Оқи отырыңыз

Тілекке еңбек тірек болмаса, ойға омалып қырдан аса алмайсың.

Автор: Бауыржан Момышұлы

— Редактор бағаны —

Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында
Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Бойжеткен / Психология / Әдемі сөйлеңіз

Әдемі сөйлеңіз

Әдемі сөйлеңіз

Өз ойыңды жинақтап айта алмау, паразит-сөздерді қосып сөйлеу... Бұл жағдайлар сізге таныс па? Адамның сөйлеу мәнері ол жайлы көп нәрсе айта алады. Ал егер басқалардың алдында беделді де, ақылды көрінгіңіз келсе, сөйлеу мәнеріңізді түзеңіз. 

1) Бір жақсы жаттығу бар. Үй тұрмысындағы бір затты алыңыз, мысалы, табақ және 5 минут ішінде сол табақты әдеби тілде сипаттап беріңіз. Бастапқыда біраз қиындау болады, бірақ әр жаттығу сайын жеңілдей түседі. Біртіндеп жаттығу уақытын созып, тақырыпты да ауқымды етуге тырысыңыз. Бұл жаттығулар уақыт өте келе дұрыс сөздерді таңдап сөйлеуге және бір сағат бойы бір табақ жайлы, сөздерді қайталамай сипаттап бере алатындай жағдайға жеткізеді. 

2) Сөздеріңізден "енді", "жаңағы", "ыыы", "ммм" деген сияқты паразит-сөздерді алып тастауға тырысыңыз. Әңгіме барысында қатты эмоция білдірмеңіз. Қарапайым сөздерді пайдалануға тырысыңыз, асықпаңыз. 

3) Сөйлеу мәнеріңіздің қарқынына мән беріңіз. Гөй-гөйлеп сөйлеуден қарсыласыңыздың іші пысып кетуі мүмкін. Кей уақытта кідіріп, кей жерінде эмоцияңызды білдіріңіз, бірақ қатты емес. 

4) Әңгімелесу барысында түрлі метафоралар мен салыстырмаларды, мақал-мәтелдерді пайдалана сөйлеңіз. Бұл сөздеріңізді жандандыра түспек. Және әрине, әзіл-қалжың. Орынды болса, тіпті кейде өзіңізді де күлкіге айналдыра салсаңыз да болады. 

5) Сөйлеу мәнеріңізді жаттықтыру үшін араласатын, сөйлесетін адамдарыңыз да көп болуы керек. Егер ондай мүмкіндік жоқ болса радио мен теледидар да жарайды. Сүйікті тележүргізушіңізге еліктеп, оның фразаларын, дауыс ырғағын салсаңыз болады. 

6) Түрлі әдебиетті оқуға тырысыңыз: кітаптар, газеттер, журналдар. Тіпті мектепте оқуға беретін отандық классиктерді де оқып шықсаңыз болады. Оқығанда да асықпай, әр сөйлемді жете түсініп оқыңыз. Бұл сөйлемде сөздерді дұрыс пайдалануға, сөздік қорыңызды молайтуға мүмкіндік береді. 

Сөздік қорыңызды біртіндеп молайтып, алған біліміңізді әңгімелесу кезінде пайдалана алсаңыз, сөздерді басқара алатыныңызды байқайсыз, ал кейін олар сізге жұмыс жасайтын болады. Біраз жаттығулардан кейін ойыңызды еркін жеткізе алатындай дәрежеге жететін боласыз.

Сурет: vk.com

Дайындаған: Анар Мұстафина

5042 0
Рейтинг: +0

Дайындаған: Anara Mustafina
Қосылған күні: 07 сәуір 2013, 10:35
Пікірлер
+0
07 сәуір 2013, 11:41

оо көмектесетін сияқты ;)

+0
07 сәуір 2013, 14:08

ПАйдалы кеңестер екен, рахмет!

+0
07 сәуір 2013, 17:27

байқап көру керек

+0
07 сәуір 2013, 19:55

рахмет Анар

+0
08 сәуір 2013, 10:43

Сөйлеу көп нәрседен хабар береді

+0
08 сәуір 2013, 11:48

ыыы деген әдет қалмай қойды менен

+0
08 сәуір 2013, 14:13

Тырысып кору керек екен!

+0
08 сәуір 2013, 14:15

"енді", "жаңағы", "ыыы", "ммм". Осы псевдосөздерді құрту керек!

+0
08 сәуір 2013, 16:02

Дурыс екен .Расымен де, тіліміз қоқыс жәшігіндей болып кетті ғой .Орыстың қыстырма сөздерімен "и",""тема","короче""т"ипа" деген сияқты .Бұрын мектепте де бір сыныптасым бар еді "яғни"."және"сөздерін 100 рет айтатын бір сабақ айтқанда.

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

EXO - Lucky One [kaz_sub]
EXO - Lucky One [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық әйгілі бойз-бэнд EXO тобы бүгінде дәурені жүріп, дүркіреп тұрған топ болып отыр. Жігіттер тобы тек Оңтүстік Кореяда ғана емес, Азияда танымал. Қазақстанда да EXO тобының жанкүйерлері жетерлік. Басында он екі қатысушыдан құралғанымен, бүгінде топта он өнерпаз өнер көрсетеді. Әр қатысушы жан-жақты, талантты. Біз бұған дейін аталған топтың бірнеше бейнебаянын қазақшаға аударған едік. Назарларыңызға топтың "Lucky One" туындысын қазақша субтитрмен ұсынамыз. Аударған: Жарылқасын Мырза Тайминг,...

IU - The shower [kaz_sub]
IU - The shower [kaz_sub]

Ли Чжи Ын – оңтүстік кореялық 23 жасар әнші қыз. Оның сахналық есімі «I and You» (мен және сен) әуен арқылы бір бүтін бола аламыз дегенді білдіреді....

Күн ұрпақтары/ Сошедшие с солнца / Descendants of the Sun [kaz_sub]
Күн ұрпақтары/ Сошедшие с солнца / Descendants of the Sun [kaz_sub]

Ел: Оңтүстік Корея  Жанр: романтика, медицина, драма, комедия, боевик  Жыл: 2016  Режиссер: Ли Ын Бок Басты рөлдерде: Чжин Гу, Сон Хе Ге, Сон Джун...