Оқи отырыңыз

— Редактор бағаны —

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Бойжеткен / Шаңырақ / Әйел туралы

Әйел туралы

Әйел туралы

Ана туралы, әйел заты туралы айтылымдардан:

***

Дүниеде әйелдің көзінен артық қызықтыра алатын, әйелдің көзінен артық сиқырлап қаратып кете алатын күш жоқ қой деймін. Қалай да, байлық, мәнсап, тіпті қоғамдық дәреже дегендердің бірде-бірінде ондай күш жоқ. Бәрі бірге қосақталып келіп мойныма асылса, бәрін сілкіп тастап, оқтай қадалған әйел көзіне қарап тұра берер едім.

***

Менің байқауымша, сұлу әйелді ит қаппайды. Сұлулықты ит те сезеді.

***

Әйелді естілік жеңсе сұлулығы арта түседі. Сұлулығы жеңсе естілігі де, сұлулығы да солғындай түседі.

***

Әйелді сүю үшін білу ғана жетпейді, сезіну керек. Ең керегі осы.

***

Әйел ашуланса жеңіледі, еркелесе жеңеді.

***

Шаңырақтың шайқалуы көп келіншектің өзінің харекетін ұмытып, балалардың анасымын деп қана ойлауынан басталады.

***

Әр әйел өзінше әдемі, әттең! Соның көру бұрышын таба білмейміз.

***

Еркектен әйелді мықты, шыдамды етіп жаратқан. Сондықтан да оларға әлмисақтан бері үстемдік етуге тырысып келеміз.

***

Нағыз ер жігіт кіріп келсе, әйелдер өздерінің бір кезде қыз болғанын салған жерден ұға қояды.

***

Әйел кіндігінде әлем айналады.

***

Әйелдер туралы ұлылар:

Әйел заты қашан да еркектің еркін билеп, оның жоғын оңға бастауға да, теріс келтіруге де, бақытқа кенелтуге де, мерт қылуға да тікелей себепкер болып отырады (Әл-Фараби)

***

Ұлттың болашағы әйелдің қолында (Балзак)

***

Адам баласының адамшылық жолындағы таппақ таразияты, әйел халіне жалғасады. Сол себепті, әйелдердің басындағы сасық тұман айықпай, халыққа адамшылық бақытты күні күліп қарамайды. Ал мешел болып қалам демесең, тағылымыңды, бесігіңді түзе. Оны түзеймін десең әйелдің халін түзе. (Мұхтар Әуезов)

***

Жігіттің алғанына қарап бағын сына, жолдасына қарап бағын сына (халық мақалы)

 

Дайындаған: Алшын Матай

Сурет: baidu.com

15016 6
Рейтинг: +0

Дайындаған: Қайсар Қауымбек
Қосылған күні: 04 маусым 2013, 18:57
Пікірлер
+0
04 маусым 2013, 19:04

Әйел ашуланса жеңіледі, еркелесе жеңеді. Рас

+0
04 маусым 2013, 21:07

Бірінші сөз Ғабеңдікіі ау-деймін

+0
05 маусым 2013, 08:52

ай, әйелдер-ай, әйелдер!!

+0
05 маусым 2013, 10:48

Менің байқауымша, сұлу әйелді ит қаппайды. Сұлулықты ит те сезеді. :)

+0
08 маусым 2013, 14:01

Балзак емес Бальзак, мүмкін техникалық қате болар, бірақ түзетіп қоюға әлі де кеш емес.
Жігіттің алғанына қарап бағын сына, жолдасына қарап бағын сына (халық мақалы) екі рет "бағын" емес болар

+0
10 қыркүйек 2013, 11:23

Әйелдерді еркектерден көп дейді, -

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Ең қызықты блогтар

ШОКО ƏЛЕМ-5
ШОКО ƏЛЕМ-5

Аждан айдаһар

АҚ КӨЙЛЕК
АҚ КӨЙЛЕК

Күйеу жігіт қалыңдықты құшып тұр, Қалыңдықтың қыпша белі үзіліп.

"Димаш атақты ма, Головкин атақты ма?"

Бірі – Батысты, бірі – Шығысты мойындатқан, мойындатып жүрген тұлғалар.


Соңғы аудармалар

38-параллель
38-параллель

Ел: Оңтүстік Корея Режиссер: Кан Джегю Жылы: 2004 Басты рөлдерде: Чан Дон Ган, Вон Бин Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев

Хён/ Аға/ Brother
Хён/ Аға/ Brother

Ел: Оңтүстік Корея Жыл: 2016 Режиссер: Квон Су Гён  Сценарийін жазған: Ю Ён А  Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев Басты рөлдерде: ДИО (Exo тобының әншісі) мен Чо...

Елес ерткен
Елес ерткен

Түпнұсқа атауы - Sen to Chihiro no kamikakushi Орысша атауы - Унесенные призраками Мемлекет: Жапония Жылы: 2001 Түрі: аниме Режиссері: Хаяо Миядзаки Жанры: шытырман...