Оқи отырыңыз

Тілекке еңбек тірек болмаса, ойға омалып қырдан аса алмайсың.

Автор: Бауыржан Момышұлы

— Редактор бағаны —

Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында
Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Бойжеткен / Шаңырақ / Балаға қалай үй жинатуға болады?

Балаға қалай үй жинатуға болады?

Балаға қалай үй жинатуға болады?

Бала болу оңай емес. Мектеп, үй жұмысы, достар. Осының арасында үй жинауға уақыт қайдан табылсын? Уақыт тұрмақ, заманауи балардың үй шаруасына көмектесетін ынтасы да болмайды. Сенбілік сіз үшін де, балаңыз не іні-қарындастарыңыз үшін нағыз тозақ болды ма? Ендеше мына кеңестерді оқып, баланы үй жинатуға қалай көндіруге болатынын біліңіз.

Бұл жағдайдың бірден бір дұрыс шешімі сіздің шыдамдылық танытуыңыз. Қырсық баланың қатарына түсіп, онымен балаша ұрсысқанның орнына, сабырлық пен байыптылық көрсетіп, айлакер болғаныңыз жөн. Стратег болуға тырысып, балаға үй жинаудың қажеттілігі жайлы басқаша түсіндіруге тырысыңыз.

Балаңыздың бөлмесінен оған ерекше қымбат бір затты алып тастап, тығып қойыңыз. Ол ұялы телефон,  компьютер, не басқа да нәрсе болуы мүмкін. Бастысы балаңыздың жүрегіне жылы, күнделікті қажет зат болуы. Оны бір, қажет болса, бірнеше күнге тығып қойыңыз. Көп ұзамай балаңыз өзі-ақ бөлмесін тап-тұйнақтай қылып жинап қояды.

Балаңыз достарымен киноғa не басқа бір жерге қыдыруға жиналды ма? Бөлмесінде сондай былық болып жатқанда қандай кино жайлы сөйлесуге болады? Бөлмесін жинамағанша оны ешқайда да жібермеңіз. Келесі жолы бір жаққа қыдырмас бұрын, өзі-ақ үйді реттеп кетеді.

Баланы материалды ынталандыру жаман деп кім айтты? Сізге жұмыста сыйақы төлемейді ме? Баланың жұмысы бөлмесін жинастыру болса, неліктен ол сол үшін төлемақы алса болмайды? Балаңыз еш айтпастан бөлмесін жинастырып қойды ма? Ендеше сол үшін рақметіңізді білдіріп, кішігірім сыйақы беріп қойыңыз. Алайда, бұны баланың ақша көзіне айналдырмай, сенің жалақың мынанша деп келісім істеп, ақшаға екпін қоюдың қажеті жоқ.

Балаларыңыздың есімдері жазылған қабырғаға ілінетін кесте істеңіз. Оны балалар бөлмесіне іліп қойыңыз. Балаңыз айтпастан үй жинап, сенбілікке белсенді қатысса, кестеге жұлдызша, күн не басқа кез келген белгі салыңыз. Әр жиналған бес, он, он бес белгіге оған сый беруге уәде етіңіз. Ол оның орындалмай жүрген арманы, жаңа ойыншық, не киноға серуен болсын.

Баланың бөлмесі оның мекен ететін жері. Егер ол шашылған қағаздар мен киімнің арасында өмір сүргенді ұнатса, сіздің істер шараңыз аз. Бөлмесіндегі апай-топайды көріп айғайлап бас салудың қажеті жоқ. Өз бөлмесіндегі тазалық балаңыздың өзіне керек екенін түсіндіруге тырысыңыз. Сонда айқайлап ұрысудың да қажеті болмайды.

Cурет: flymama.info 

4403 7
Рейтинг: +0

Дайындаған: Сания А
Қосылған күні: 17 наурыз 2012, 16:00
Пікірлер
+0
17 наурыз 2012, 19:32

Мұны білмедім. Бірақ, мен былай жасаймын.
Ініме айтсам "қойш, Раби (қарындасым) тазалай салады" деп қашады:)
"Дауай бірге тазалаймыз" деймін. Келіскен соң алғашқы 5 минут қасында тиіп қашып жүресің, содан соң залға кіріп интернетке батып кете саласың:) Бірақ уақыттан соң, тазалап "Тұр-е болды, қойдым бәрін, енді интернетті маған бер" деп келіп тұрады:))))

+0
17 наурыз 2012, 19:39

Хехе, ауылға барғанда, көбіне үй жинау алты жасар інім екеумізге қалады. Інімнің қасымда сөйтіп еркелеп жүргенінің өзі маған үй жинауға күш сыйлайды )

+0
17 наурыз 2012, 20:05

Маған ауылға барғанда інім көмек беретін үй жинауға. Мынау менің қолымнан келмейді. Көмектесші десең сөзімді жерге тастамай жасап береді. Кейде болады, "қойш!" дейтін. Сосын, "ренжимін әйтпесе" десем райынан тез қайтады.

+0
17 наурыз 2012, 22:25

Мәә, інің қандай мейірімді. Менің інілерім еш тыңдамайды. Тек ағайындарымның інілері болмаса )

+0
21 наурыз 2012, 00:08

Өзім арқалап өсірген бала ғой! )))

+0
18 наурыз 2012, 01:31

Іні сіңілілерім жоқ. Кезінде маған осылай істемесе де жинап едім үйдің бәрін)))

+0
26 наурыз 2013, 01:56

олседе тындамайт биздиклер)

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Ең қызықты блогтар

Күңк-күңк күбір...
Күңк-күңк күбір...

Шу-шу десек Ду-ду өсек

Аралас экономиканың қазақстандық  моделі
Аралас экономиканың қазақстандық моделі

Аралас экономика әр түрлі меншік нысандарына, олардың өзара қарым-қатынасы мен...

Қарымта қайтаратын сәт келді деді ме екен...
Қарымта қайтаратын сәт келді деді ме екен...

«Үрбибімізді» «Дерзкая» десе, Бек Нұрдың «Мені ұмыт» әнін «Предала» деп...


Соңғы аудармалар

EXO - Lucky One [kaz_sub]
EXO - Lucky One [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық әйгілі бойз-бэнд EXO тобы бүгінде дәурені жүріп, дүркіреп тұрған топ болып отыр. Жігіттер тобы тек Оңтүстік Кореяда ғана емес, Азияда танымал. Қазақстанда да EXO тобының жанкүйерлері жетерлік. Басында он екі қатысушыдан құралғанымен, бүгінде топта он өнерпаз өнер көрсетеді. Әр қатысушы жан-жақты, талантты. Біз бұған дейін аталған топтың бірнеше бейнебаянын қазақшаға аударған едік. Назарларыңызға топтың "Lucky One" туындысын қазақша субтитрмен ұсынамыз. Аударған: Жарылқасын Мырза Тайминг,...

IU - The shower [kaz_sub]
IU - The shower [kaz_sub]

Ли Чжи Ын – оңтүстік кореялық 23 жасар әнші қыз. Оның сахналық есімі «I and You» (мен және сен) әуен арқылы бір бүтін бола аламыз дегенді білдіреді....

Күн ұрпақтары/ Сошедшие с солнца / Descendants of the Sun [kaz_sub]
Күн ұрпақтары/ Сошедшие с солнца / Descendants of the Sun [kaz_sub]

Ел: Оңтүстік Корея  Жанр: романтика, медицина, драма, комедия, боевик  Жыл: 2016  Режиссер: Ли Ын Бок Басты рөлдерде: Чжин Гу, Сон Хе Ге, Сон Джун...