Оқи отырыңыз

Тілекке еңбек тірек болмаса, ойға омалып қырдан аса алмайсың.

Автор: Бауыржан Момышұлы

— Редактор бағаны —

Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында
Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Бойжеткен / Психология / Cүйгенінен айрылған ғашықпен әңгіме

Cүйгенінен айрылған ғашықпен әңгіме

Cүйгенінен айрылған ғашықпен әңгіме

Жоқ! Ол саған өте адал. Ол сені сүйген кезде сенімен бірге болды. Ал қазыр сені сүймейді. Сенен сол үшін айрылды. Дүниеде бұдан артық адалдық болмас. Егер ол сені сүймей тұрып, жалғаннан сені сүйдім деп алдаса, сенімен тұрмыс құрып, ұрпақ сүйсе – бұл нағыз алдау, опасыздық болмай ма?!

***

- Не болды? Сонша неге көңілсізсің?

- Сүйгеніммен айрылыстым.

- Е, қалыпты жағдай. Егер айрылып кетіп көңілсіз болмасаң, онда махаббаттың не баяны болмақ. Бірақ, айрылған кездегі оған деген ықыласың, бірген жүрген кездегі ықыласыңнан артық секілді?

- Қолға қонған құсымды жоғалттым. Егер бұл жағдай басқалардың басына түспесе, бұл өкініштің, азаптың дәмін олар қалай түсінсін?!

- Жоғалса, жоғала берсін. Не үшін еңсеңді көтеріп, алға ілгерлемейсің. Әлі талай бақыт құсы бар алда.

- Мен оның қайтып келуін күтемін. Мына дүние құрып біткенше оны күтемін.

- Бірақ, бұл күн мәңгі келе қоймас.

- Онда мен өзімді өлтіремін де, оған деген шынайы махаббатымды бейнелеймін.

- Осылай істесең сүйгеніңнен айрылып қалу былай тұрсын, өзің де құрисың ғой. Демек, сен екі есе зиян тартқан адам боласың.

- Ендеше мен оның жүрегін жаралаймын. Мен қолға түсіре алмаған бақыттың дәмін басқалар татамын деп ойламасын.

- Онда сенің сүйгеніңмен болған қашықтығың тіпті де алшақтайды. Ал сенің ойың онымен бірге болу емес пе еді?

- Ал айтыңызшы, мен сірә не істеуім керек?

- Ол қызды шынмен де сүйесің бе? Сүйген адамыңның бақытты болуын шын ниетіңмен қалайсың ба?

- Әрине.

- Ал ол үшін бақыт – сенен айрылысу болса ше?

- Бұл мүмкін емес! Ол кезінде менімен бірге болған кезін ең бақытты күндері екенін айтқан болатын.

- Ол өткен шақ. Өткен күндер. Қазір мүлде басқа.

- Ендеше, ол мені алдап жүрген болды ғой?

- Жоқ! Ол саған өте адал. Ол сені сүйген кезде сенімен бірге болды. Ал қазір сені сүймейді. Сенен сол үшін айрылды. Дүниеде бұдан артық адалдық болмас. Егер ол сені сүймей тұрып, жалғаннан сені сүйдім деп алдаса, сенімен тұрмыс құрып, ұрпақ сүйсе – бұл нағыз алдау, опасыздық болмай ма?!

- Ендеше, менің оған деген сезімім тектен-текке кетті ме? Мен оның өтеуін кімнен аламын?

- Жоқ. Сенің сезімің ешқашан селге кеткен жоқ. Сен оған шынайы сезіміңді арнағанда, ол да саған сондай сезіммен берілді. Сен оған көңілділік бағыштаған сәттерде, ол да саған дәл сондай көңілділік бағыштады.

- Бірақ, ол мені сүймей кетті! Ал мені оны әлі де сүйемін. Бұл неткен теңсіздік, әділетсіздік!

- Расында әділетсіздік. Ол саған емес, сен оған әділетсіздік жасап отырсың. Оны сүю – сенің еркіндігің. Ал сені сүю, сүймеу – оның еркіндігі. Сен тек өзіңді ғана ойлап басқалардың еркіндігін құрбан еткің келеді. Бұл неткен әділетсіздік.

- Бірақ, азап тартып жүрген ол емес, менмін ғой.

- О, бәлі! Сен қалайша ол үшін азап шегіп отырсың! Ол қазір көңілді ғой. Демек сен ол үшін емес, өзің үшін азаптанып отырсың. Барлығы өзің үшін. Сүйте тұра, өз азабыңа сүйреп әкелгің келеді.

- Демек, мұның бәрі менің қателігім болғаны ма?

- Солай! О баста-ақ сен қателік жасадың. Сенің қателігің оған бақыт сыйлай алмағандығыңда. Егер ол бақытты болса, сенен айрылмас еді.

- Бірақ, ол маған титтей де орай берген жоқ. Сеніңше бұл оңбағандық емес пе?

- Расында оңбағандық. Бірақ сен әлдеқашан ол оңбағаннан айрылып кеттің. Демек, құтылдың. Енді өзіңді бақытты сезінуіңе болады. 

Дайындаған: Алшын Матай

Сурет: baidu.com

909 0
Рейтинг: +0

Дайындаған: Қайсар Қауымбек
Қосылған күні: 20 сәуір 2013, 09:30
Пікірлер
+0
20 сәуір 2013, 12:24

;) ;) ;) ;) ;) ;)

+0
20 сәуір 2013, 17:01

туффф менің ойымды оқығандай жазыпты, бірақ осылай қанша рет ойласаңда, өзіңді жұбата, алдай алмайсың. Адам өмірі адаммен дегендей оның орнын ауыстыратын басқа біреу келгенде ғана оны ұмыту мүмкін, оған дейін осы өкініш, реніш азабымен озіңді жей бересің іштей. Әттең, бірақ өмірдің қатігез сабақтарының бірі :!:

+0
20 сәуір 2013, 17:11

мен ойлап жүрген, бірақ ешқашан сөзбен жеткізе алмайтын ойлар ғой бұл

+0
20 сәуір 2013, 17:12

О, бәлі! Сен қалайша ол үшін азап шегіп отырсың! Ол қазір көңілді ғой. Демек сен ол үшін емес, өзің үшін азаптанып отырсың. Барлығы өзің үшін. Сүйте тұра, өз азабыңа сүйреп әкелгің келеді

+0
20 сәуір 2013, 22:10

мына сөздер бәрінің басынан бір өткен-ау шамасы. ойымызды дәл тауып жазған екен

+0
22 сәуір 2013, 11:31

Бәрі өткінші соған сену керек екен

+0
22 сәуір 2013, 15:35

ойланатын нарсе екен.....айтипесе менде осылай ойлап кетер ем

+0
22 сәуір 2013, 15:36

эгоизм деген осындайда коринеди.....кейде соншалыкты эгоист пе едим деп ойлап каласын

+0
22 сәуір 2013, 23:13

өмірде басыңа не қиындық келсе бәрі Алладан келген әділдік

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Ең қызықты блогтар

Күңк-күңк күбір...
Күңк-күңк күбір...

Шу-шу десек Ду-ду өсек

Аралас экономиканың қазақстандық  моделі
Аралас экономиканың қазақстандық моделі

Аралас экономика әр түрлі меншік нысандарына, олардың өзара қарым-қатынасы мен...

Қарымта қайтаратын сәт келді деді ме екен...
Қарымта қайтаратын сәт келді деді ме екен...

«Үрбибімізді» «Дерзкая» десе, Бек Нұрдың «Мені ұмыт» әнін «Предала» деп...


Соңғы аудармалар

EXO - Lucky One [kaz_sub]
EXO - Lucky One [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық әйгілі бойз-бэнд EXO тобы бүгінде дәурені жүріп, дүркіреп тұрған топ болып отыр. Жігіттер тобы тек Оңтүстік Кореяда ғана емес, Азияда танымал. Қазақстанда да EXO тобының жанкүйерлері жетерлік. Басында он екі қатысушыдан құралғанымен, бүгінде топта он өнерпаз өнер көрсетеді. Әр қатысушы жан-жақты, талантты. Біз бұған дейін аталған топтың бірнеше бейнебаянын қазақшаға аударған едік. Назарларыңызға топтың "Lucky One" туындысын қазақша субтитрмен ұсынамыз. Аударған: Жарылқасын Мырза Тайминг,...

IU - The shower [kaz_sub]
IU - The shower [kaz_sub]

Ли Чжи Ын – оңтүстік кореялық 23 жасар әнші қыз. Оның сахналық есімі «I and You» (мен және сен) әуен арқылы бір бүтін бола аламыз дегенді білдіреді....

Күн ұрпақтары/ Сошедшие с солнца / Descendants of the Sun [kaz_sub]
Күн ұрпақтары/ Сошедшие с солнца / Descendants of the Sun [kaz_sub]

Ел: Оңтүстік Корея  Жанр: романтика, медицина, драма, комедия, боевик  Жыл: 2016  Режиссер: Ли Ын Бок Басты рөлдерде: Чжин Гу, Сон Хе Ге, Сон Джун...