Оқи отырыңыз

Көркем сөз – көңіл тілі,
Жалаң сөз – зейін тілі.

Автор: Ахмет Байтұрсынұлы

— Редактор бағаны —

Массагет жастарды жұмысқа шақырады
Массагет жастарды жұмысқа шақырады

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Бойжеткен / Шаңырақ / Ет турай білесіз бе?

Ет турай білесіз бе?

Ет турай білесіз бе?

Қазақ халқы торқалы тойын да, топырақты өлімін де мал сойып, ет асып өткізеді. Туыс-туғанымен, аға-бауыр, жегжат-жұратымен қуанышты да, қайғыны да бірге бөлісіп жатады. Қазақ дәстүрінде, салтында ет тураудың өзіндік ерекшеліктері болады. Ал ет тураудың әр ру, әр жеріне қарай әртүрлі үлгілері бар. Енді мұның бәрін санамалап отырсақ біраз әңгімеге баруға болар еді.

Ет тураудың осындай әр алуан әдістері сақталғанымен, дәл бүгінгі күнде мұның бәрі ұмыт бола бастаған сыңайлы. Кейде той-томалаққа бара қалсаңыз ет турайтын жөнді адам табыла қоймайды. Жөнді адам табылмайды деп отырғанмыз да сол, дәстүрді білетін, «етек-жеңі кең» азамат қалалы жерде жоқтың қасы. Алдыға келген дастарқанды пышақ жоқ жерде қалай-болсын солай жұлмалап, ал пышақ болғанның өзінде жөнсіз қидалап, дәмді астың берекесін қашырады. Ал шын мәнінде ет турай білудің өзін қазақ ержігітті сынайтын өлшемнің бірі деп санаған. Төменде халқымыздың ет турау дәстүрінің бірнеше түрін таныстыра кетейік.

Ет тураудың әр алуан әдісі болғанымен, ең бастысы төмендегі үш негізгі тәсілге табан тірейді. Оның басты ерекшелігі жеуге қолайлы болу үшін.

***

Біріншісі, ұсақтап турау. Ет талшықтарының тарам-тарам бойына қарай сыдырмай, талшықты қиып, ұсақтап турайды. Сол кесуге байланысты кей жерде мұны «қия кесу» немесе «үгіп турау» деп айтады.

***

Екіншісі, жапырақтап турау. Етті қалың кеспей, барынша жұқалап кесу. Ең жақсысы, туралған еттің қалыңдығы ағаш жапырағындай болуы тиіс. «Жапырақтап кесу» деп аталуы осыған қаратылған. Ал бұлай турай алмаған жағдайда жапырақтап туралған еттің қалыңдығы қолдағы бәкінің (пышақтың) қалдыңдығынан асып кетпеуі керек.

***

Үшіншісі, Кесек турау. Ет арық та, семіз бола береді. Ал майлы семіз етті көбінде осылай кесектеп турайды. Бұл деген сөз қара кесек етке азырақ май іліндіріп немесе майлы етке аздап ет іліндіріп турауды айтады. майы мен қара кесегін бөлек турауға болмайды. Мұндай бірге туралған ет тіске кірмейді, жүрекке тимейді әрі оңай қорытылады. Дәмді болады. Міне бұл кесектеп турау деп аталады.

Дайындаған: Алшын Матай

Сурет: elares.net

4045 0
Рейтинг: +0

Дайындаған: Қайсар Қауымбек
Қосылған күні: 22 маусым 2013, 15:04
Пікірлер
Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Ең қызықты блогтар

Жасанды тіс-имплантат
Жасанды тіс-имплантат

Оқып,көңіліңізбен бөлісе отырыңыз!

Тыйым салынған махаббат
Тыйым салынған махаббат

Кино-сериалдағы махаббат өмірде бар ма екен деген сұраққа жауап

Бақытты едім...
Бақытты едім...

Бұл жазып отырғаным дұрыс па, бұрыс па білмеймін...

Автор: Misha Serikov
МЕН КӨЗБІН
МЕН КӨЗБІН

Жансыз көзге жан бітірдім


Соңғы аудармалар

Хён/ Аға/ Brother
Хён/ Аға/ Brother

Ел: Оңтүстік Корея Жыл: 2016 Режиссер: Квон Су Гён  Сценарийін жазған: Ю Ён А  Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев Басты рөлдерде: ДИО (Exo тобының әншісі) мен Чо Джон Сок 

Елес ерткен
Елес ерткен

Түпнұсқа атауы - Sen to Chihiro no kamikakushi Орысша атауы - Унесенные призраками Мемлекет: Жапония Жылы: 2001 Түрі: аниме Режиссері: Хаяо Миядзаки Жанры: шытырман...

Секундына 5 сантиметр
Секундына 5 сантиметр

Түпнұсқа атауы - Byôsoku 5 senchimêtoru Орысша атауы - 5 сантиметров в секунду Мемлекет: Жапония Жылы: 2007 Түрі: аниме Режиссері: Макото Синкай Жанры:...