Оқи отырыңыз

Болмысты да, болмасты да,
Болады деп арманда!

Автор: Мұқағали Мақатаев

— Редактор бағаны —

Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында
Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Бойжеткен / Шаңырақ / Сенбілік. Кір жуу кондиционері қаншалықты қажет?

Сенбілік. Кір жуу кондиционері қаншалықты қажет?

Сенбілік. Кір жуу кондиционері қаншалықты қажет?

Кір жуу - үй шаруасының ішіндегі ең қиындарының бірі десе болады. Алайда пайда болған кір жуғыш машиналары әйел затының қанша уақытын босатты. Сонда да кір жуу маңызды шаруалардың бірі болып қала бермек.

Кір жууға не қажет? Дұрыс, кір жуғыш ұнтақ. Ал қолмен жуатын болсаңыз, кір сабын. Бірақ та қазіргі дүкендердің сөрелерінде кір жууға арналған сұйықтықтардың түр-түрін көруге болады.

Осы жерде ерекше атап өтетін кондиционер атты кір жууға арналған сұйықтық. Бірақ кондиционер кір жууға соншалықты қажет пе?

Осы заңды туындаған сұраққа, кезінде кір сабынмен-ақ жуып, киімді күтті емес пе деп жауап берсе де болады. Бұған айтарымыз, біздің әжелеріміздің заманында кондиционерлердің қажеті шамалы болған. Себебі киімнің көбісі табиғи маталардан тігіліп, антистатикалық эффекттің қажеті болмаған. Ал қазір, біз синтетикалық, жасанды маталардан тігілген киімдер киеміз. Олар арзан және тозбайтын болса да, бір жаман қасиеті - бұндай киімнің өзінен-өзі электрлендірілуі. Осының алдын алатын кондиционер, киімге жақсы иіс беріп, түсін жаңартады.

Кондиционер құрамында не бар?

Басты құрамы - беткі активті катионды заттар, сондай-ақ су, силикон, консерванттар, бояғыш заттар және т.б. Катионды заттар киімді жұмсақ қылады. Силикон бұл эффекті арттырады. Барлық құрамдас бөліктердің мақсаты - киімді тозудан сақтап, түсін айқындай түсу.

Жұмсақ қылу эффектісі

Кондиционердің басты мақсаты - киімді жұмсақ қылуы. Бірақ, бұны қалай істейді екен? Құрамындағы біз атап өткен катионды заттар киімнің талшықтарының арасына сіңіп, бір-біріне сырғанауын арттырады. Бұл өз кезегінде талшықтарға жабыспайтын қылады, әрі ұстағанда жұмсақ болады.

Антистатикалық эффект

Антистатикалық эффект киім бетінде электрлік зарядтың пайда болуына бөгет істейді. Заряд болмаса, киім өз-өзіне жабысып тұрмайды. Осының алдын алатын кондиционер көбінесе осы мақсатта пайдаланылады.   

Үтіктеуді жеңілдету эффектісі

Кондиционермен шайылған киімдерді үтіктеу жеңілірек екені рас. Неліктен? Сол баяғы катионды заттар киімді жұмсартып, киімді жуу барысында азырақ умаждайды. Ал пайда болған бүрмелер оңайлықпен үтіктелінеді. Үтіктеуді жаман көретін адамдарға кондиционер таптырмас дүние. 

Кір көтеру және тез кебу эффектілері

Кірді кондиционермен шайғанда киім талшықтарының бетінде қорғаныс қабат пайда болады. Бұл қабаттың жақсы екі қасиеті бар. Біріншісі - киімнің кір көтеру қабілетінің артуы. Түскен кір келесі жуғанда оңайлықпен кететін болады. Екінші қасиет - киімнің тез кебуі. Пайда болған қабат судың киімге сіңуіне ырық бермей, оны қатты ылғал қылмайды. Нәтижесінде, киім оңай, тез кебеді.

Иіс беру эффектісі

Қазіргі кір жуғыш ұнтақтардың да жұпар иіс беру қасиеті бар. Сондықтан кондиционердің бұл өнері онша да керек емес сияқты. Сонда да жұмсақтықпен қосқанда иіс те ерекше болар. 

Тозудан сақтану және киім пішінін сақтау 

Кондиционер құрамдас бөліктері әсерінен киім пішіні жақсы сақталынып, мата берік болып қалмақ. 10-15 жуудан кейін киімнің өзіндік қорғанысы жойылып, тоза бастайды. Ал бірінші жуғаннан кондиционер қолдансаңыз, киіміңіздің ғұмырын әлбетте ұзартасыз.  

Түстердің сақталуы 

Бұл жерде де кондиционердің көмегі зор екен. Жарқын түсті киімдер үшін бұл өте қажет. Кондиционер бұған қалай қол жеткізеді деп ойлайсыз ба? Жоқ, ол киімдерді боямайды. Ол тек талшықтардың байланып, бір жерге жиналып қалуына жол бермейді. Нәтижесінде киімге түскен жарық матаның түсін дұрыс, айқын көрсетеді. 

Кондиционерді қалай қолданады?

Егер сіздің үйіңізде кір жуғыш машина болса, кондиционер қолдану аса қиын болмас. Керек мөлшерде арнайы бөлімшеге құйып, батырманы бассаңыз болғаны. Ал егер сіз қолмен жуатындардың қатарынан болсаңыз, киімді шайғанда кондиционер қосып, 5-10 минутқа қалдырыңыз. Кондиционерді қандай мөлшерде қосу керек деген сұраққа  сол кондиционер қорапшасынан жауап іздеген дұрыс. Мөлшердің аз болуы да, тым көп артылуы да киімге жаман әсер қалдырады. Сондықтан әр кондиционердің құрамы мен сұйытылғанына байланысты киім салу мөлшері де әр түрлі болмақ.

Сурет:  marylouise22.wordpress.com.


5285 0
Рейтинг: +0

Дайындаған: Сания А
Қосылған күні: 24 наурыз 2012, 12:05
Пікірлер

Бұл жазбаға әлі пікір жазылған жоқ. Бірінші болып пікір білдіріңіз.

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Ең қызықты блогтар

Хандардың ойыны
Хандардың ойыны

қазақтың ұлттық ойындар қатары толығып жатыр

Автор: Ұлжан Лайық
Гарри Поттер кітабы туралы...
Гарри Поттер кітабы туралы...

Сіз білмеген қызықты мәліметтер

Əлеуметтік желі...
Əлеуметтік желі...

Виртуалды өмір...


Соңғы аудармалар

Red Velvet - Rookie [kaz_sub]
Red Velvet - Rookie [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық "Red Velvet" қыздар тобының жаңа жұмысын қабыл алыңыздар. 2014 жылы құрылған топ сәтті жұмыс істеп келеді. Аталған әнге түсірілген бейнебаян да ашық түске толы, көңілді. Бұл – топтың негізгі ұстанымы. 

EXO – For Life [kaz_sub]
EXO – For Life [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық-қытайлық бойз-бэнд EXO "For Lifе" бейнебаянымен қайта оралды. К-поперлер жақсы білетіндей, 2016 жылдың 5 қазанында S.M. Entertainment EXO-ның ізбасары EXO-CBX тобын...

JESSICA – Wonderland [kaz_sub]
JESSICA – Wonderland [kaz_sub]

Джессика Чон – корей-американ тегінен шыққан әнші, биші, актриса, модель. АҚШ-тың Калифорния штатында туған. Ағылшын, корей тілдерін жетік меңгерген. Girls’...