Оқи отырыңыз

Көркем сөз – көңіл тілі,
Жалаң сөз – зейін тілі.

Автор: Ахмет Байтұрсынұлы

— Редактор бағаны —

Массагет жастарды жұмысқа шақырады
Массагет жастарды жұмысқа шақырады

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Бойжеткен / Шаңырақ / Отбасы күнін көңілді өткізіңіз!

Отбасы күнін көңілді өткізіңіз!

Отбасы күнін көңілді өткізіңіз!

Бүгін - халықаралық отбасы күні. Күн сәрсенбі болса да, жұмысыңыздан ертерек босап, отбасы мүшелеріне көңіл бөлуге тырысып бағыңыз. Өйткені, отбасы - дүниедегі ең маңызды, ең құнды ұғым. Жұмысыңыз сізді үйде күліп қарсы алмайды, құшақтамайды және жылулық сыйламайды, қайғыңызды бөліспейді. Сондықтан, жылына бір рет келетін күнді бос өткізіп алмаңыз дегіміз келеді.

1. "Күн шыққанда күліп оян". Сүйікті жарыңыздың бас жағына ұнататын шоколадын немесе гүл шоғын қоюға болады. Немесе көптен бері армандап жүрген асхана құралдарын сатып алып беріңіз. Бұл оны қуантады. Күйеуіңізге көптен бері дайындамаған сүйікті асын әзірлеңіз. Ортақ мереке болғандықтан дастархан әзірлеуге барлық мүшелердің қатысқаны дұрыс. Әлдеқайда қызықтырақ болатындығына сенімдіміз. Әлі де кеш емес. Кешкі асқа үлгеруге әбден болады.

2. "Сыйға - сый...". Мереке болған соң, міндетті түрде тарту етілетін сыйлықтар да болады. Сіздің де  дәл осы күні жарыңызға, ата-анаңызға, перзентіңізге, бауырларыңызға сыйлық жасап, қуаныш сыйлау мүмкіндігіңіз бар. Егер сіздің атаңыз не әжеңіз болса, оларға ескі суреттері жинақталып салынған фотоальбом сыйлаңыз. Көне көзді адамдар ескі суреттерге қарап, өткенді еске алғанды ұнатады. Немесе  ол кісілердің заманынан көрініс беретін ескі әндер жазылған үнтаспа сыйлаңыз. Отбасыңыздың барлық мүшелері түскен әдемі суретті үлкен рамаға салып сыйласаңыз, барлығы да дән риза болмақ. Және жанұяңыздың мүшелерінің суреті бейнеленген шыныаяқтар немесе тарелкалар ұсынуға да болады.

3. "Мерекем - жанға жайлы шуағым...". Бір ғана кешкі ас мерекенің сәнін аша алмайды. Сондықтан көңіл-күйге лайықты әуендер, қызықты ойындар мен конкурстар ойлап табу керек. Жанұяңызда балабақшаға баратын бөбектер болса тақпақтарын тыңдаңыз, тәттілер үлестіріңіз.

4. "Бірге өткен күннің бәрі аңыз...". Мерекелік дастарханнан кейін серуенге аттансаңыз артық емес. Немесе театрға, кинотеатрға, циркке бас сұғыңыздар. Бүгін М. Әуезов атындағы Мемлекеттік Академиялық Театрынан "Шәкәрім" қойылымын, Ғ. Мүсірепов театрынан "Күшік күйеу" қойылымдарын тамашалау мүмкіндігі бар. Қазақстандық кинотеатрлар ұсынып жатқан "Шутки в сторону", "Идеальный голос", "Вспоминая 1942", "Безопасность не гарантируется", "Призраки в Коннектикуте 2: Тени прошлого" атты фильмдерге қалай қарайсыз? 

5. "Отбасы - ошақ қасы". Өкінішке орай, көптеген адамдар отбасын құшу бақытынан мақұрұм қалуда. Сол адамдарды ұмытпаңыз, материалды түрде емес, рухани көмек көрсетуге де болады. Бұл отбасының қадірін түсінуге аса қажет. Бауырмалдық құшақ, жылы күлкі, шынайы сөздер - ол адамдардың армандайтын құндылықтары екенін біліңіз.

Отбасы мүшелерімен естелік суретке түсуді ұмытпаңыздар! Мереке күні жиналған суреттерден альбом жасауды дәстүрге айналдыруға болады.

Отбасыңыз аман болсын!

 

Суреттер:yk-news.kz,vk.com

Дайындаған: Айгерім Сматуллаева

14017 5
Рейтинг: +2

Дайындаған: Кәусар Мұң
Қосылған күні: 15 мамыр 2013, 18:36
Пікірлер
+0
15 мамыр 2013, 17:06

қазақтың әр отбасы бақытты болсын!

+0
15 мамыр 2013, 17:53

айтқаныңыз келсін!

+0
15 мамыр 2013, 17:41

Жақсыы-жақсы кеңестеріңізге көп рахмет!

+0
16 мамыр 2013, 11:41

Ата-анамды құттықтауды ұмытыппын

+0
16 қыркүйек 2016, 16:17

Сәлеметсіздер ме?! Мен Шымкент қаласы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебіндегі 8"С" сыныбында оқимын. Осындай пікірлердің арқасында осы сайттың оқырмандары азда болса да өз отбасына қатысты бағыт-бағдар, мәлімет алуда. Мынадай жақсы мақала жазушыларға мың да-бір рахмет. Мен де кішкене болсада өзіме керектіні түйдім. Алда тағыда сапалы мақалалар күтудемін. :)

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Ең қызықты блогтар

Маған да бір адам керегі анық ...
Маған да бір адам керегі анық ...

Күнделіктен бір жазба ...

Өміріме өрнегін салған - ғаламтор
Өміріме өрнегін салған - ғаламтор

«Ғаламды шырмаған «ғаламтор шырмауынан» шыға алатын шынайы жан бола аламын ба?!»

"Шығарға жол көрсетпесем де, сабырға шақырамын..."

 ОЛ КІСІ - талайдың бірі емес, таңдамасы. Оның өлеңдерінің  бояуы бөлек....

Қазақ футболының ахуалы
Қазақ футболының ахуалы

Қазақтың ырқына бағынбаған бизнес


Соңғы аудармалар

Хён/ Аға/ Brother
Хён/ Аға/ Brother

Ел: Оңтүстік Корея Жыл: 2016 Режиссер: Квон Су Гён  Сценарийін жазған: Ю Ён А  Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев Басты рөлдерде: ДИО (Exo тобының әншісі) мен Чо Джон Сок 

Елес ерткен
Елес ерткен

Түпнұсқа атауы - Sen to Chihiro no kamikakushi Орысша атауы - Унесенные призраками Мемлекет: Жапония Жылы: 2001 Түрі: аниме Режиссері: Хаяо Миядзаки Жанры: шытырман...

Секундына 5 сантиметр
Секундына 5 сантиметр

Түпнұсқа атауы - Byôsoku 5 senchimêtoru Орысша атауы - 5 сантиметров в секунду Мемлекет: Жапония Жылы: 2007 Түрі: аниме Режиссері: Макото Синкай Жанры:...