Махаббаттың тағы бір аты – тасадағы таңғажайып

Махаббаттың тағы бір аты – тасадағы таңғажайып

1. Сенімен ілесіп жүрем, қайда барсаң да, не істесең де, бәрі жақсы.

2. Өмір сүреді екенсің, біреуге керек болу, басқалардың сені іздеуі – ол бақыттың шырқау шыңы;

3. Мен сенен «Не істеп жатырсың?» деп сұрадым, ал негізі «Сені сағындым!» демекші едім.

4. Ең жақсы дос – тып-тыныш көл жағасында бірге отырып, ешбір сөз, ешбір әңгіме болмай, тек екі жаққа кетер сәтте ғана сенің көкірегіңе бүгін өте тамаша, тартымды әңгіме айтылды деген әсер қалдырады.

5. Менің сені қаншалықты терең сүйетінімді сұрама, мен өзім де айта алмаймын. Сенің өз өмірімнің бір бөлігіне айналғаныңды ғана білем. Мәңгі қалмас әдет сияқты, күн сайын, жатпай-тұрмай сені ойлаймын.

6. Өмір – тек сыңарыңның жылулығын сезінгенде ғана мәнді.

7. Сенің жаныңды да, тәніңді де түсінетін адамның болуы үлкен бақыт. Ол толық адам болмауы мүмкін, кемшіліктері де көп. Бірақ сенің рухыңа ене алады. Сені бүге-шігеңе дейін біледі. Ол сенің қасыңда, сені қорғап жүр. Сені шын сүйетін адам саған өзінің сүйетінін айтпауы мүмкін, бірақ, ол сен сүйетін істерді міндетті түрде істейді.

8. Мен сен үшін ағаштарға мыңдаған қоңырау іле алам. Ол жапырағы түсіп, діңі суыққа төзбей айырылып кеткен ағаштар сияқты дауыс шығаруы мүмкін. Қоңырау жоғалса да, құлақтың түбінде әр жылы күз болғанда ағаштың сол дауысы тұра береді. Есіңе түсіреді. Сол дауыс менің сенімен бірге екенімді мәңгі есіңе салып тұрмақ.

9. Сенің назарыңда «Мен» деген сөз көп адамның ұғымын береді. Ал менің назарымда сен – тек жалғыз адамсың.

 

Дайындаған: Мейіржан Әуелханұлы

Сурет: kaixin001.com

M. Auelkhan