керк

+0
27 ақпан 2014, 15:00

Керемет екен!!!Тамаша!!!Бұның видеосы болса тіпті қатып кетер еді...

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Ең қызықты блогтар

Түс туралы не білеміз?
Түс туралы не білеміз?

Келесі кезекте, түс жайлы қызықты фактілерді келтіремін

Моана
Моана

Жаңадан шыққан Диснейлік мультфильм балалар жүрегін жаулап алды.

Автор: Medina Musa
БІР ҒҰМЫРДЫҢ БАЯНЫ (әңгіме)
БІР ҒҰМЫРДЫҢ БАЯНЫ (әңгіме)

Әншейінде күзгі аспанға ұқсап тұнжырап жүретін қарттың ерекше ықтиярлы болып...

Ақ қайың
Ақ қайың

Менің үшінші әңгімем...

Парадокс интенциясы һәм Өмірдің МӘНі ....
Парадокс интенциясы һәм Өмірдің МӘНі ....

Қызықты кітап оқығыңыз келіп жүрсе, оқып шығыңыз....

Автор: Ayazhan Muhatay

Соңғы аудармалар

EXO - Lucky One [kaz_sub]
EXO - Lucky One [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық әйгілі бойз-бэнд EXO тобы бүгінде дәурені жүріп, дүркіреп тұрған топ болып отыр. Жігіттер тобы тек Оңтүстік Кореяда ғана емес, Азияда танымал. Қазақстанда да EXO тобының жанкүйерлері жетерлік. Басында он екі қатысушыдан құралғанымен, бүгінде топта он өнерпаз өнер көрсетеді. Әр қатысушы жан-жақты, талантты. Біз бұған дейін аталған топтың бірнеше бейнебаянын қазақшаға аударған едік. Назарларыңызға топтың "Lucky One" туындысын қазақша субтитрмен ұсынамыз. Аударған: Жарылқасын Мырза Тайминг,...

IU - The shower [kaz_sub]
IU - The shower [kaz_sub]

Ли Чжи Ын – оңтүстік кореялық 23 жасар әнші қыз. Оның сахналық есімі «I and You» (мен және сен) әуен арқылы бір бүтін бола аламыз дегенді білдіреді....

Күн ұрпақтары/ Сошедшие с солнца / Descendants of the Sun [kaz_sub]
Күн ұрпақтары/ Сошедшие с солнца / Descendants of the Sun [kaz_sub]

Ел: Оңтүстік Корея  Жанр: романтика, медицина, драма, комедия, боевик  Жыл: 2016  Режиссер: Ли Ын Бок Басты рөлдерде: Чжин Гу, Сон Хе Ге, Сон Джун...