Бар мен жоқтың арасы

Бар мен жоқтың арасы

Балықшы теңіз тасбақасын ұстап алады. Ол тасбақаны үйіне алып келген соң, оны төсегінің қасына қояды. Онымен сөйлесе бастайды. Кеш болғанда тасбақаға арнап көрпе де дайындап, оны орайды. Балықшы оған өмірінде көрмеген ләззатты, рахатты көрсетпекші болады, әрі оған тәтті-дәмді тағамдарды да береді.

Бірақ, теңіз тасбақасы олардың бірін де аузына салмайды, қозғалмай жатып алады, көзінен домалап жас аға бастайды.

«Неге жылайсың? Сен білесің бе, мен сені қатты жақсы көремін!» дейді балықшы.

Тасбақаға аяқ астынан тіл бітіп: «Менің жүрегім теңізде, теңізбен бір соғып жатыр. Ол – менің үйім. Менің шаттығым сол жақта. Балаларым да сонда қалды. Мені жібер» деп жалбарына бастайды.

Балықшы оны қайтаруға қимайды, өйткені, оның тасбақаға деген махаббаты терең еді.

Айлар аунап жатты. Тасбақаның көз алдында солып, семіп бара жатқанын көрген балықшының жүрегі шыдамай, оны теңізге қайта апарып тастауға бел буды.

«Рақымсыз тасбақа! Мен өз махаббатымды саған арнасам да, сенің жүрегің жібіген жоқ, бірақ, мен әлі де сені жақсы көремін. Сенің тілегіңді орындайын, сені босаттым, кете бер!»

Тасбақа бір басып, екі басып, ақырын жылжып кете берді.

Теңізшінің көз жасы көл болды.

Арада бір жыл өтті. Бір күні түсте балықшы ұйықтап жатыр еді, есіктің сықырлаған дауысынан оянып кетті. Басын көтеріп қараса, әлгі тасбақасы тұр.

«Сен неге келдің?»

«Өзіңді көрейін деп».

«Сен әлдеқашан өз бақытыңды теңізден таптың ғой, не үшін менің көруге келесің?» деп сұрады балықшы.

«Маған бақытты теңіз емес, сен ғана бере алады екенсің, мен оны ұмыта алмадым» дейді тасбақа.

«Жоқ! Сен кет! Сен бақытты болсаң болды, мені көруге келмей-ақ қой» дейді балықшының дауысы дірілдеп.

Тасбақа қимай-қимай кете барды. Бір айдан кейін тағы келді.

«Сен тағы келдің бе?»

«Иә, тағы келдім».

«Неге?»

«Сені ұмыта алмадым».

«Мен сені мәңгілік қасымда алып қалуға ұмтылған кезде, сенің жүрегің мүлде дір етуді қаламап еді, ал мен сенен қол үзуді ойлап, соған бел байлаған кезде, саған қайта ие болдым...»

Егер махаббаттың немесе басқа да бір дүниенің өзіңе шынымен де тиеселі екенін тексергің келсе, оны ұстап тұрған қолыңды босат, ол еркіне кетсін, егер ол қайтып келсе, оның шынымен де саған тәуелді болғаны, қайтып келмесе, ол саған бақыт әкелмейді.

 

Дайындаған: Мейіржан Әуелханұлы

Сурет: 163.com

M. Auelkhan