Еліміздегі ең танымал есімдер

Еліміздегі ең танымал есімдер

Атадан балаға жалғасып, ұрпақтан-ұрпаққа ұласып келе жатқан ізгі дәстүр, тамаша салттарымыздың бірі – ат қою үрдісі. Дана қазақ сәбиге ат қоюға ерекше мән берген. Тіпті осы ат қою дәстүрінен халықтың наным-түсінігін, салт-санасын, арман-мүддесін, эстетикалық талғамын анық байқауға болады. Және уақыт, заман талабына сай, есім талғау, таңдау реті өзгеріп отыратындығы тағы бар. Мәселен, осыдан бірнеше ғасыр бұрын Абылай, Есім, Керей, Ахмет, Ыбырай, Жылқыбай, Қойшыбай сынды есімдер жиі қойылатын болса, бүгінде бұл үрдіс біршама өзгерген. Сөзіміз дәлелді болу үшін total.kz сайтына сілтеме жасай отырып, 2013 жылдың ақпан-наурыз айларында ең көп қойылған есімдердің тізімін ұсынып көрмекпіз.

Қазақстан Республикасының статистика агенттігі ең көп таралған ұл балалардың есімдерін былай деп көрсетеді:

1. Ерасыл

2. Әлихан

3. Санжар

4. Нұрислам

5. Нұрасыл

6. Мирас

7. Артем

8. Арсен

9. Диас

10. Әмір

11. Ислам

12. Әділет

13. Әли

14. Руслан

15. Азамат

16. Алдияр

Агенттік көрсеткіші бойынша қазақстандық ата-аналар өздерінің қыздарына мынадай есімдерді өте көп таңдаған екен:

1. Айзере

2. Айару

3. Інжу

4. Кәусар

5. Айша

6. Аружан

7. Әмина

8. Аяулым

9. Іңкәр

10. Сезім

11. Мадина

12. Дария

13. Диана

14. Аяла

15. Нұрай

16. Жанерке

17. Аяжан

18. Алина

19. Сабина

Болашақта балабақшалар мен мектеп қабырғасына жоғарыдағы есімдерді жамылған бүлдіршіндеріміз аяқ басатын болады деп үміттеніміз. Бөбектеріміз қашанда аман болсын деп тілейік!

Ал сіз балаңызға қандай есім таңдадыңыз?

Суреттер:egemen.kz

Дайындаған: Айгерім Сматуллаева