Оқи отырыңыз

...театр деген нәрсе ермек емес, көңіл көтеру де емес, ол – үлгі, ол – тәрбие, өнер орны.

Автор: Ж.Аймауытов

— Редактор бағаны —

Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында
Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Бойжеткен / Шаңырақ / Әйел бақытын аңсасаңыз...

Әйел бақытын аңсасаңыз...

Әйел бақытын аңсасаңыз...

Әрбір жеке адамның өмірінде гүлдің атқаратын орны ерекше. Біреулер оны жанындай жақсы көреді, екіншісі туған баласындай қамқорлық танытады, енді бірі гүлдерге қарап отырып, ләззат алады, демалады, ал келесілері гүл атаулыға немқұрайлылық танытады. Келісесіз ғой? Соңғы пікірдегі адамдардың ойын бүгінгі жазбамызға арқау болатын "Әйел бақыты" гүлі өзгерте алады деген сенімдеміз.

"Әйел бақыты" – сүюді сүйетін сүйкімді гүл. "Әйел бақыты" – құмыраның сиқырлы да сыры мол тұрғыны. Сиқырлы деуіміз бекер емес. Өйткені, бұл гүл ерте замандардан бері әйелдерді жалғыздықтан арылтып, бақытты отбасылы өмірге жетелейтін болған екен. Және мұндай оқиғалар тарихта аз болмаған көрінеді. Мыңдаған әйелдер өздерінің үйлеріне "Әйел бақыты" гүлін қойғаннан кейін, өз жартыларын, көп жылдар бойы күткен махаббатын кезіктірген. Сондай-ақ, бұл гүл сөнген сезімдер мен махаббатты оятуда да едәуір еңбек сіңіре алады. Гүлдің көмегімен ерлі-зайыптылар татуласып, бақыт құшағына енеді. Мамандар, жоғарыда аталған мәселелер өміріңізге көлеңке түсіріп жүрсе, әйел бақытын аңсасаңыз, "Әйел бақытымен" дос болыңыз, деп кеңес береді. Айтпақшы, сиқырлы гүлдің тосын сыйлары мұнымен бітпейді. Оның ең күшті құдіреті – әйел затына "ана" атануға себепкер бола алатындығы дер едік.

Асылында халық арасында бұл гүлдің спатифиллум (spathiphyllum) деген негізгі атауы ұмыт болып қалған. Есесіне елге сіңген еңбегі үшін "Әйел бақыты" деген құрметті атақ беріліп, ұзақ уақытқа сақталып қалды.

"Әйел бақыты" туралы:

Әдетте спатифиллум қыс мезгілінің соңы мен күзге дейін гүлдейді. Сонымен қатар, көктем-күз және күз-қыс аралығында бүр жаратын сорттарын да кезіктіруге болады. Гүлі ақ қанатты еске салады: дәл сондай ақ, дәл сондай жүрек пішінді. Гүлдің құрамында майда гүл шоғырлары бар собық бар, олар ақ жаулықты "құшақтап" жатыр. Собығы ақ-сары немесе қара қошқыл түсті бола алады. Қатты пісіп-жетілген кезінде ақ түсті гүл ашық жасыл түске ауысады.

"Әйел бақытыңыз" жақсы өсіп, әдемі болып гүлдесін десеңіз, мына ережелерді жадыңызда ұстаңыз:

1. Гүлді тура күн көзіне қаратып қоюшы болмаңыз, оның ең жақсы көретін жері – көлеңке немесе жасанды жарықтандыратын орындар;

2. Бірқалыпты суғарып, су бүркіп тұрыңыз, өйткені, гүл дымқыл ауаны жақсы көреді.

3. Құмыраның түпқоймасына 1-2 сағаттан артық су құйып қоймаңыз.

4. Гүліңіздің өсу қарқыны жақсы болса, әр көктем сайын, оны үлкен құмыраға ауыстырып тұру қажет. Гүл бостандықта, тамыры кең жайылғанда ғана жақсы өседі.

5. "Әйел бақыты" өсіп тұрған бөлменің температурасы 18-23 ˚С болуын қадағалаңыз, ол осындай температурада жақсы, сапалы өседі, гүлдері де әдемілене түседі.

6. Егер гүл қаулап өсіп, жылына бір рет гүлдеп тұратын болса, сіз оған жақсы қарап жүрсіз және отбасыңызда бәрі жақсы деген сөзді білдіреді. Мұндай гүлді бөлісу керек. Оның бір бұтағын құрбыңызға немесе жақын танысыңызға беріп, жақсылық жасаңыз. Біреуге "Әйел бақытын" сыйлау арқылы өз бақытыңызды кеңейтесіз.

7. Егер гүлдің жапырақтары құрғап, қурап, қарая бастаса, күтіміңізді арттырыңыз немесе отбасыңыздағы жағдайды жақсартуға күш салыңыз.

"Еркек бақытымен" бірге одан да жақсы

Қарапайым өмірде әйел бақытын ер адамсыз елестету мүмкін емес. Сондықтан да сиқырлы спатифиллум гүлін антуриум атты гүл толықтыра алады. Антуриум ел аузында "Еркек бақыты" деген атпен кең танылған. Екі гүл қатар тұрғанда, әдемі көрініп қана қоймай, отбасындағы қарым-қатынасқа оң әсер етеді. Бейкүнә әрі салтанаты келіскен ақ спатифиллум мен қызуқанды қызыл антуриум үлгілі, табысты отбасын, әйел мен еркек махаббатын нышандайды.

Гүлді сыйлыққа алған жақсының жақсысы ғой, егер ол бақытты сәтті күткіңіз келмесе, өзіңіздің сатып алып, асырап-бағуыңызға ешкім кедергі емес.

 

Суреттер: zhenskoe-schastie.ru,blogs.privet.ru

Дайындаған: Айгерім Сматуллаева

37140 7
Рейтинг: +2

Дайындаған: Кәусар Мұң
Қосылған күні: 13 маусым 2013, 14:27
Пікірлер
+0
13 маусым 2013, 14:48

Шынымды айтсам, бірінші рет естіп отырмын. Мамаға не сыйларымды білмей жүргем... Мына гүл жақсы сыйлық болатын тәрізді :roll:

+0
13 маусым 2013, 14:53

ал мен осы гүлді сыйлыққа көптееееееееен бері күтіп жүрмін))

+0
13 маусым 2013, 14:53

онда желтоқсанға дейін күт :D

+0
13 маусым 2013, 15:45

Есте сақтайтын сыйлықтардың бірі болатын болды ғой.)

+1
13 маусым 2013, 18:01

"әйел бақытына" қарағанда "еркек бақыты" гүлі ұнайды. Гүлі қатты, әрі ұзақ тұрады, көзге де әдемі көрінеді. Мамама, не ұстазыма осы гүлдерді таңдағанда ұзақ тұрып таңдаймын. Қызыл гүлін алғым келеді, бірақ ол ерлерге арналған. Ал қыздарға арналғаны жарамсыз жерлері көп болады гүл салондарында. )

+0
12 сәуір 2014, 23:43

Екі түрі де өте әдемі екен! КЕРЕМЕТ!!!

+0
21 ақпан, 21:50

Курап қалған жапырағын киып тастауга болады ма?

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Ең қызықты блогтар

"Том Сойермен балалық шаққа..."

Марк Твеннің таңдаулы туындылары

Автор: Nazym Samet
Жетінші аптаның үздік блогы
Жетінші аптаның үздік блогы

Демалыс кезінде блог жазуға да уақыт тапқан оқырмандарымызға алғыс айтамыз

"Мен өзінді теңдесі жоқ құдірет деп түсінем!.."

. Әлемде миллиондаған аналар бар. Олардың әрқайсысы ерекше, әрі қайталанбайтын...

Мен мақтан тұтамын!
Мен мақтан тұтамын!

“Дарын – армандардың орындалатын құт мекені” деймін.

Егер мен жазушы болсам...
Егер мен жазушы болсам...

Егер мен жазушы болсам, "Махаббат, қызық мол жылдар" романының шешімі қандай...

Төрт алынған екі
Төрт алынған екі

Төрт алынған екі деген есепке төрт деп жазғаным себепті, мұғалімнен екі күн сын...

Автор: Естен Ербол

Соңғы аудармалар

Елес ерткен
Елес ерткен

Түпнұсқа атауы - Sen to Chihiro no kamikakushi Орысша атауы - Унесенные призраками Мемлекет: Жапония Жылы: 2001 Түрі: аниме Режиссері: Хаяо Миядзаки Жанры: шытырман оқиға Аударма: Темірлан Бредин, Айза Берікболова Дыбыстаған:...

Секундына 5 сантиметр
Секундына 5 сантиметр

Түпнұсқа атауы - Byôsoku 5 senchimêtoru Орысша атауы - 5 сантиметров в секунду Мемлекет: Жапония Жылы: 2007 Түрі: аниме Режиссері: Макото Синкай Жанры:...

Red Velvet - Rookie [kaz_sub]
Red Velvet - Rookie [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық "Red Velvet" қыздар тобының жаңа жұмысын қабыл алыңыздар. 2014 жылы құрылған топ сәтті жұмыс істеп келеді. Аталған әнге түсірілген бейнебаян да ашық...