Оқи отырыңыз

Таудың алдында есеп беріп тұрған жөн...

Автор: Есмұхан Обаев

— Редактор бағаны —

Массагет жастарды жұмысқа шақырады
Массагет жастарды жұмысқа шақырады

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Бойжеткен / Шаңырақ / "Әлди, әлди ақ бөпем..."

"Әлди, әлди ақ бөпем..."

Қазақ халқының қадым замандардан бері қаймағы бұзылмай келе жатқан дәстүрлерін бүгінге ұрпаққа ұлықтау мақсатында "Өмірдің тойы, көңілдің тойы – үйлену" деген тақырыппен бастаған жобамызды жалғастырамыз. Бесік, бесікке салу, қырқынан шығару туралы салт-дәстүрлер бүгінгі жазбамыздың арқауы болғалы отыр.

Бесік – нағыз халық мұрасы, бабаларымыздың ықылым замандардан бері тұтынып келген ата мүлкі. Бесікті Орта Азия мен Кавказ, Үнді мен Қытай жерін мекендейтін халықтардың басым көпшілігі пайдаланған, әлі де пайдаланады. Бесікті дүниеге әкелген – аттың жалы, түйенің қомында тіршілік еткен көшпелі халық. "Бесіктегі бала бес түлейді" деп халқымыз осы кезеңде нәрестенің көп өзгеріп, тез өсіп жетілетінін меңзейді. Халқымызда бесікті екі түрі кездеседі: жер бесік және аспалы бесік.

Қазақ бесігі талдан, қайыңнан иіліп, қашалып әртүрлі пішінде жасалады. Бесік жабдықтары: жөргек, жастық, бесік көрпе, төсеніш, қолбау, тізе бау, түбек, шүмек т.б.

Түбек көбінде фарфордан, шүмек аршадан, асықты жілік сияқты заттардан жасалады. Шүмекті аршадан жасаса, түрлі микробты өлтіріп, аурудың алдын алады. Ал жіліктің адам денесіне кері әсері аз болады. фарфор су тартпайтындықтан, дәретке шірімейді, сасымайды. шүмек ұлға немесе қыз баласына арналуына орай екі түрлі болады. Ұл баланың шүмегінің аузы дөңгелек тесікті болса, қыз баласының шүмегінің тесігі қисық болады.

Жайлы бөленген, қарны тоқ сәби құп-құрғақ күйінде ұйқысы әбден қанғанша, тал бесікте ұйықтай береді. Егер нәресте мазасызданса, үйдің кішкене баласына тербетіп қойып, анасы өз шаруасын алаңсыз тындырады, тамақ іздесе, міндетті түрде бауын босатып емізу керек. Әдетте бесікке бөленбеген, қол-аяғы бос сәби кіші, үлкен дәретіне былғанып, ұйқысы бұзылып, жылауық болады. Түбектің түбіне күл салып, жиі-жиі ауыстырып отыру керек. Жалпы, баланы құндақтап орағаннан гөрі, бесікке жатқызғанның пайдасы көп. Себебі, оны қайта-қайта шешіп, жаялықтарын ауыстырып тұрғанда денесі салқындап, ауырғыш келеді.

Ал енді бесікке салу рәсімі туралы бірер сөз қозғап кетейік. Кіндігі түскен баланы бес күннен кейін бесікке салады. Осы той-томалаққа жиналған ауылдың көрші-қолаң әйелдері шашуларын алып келуі керек. Баланы бесікке бөлеуден бұрын "Тышты ма?" ырымы жасалады. Бесіктің түбек тесігі арқылы бауырсақ, кәмпит және тағы басқа тәтті дәмдер жапа-тармағай астына тосылған алақандарға тасталады. "Тышты ма?" деп сұрағанда, жанкүйерлер іле-шала "Тышты! Тышты!" деп шу ете түседі. Әрбір жақсылықты үнемі шашу шашумен қарсы алатын халқымыздың бұл дәстүрі – "балаға бесік құт дарытсын!" деген асыл ниеттен туған рәсім. "Тыштымаға" қатысқан әйелдер әртүрлі сыйлықтар алып (білезік, сақина, көйлек-мата, тәттілер) алып, риза болып қайтады. Бұл сыйлықты "тыштырма" деп атау қалыптасқан.

40 күн толғанша бөбекті бір күн сабынмен, сумен, бір күн тұзбен, бір күн жұпар иісті шөппен кезекпе-кезек шомылдырады. Тұзды суға шомылып, тұзға піскен сәби шымыр болады, әрі есейген соң денесі зақымданса, жарасы тез жазылады.

Сәби үшін ең елеулі кезең – қырқынан шығару дәстүрі (яғни, шілдеханасын жасау). Қауіп-қатерлі 40 күн өтіп, нәрестенің мойны қатқан соң ата-анасының көңілі орнына түседі. Осы сәтке дейін нәрестенің ішінен туа алынбаған "сүт тырнағы мен қарын шашына" да тиіспейді.

Қалыптасқан ғұрып бойынша, "асықсаң жақсылыққа асық" деп ұл баланы 37-39 күн, 40-42 күннен қалдырмай қырқынан шығарады. Баланы қырқынан шығарарда шомылдыратын ыдыстың түбіне күміс жүзік, күміс білезік сияқты заттар салып, 40 қасық таза су құйып қояды. Баланы қырқынан шығарған әйелдер білезік, жүзіктерін бөлісіп алады. Суға күмісті бала адал, ақ, пәк, болсын деп салады. 40 қасық суды ырыздығы судай мол болсын деген ниетпен құяды.

Баланы шомылдырып болған соң, қарын шашы мен тырнағын инабатты, сыйлы ақсақалдардың біріне алдырып, ол кісіге шапан жабады. Бұл сол адамдай құрметті, ортасында қадірлі адам болсын деген ниеттен туған.

Баланы шомылдырар алдында шешіп алған "итжейдеге" (иткөйлек) қант, кәмпит, бауырсақ түйіп, бір баланың мойнына тағып қоя береді. Ауыл балалары оны қуып жүріп ұстап, тәттілерді жеп, жейдені әкеліп береді. Ата-әжелері қырқынан шыққан баланың бетінен сүйіп, ақ баталарын беріп, оған тай-тайынша, қозы-лақ сыйлап, көйлек-шапан кигізеді. 

Бесікке салынып, қырқынан шығарылған балаға қатысты қоса кететін тағы да бір маңызды дүние – "Бесік жыры".  Бұл – тұрмыс-салт жырларының көне түрінің бірі. Әлемде Бесік жырын айтпайтын халық жоқ десе де болады және "Бесік жырын" барша халық ұлттық тәрбиенің кәусар бұлағы деп таниды. Дәстүрлі "Бесік жырылары" ел арасында ежелден айтылып, әбден қалыпқа түскен, барлық жерлерде мазмұн желісі мен әуені өзгертілмей орындалатын жырлар. Олар: “Әлди, әлди ақ бөпем, Ақ бесікке жат, бөпем!” деген ана мейіріміне толы өлең жолдарымен басталып, баланы жұбататын, алдандырып тәтті ұйқыға батыратын шумақтарға ұласады. Сонымен қатар ана:

“...Айыр қалпақ киісіп,

Ақырып жауға тиісіп,

Батыр болар ма екенсің!

Бармақтары майысып,

Ою-өрнек ойысып,

Ұста болар ма екенсің!

Таңдайларың тақылдап,

Шешен болар ма екенсің!

...Құрығыңды майырып,

Түнде жылқы қайырып,

Қызмет қылар ма екенсің?!

Қолымыздан іс алып,

Бақытымызға жан балам.

Бізді бағар ма екенсің?!”

- деген жолдар арқылы іштен шыққан баласына арман-тілегін, мақсат-мұратын жеткізіп, әнмен әлдилеп, әнмен тәрбиелейді.

Мына жерден осындай қалыптасқан бесік жырының бір нұсқасын тыңдап, үйрене аласыз.

Жалғасы бар....

1-бөлім

2-бөлім

3-бөлім

4-бөлім

5-бөлім

Суреттер: kostanay.gov.kz,almaty-akshamy.kz,besik.kz,

astana.akm.slando.kz ,kylynshak.wordpress.com

Дайындаған: Айгерім Сматуллаева

60815 2
Рейтинг: +2

Дайындаған: Кәусар Мұң
Қосылған күні: 04 мамыр 2013, 18:09
Пікірлер
+0
04 мамыр 2013, 18:44

Әпкем баласын қырқынан "Асықсаң, жақсылыққа асық" деп үш күн ерте шығарайын деп жатыр :roll:

+0
08 мамыр 2013, 17:33

бұл ырымдарсыз да қаншама сәби өмір сүріп жатыр. Бесік жырын естіп ұйықтағым келеді

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Ең қызықты блогтар

Азандағы мен №2
Азандағы мен №2

"Америкада бұлай, Англияда солай" демей, өзіміздің...

Гормондар ойнайды, лә-лә-лә
Гормондар ойнайды, лә-лә-лә

Адам биология, химия мен физикаға тәуелді... Мойындамай көріңізші

Маған да бір адам керегі анық ...
Маған да бір адам керегі анық ...

Күнделіктен бір жазба ...

Өміріме өрнегін салған - ғаламтор
Өміріме өрнегін салған - ғаламтор

«Ғаламды шырмаған «ғаламтор шырмауынан» шыға алатын шынайы жан бола аламын ба?!»


Соңғы аудармалар

Хён/ Аға/ Brother
Хён/ Аға/ Brother

Ел: Оңтүстік Корея Жыл: 2016 Режиссер: Квон Су Гён  Сценарийін жазған: Ю Ён А  Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев Басты рөлдерде: ДИО (Exo тобының әншісі) мен Чо Джон Сок 

Елес ерткен
Елес ерткен

Түпнұсқа атауы - Sen to Chihiro no kamikakushi Орысша атауы - Унесенные призраками Мемлекет: Жапония Жылы: 2001 Түрі: аниме Режиссері: Хаяо Миядзаки Жанры: шытырман...

Секундына 5 сантиметр
Секундына 5 сантиметр

Түпнұсқа атауы - Byôsoku 5 senchimêtoru Орысша атауы - 5 сантиметров в секунду Мемлекет: Жапония Жылы: 2007 Түрі: аниме Режиссері: Макото Синкай Жанры:...