Оқи отырыңыз

Тілекке еңбек тірек болмаса, ойға омалып қырдан аса алмайсың.

Автор: Бауыржан Момышұлы

— Редактор бағаны —

Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында
Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Бойжеткен / Шаңырақ / Қазақтың жілік дәстүрі

Қазақтың жілік дәстүрі

Қазақтың жілік дәстүрі

Қазақ дастарқанындағы малдың әрбір жілігінің өзіндік орны, табаққа тартар жөн-жосығы бар. Ендеше, бұл жайлы да тоқталып көрелік.

1. Кәрі жілік

Қаржілік деп те аталады. Малдың қолындағы ең төменгі, жерге тік шаншылған, тоқбас жілікке тұтасатын жілік. Ол малдың алдыңғы кеуде бөлігін көтеріп, жерге табан тіреп таянақтау, кәрі жілік бұлшық еттері арқылы қолдың бүгіліп, жазылуына қозғаушы күш қалыптастырады. Әрі оның «Қаржілік» деп аталуы қолдың, білектің қарына ұқсатудан болса керек. Кәрі жіліктің сыртқы тұрқы бүкірейген ақсақалды кісінің тұрқына ұқсаса, айдар басымен иіліп келген көрінісі бейне адырналы садаққа ұқсайды. Ол мал жіліктерінің ішіндегі ең қатты, шағылмайтын сүйек. Ондағы бұлшық еттер сіңірлі көрінгенімен, жегенде тым жұмсақ келеді. Тарихи-архелогиялық зерттеулерге негізделгенде, ертедегі тайпалар садақтың жебе ұшын ірі малдың тісі мен осы кәрі жіліктің сүйегінен де жасаған.

Қазақ дастарқанындағы кәрі жілік малдың қол жіліктерінің ішіндегі ең кәделісі есептеледі. Жолы бас, жамбастан кейінгі үшінші орында тұрады. Табаққа дербес аталы жілік есебінде түсе алады. Қырғыз халқы жілікті «Ер жігітті қырық жолдан қағады» деп, кәделі есептемейді. Қазақ дәстүрінде көбінде ақсақалды қарттарға ұсынылады. Бойжеткен қыздарға, үйленбеген жас жігіттерге ұсынылмайды.

Ертеде шамандық сенім-нанымның әсерімен кәрі жілікке сиыну, одан медет тілеу, киелі есептеу сенімі де болған. Бұл салт 21 ғасырдың бас шеніне дейін сақталған. Соның әсерінен болар, қазақ халқы кәрі жілікті асып жеген күні түнде оны далаға тастамайды. Халқымыздың ескілікті ұғымынша кәрі жілік құрық ұстаған күзетші, мал-жанды бәле-қазадан аман сақтаушы, ел қорғаушы батырдың бейнесі деп түсінген. Сондықтан кәрі жіліктің тесігінен өткізіп, керегенің 3-көгіне қыстырып қояды, шақпайды. Ауыл көшкен күні қариялар керегеге ілінген кәрі жіліктерді қой қораның төріне, қора төңірегіндегі жартас қуысына, тал теректердің бұтағына арнайы іліп кетеді. Ердің алдыңғы қасына да іліп қоятын болған. Мұндағы басты себеп – ағаш, шөп қыстырылған кәрі жілік түн ішінде бейне құрық ұстаған күзетші сияқтанып, малды, ер-тұрманды ұры-қарыдан, жаудан, қасқырдан қорғайды деп сенгендіктен. Бұл жөнінде қазақтың бір ертегісінде: мыңғырған малы бар бір бай малына әсте күзетші қоймаған екен. Бірақ, ұрлауға келген ұрылардың көзіне үнемі қолына құрық ұстаған күзетші елестеп, қанша батылдық етсе де ұрлай алмаған. Бұған таңырқаған ұрылар байдың үйіне келіп, жөнін сұраса, бай керегесінде ілулі тұрған қалың кәрі жілікті көрсетіпті. «Ақылды ару» деген ертегіде келіні қанжығасына байлап берген қырық кәрі жілік шалды тонаушылардан қорғайды. Шал жілікті қанжығасынан алып тастағанда, тонаушылар шалды ұстап алып, тонауға кіріседі. Сөйтіп, әлгі шал ақылды келініне жұмбақтап сәлем айтып жүріп, қарақшылардан зорға құтылады. Міне, бұл кәрі жіліктің қасиеті жайында ертедегі ата-бабалардың сана-сезімінен туындаған миф. Соғымның кәрі жілігін күні бүгінге дейін халқымыз әр жылы келетін ұлыстың ұлы күні наурыз мерекесіне арнап, сақтауы, наурыз күні данагөй қариялар наурыз батасын жасап, жас етпен қосып ауыз тиюі де осы түсініктен қалған.

Ата-бабаларымыз қонағына кәрі жілікті ұсынуда ата-бабаның әруағы қолдап, жаратқан жар болсын, іргең берік, байлық берекең ырысты, бәле-қазадан аман бол, ғұмыр жасың ұзақ болсын деген ізгі тілекті көзде ұстаса керек.

2. Асықты жілік.

Асықты жілік малдың артқы санындағы ортан жілікке тұтасатын ең ұзын жілік. Толарсақ, асық сияқты қосымша сүйегі бар. Ол асық арқылы малдың тұтас бөксесін жіліншіктен бөліп, көтеріп тұрады. Толарсақ сіңірі арқылы тұтасатын малдың бөксе бұлшық еті жамбас бұлшық етіне тіке жалғанып, артқы санның қимылына қозғаушы күш қалыптастырады. Санның бүгіліп-жазылуына демеуші болады.

қазақ дастарқанында асықты жілік күйеу баланың, келіндердің және жасы кіші әйелдердің, сонымен бірге бас құраған жігіттердің сыбағалы мүшесі. Асықты жіліктің үлкен басында қатты сіңірлер болады. Оны «Қарғыс өтпес» деп атап, әдейі ырымдап жейді. Асықты жіліктің ерті сіңірлі, жұмсақ келеді. Ал асығын сіңірінен арылтып, балаға береді. Қазақ асық сіңірін әсте жемейді. Оның жеу ыңғылы жамандықты білдіреді. «Алты күн аш қалсаң да, асық мұжыма» деген мәтел содан қалса керек.

Асықты жілікті сөз еткенде, оның асығы жөнінде тоқталу қажет-ті. Қазақ этнографиясында асық жөнінде, біріншіден, қазақ халқында бейне жауырынға қарап болжам жасап, жауырын жағып, бал ашқан секілді, асық үйіріп те болжам айтатын ескілікті наным-түсінік болған. Бағы мен соры, қайғысы мен қуанышы төрт түлік малмен біте қайнасқан қазақ халқы асықты иіргендегі қалай түсуін де сол төрт түлік малының нышаны деп қараған. Айталық, алшы – ойсыл қараның түлігі түйенің, Тәйке – қамбар атаның түлігі жылқының, Бүк – зеңгі бабаның түлігі сиырдың, Шік – ұсақ мал шопан ата мен шекшек атаның түліктері қой мен ешкінің баламасы деп, үйірген асықтың түсуіне қарай сол кездегі маусым өзгерісінің, дала тынысының, өріс-қоныстың қай түлік малға тиімді болатындығы, сондай-ақ, қандай адамға қайсы түліктің мол бітетіні жөнінде болжайтын болған. Ал, асық арқылы бал ашу мақсатымен аңшының олжасынан, жолаушының жолынан, жоқ іздеген жоқшының соңынан, құрған қақпанның қанынан хабар беп деп тілек сөз айтып асық үйірген. Егер, асық «Алшысынан» түссе, ол ақ жол, амандықтың, қанжығасы қан болған олжаның, жолы болған жолаушының және басқа да көңілге бүккен істердің оңынан басқандығын немесе солай болатындығын білдірген. «Асығы алшысынан түскен» деген сөз оралымы осыдан қалса керек. Сол себепті, асықтың алшы түсуі өте жоғары бағаланады. Ал «Тәйке» түссен, онда үйірілген асықтың сөйлемей, ешқандай болжамның болмағандығы. «Бүк» түссе, бұйырғаны орынында, еш жамандық не жақсылықтың жоқ, қалыпты жағдайды көрсеткені. «Шік» түссе, аңшының алымы болмай, құр қол қайтатынын, жолаушы мен жоқшының жолы болмай босқа сенделгенін, құрылған қақпанға аң түспегенін немесе басқа да көңілге бүккен істердің сәтті болмағандығын білдірген. Қазақ халқында қасқырдың асығы тіл-көзден, бәле-қазадан сақтайды деп ырымдап, жанынан тастамай сақтап жүру сенімі күні бүгінге дейін бар.

Екіншіден, асық жинау және ойнау – қазақ халқының, әсіресе, қазақ жастары мен балаларының ерекше дағдысы. Ол бағзы замандардан бері жалғасып келе жатқан салт-дәстүр. Асыққа байланысты деректерді тағы да халқымыздың фольклорлық мұраларынан кездестіреміз. Айталық «Алтын сақа» ертегісі мен «Ертөстік» ертегісінде асық ойыны суреттеледі. Халқымызда асық ойындарының түрі өте көп. Айталық, Алшы, Омпы, Тас қала, Хан ойыны, Кентай ату, Кетсін бір, Үштабан, Үшке шықтым, Қақпақыл, Сасыр т.б. Ол бүкіл қазақ даласына жалпыласқан. Ойыншылар асықты жаз-жайлауда, қыс-қыстауда, үйде, далада және мұз үстінде ойнаған. Кейбір асық құмарлар мен сал-серілер дорбаларына салып алып, ел аралап, аты шыққан ойыншыларды іздеп барып өнер сынасқан. Тек наурыз айы туып, көктемгі күйек түскен, шаруаның қаурт кезінде асық ойнау жаман ырым саналып, ойнауға тиым салынған.

Асық ойыны – баланың жастайынан нерв жүйелерін шыңдап, оларды дәлдікке, ұстамдылықа, байсалдылыққа, қағілездікке тәрбиелеген. Мұндай қасиеті болмаса адамда төзімділік те, шыдамдылық та болмайды. Адам ойында да, өмірде де көздеген мақсатынан шыға бермейді.

Сөйтіп, жоғарыда асықты жілік және оның қосалқы мүшелері жайында тоқталдық.

Қазақ халқының асықты жілікті көбінесе жастар жағына ыңғайлауындағы себебі де шешімін тапқан тәрізді. Қорытып айтқанда, біріншіден, асықты жілік малдың сан жіліктерінің ішіндегі ең төменгі мүше. Алайда, оның орыны төтенше маңызды. Атқарар физологиялық қызметі де аса күшті. Асықты жілік тек асығы арқылы жоғары буын мен төменгі буын жіліншікті бөліп тұрады. Әрине, жастар жағы да дәл осындай, аралық буын болып табылады. Екіншіден, асықты жілік мал денесіндегі мырза мүше. Жіліктердің ішіндегі ең ұзыны, ең сымбаттысы, оның балалар ойнайтын асығы бар. Асықты жіліктің өзінен бесіктегі баланың шүмегін жасайды. Басқа жіліктер мұның орынын баса алмайды. Сондықтан, асықты жілікті ұсыну – сындардай сымбатты, сұқтының сұғынан, тілдінің тілінен аман бол, жастық дәуірдесің, басыңа отау көтеріп, бауырыңа қазан астың, енді өрім-бұтақты бол деген ізгі тілек, адал ниеттен туған.

Қазақтың бауырына бала салу салтында, бағып алған балаға асықты жілік ұстататын әдет бар. Бұл ерте кездерде, жаугершілік замандарда дүниеден өтіп бара жатқан ер азамат артында қалған жалғыз тұяғын ең жақын серттескен досына, жанашыр туыс-туғанына, дос жарандарына тапсырарда «Көзің түссе, асықты жілікті ұстата жүр» деп табыстайтын болған. Мұның мағынасы, көкірегінде жаны, жалыны бар, артымда қалған тұяғым. Тәрбиелеп қатарға қос, іске жарат, жетімдік тақсіретін тартпасын, дегенді білдірсе керек.

3. Ортан жілік.

Ортан жілік мал жіліктерінің ішіндегі ең жуан жілік. Жамбастың ұршығы мен асықты жіліктің жуан басы арқылы тұтасады. Оның асықты жілікке жалғанған басында тобығы болады. Ортан жіліктің еті мол, бірақ қатқылдау, майсыз қара кесек келеді. Қазақ дастарқанында көбінесе кәделі жіліктің қоспасы ретінде бас пен жамбасқа қосылып жүреді. Дербес те қызмет атқара алады. Бас, жамбас, кәрі жілік, асықты жіліктен қалса бесінші орында тұрады. Дәстүр бойынша жиен, жиеншар немесе немерелер ішіндегі бозбала, балажігіт болып жетіліп келе жатқан әлі үйлене қоймаған ұрпақтың сыбағасы саналады. Асықты жілікті үйленген, тұрмыстанған жастардың тиесілі сыбағасы болғанда, ортан жілік үйленбеген жас-бозбалалардың сыбағалы асы.

Ортан жіліктің тобығы сіңірлі, ұстап мұжуға келмейтін үшкіл, домалақ сүйек. Сол себепті қазақ халқы тобықты ұстап әдемілеп мұжуды ептіліктің, мұқияттылықтың белгісі деп қараған. Қазақ салтында тобықты мұжып болған соң жүктің артына лақтырып жібереді. Тобық: қайда жатсам да көрнеуде жатып, мұжыған адамның шеберлігін жұрт көзіне көрсетіп жатамын дейді екен деген тәмсіл бар. Тобық осылайша әдемі мұжылса, адамның ұрпағының дене бітімі келісті, сұлу, іс-әрекеті пысық та қағілез болып жетіледі деп түйген. Қоянның тобығын батыр болсам маңдайымнан, шешен болсам таңдайымнан, шебер болсам бармағымнан, жүйрік болсам табанымнан, балуан болсам білегімнен, талапкер болсам арманымнан шық деп сертпен ырымдап жұтатын әдетте бар екен. Қазақта қасқырдың тобығын қасиеттеп, жанынан тастамай сақтайтын ырым да болған. Сонымен бірге ортан жіліктің тобығын жезде мен балдыз, қайын мен жеңге, құрбы-құрдастар ара жасырып ойнайтын тобық ойыны тағы бар. Ол адамдарды есте сақтауға, ұқыптылыққа, сақтық қағілездікке баулиды.

Демек, халқымыз ортан жілікті бай, бардам, мәйекті бол, қағілез де епті, жұртқа жағымды, зерделі бол, ортан жіліктей сом денелі атпал азамат болып жетіл деген мағынаны ұстанған. 

Дайындаған: Ерғали Елдос

Сурет: baidu.com

4182 0
Рейтинг: +0

Дайындаған: Қайсар Қауымбек
Қосылған күні: 09 мамыр 2013, 15:36
Пікірлер
+0
09 мамыр 2013, 22:47

Бұл да бір тамаша дәстүр е ;)

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

EXO - Lucky One [kaz_sub]
EXO - Lucky One [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық әйгілі бойз-бэнд EXO тобы бүгінде дәурені жүріп, дүркіреп тұрған топ болып отыр. Жігіттер тобы тек Оңтүстік Кореяда ғана емес, Азияда танымал. Қазақстанда да EXO тобының жанкүйерлері жетерлік. Басында он екі қатысушыдан құралғанымен, бүгінде топта он өнерпаз өнер көрсетеді. Әр қатысушы жан-жақты, талантты. Біз бұған дейін аталған топтың бірнеше бейнебаянын қазақшаға аударған едік. Назарларыңызға топтың "Lucky One" туындысын қазақша субтитрмен ұсынамыз. Аударған: Жарылқасын Мырза Тайминг,...

IU - The shower [kaz_sub]
IU - The shower [kaz_sub]

Ли Чжи Ын – оңтүстік кореялық 23 жасар әнші қыз. Оның сахналық есімі «I and You» (мен және сен) әуен арқылы бір бүтін бола аламыз дегенді білдіреді....

Күн ұрпақтары/ Сошедшие с солнца / Descendants of the Sun [kaz_sub]
Күн ұрпақтары/ Сошедшие с солнца / Descendants of the Sun [kaz_sub]

Ел: Оңтүстік Корея  Жанр: романтика, медицина, драма, комедия, боевик  Жыл: 2016  Режиссер: Ли Ын Бок Басты рөлдерде: Чжин Гу, Сон Хе Ге, Сон Джун...