Оқи отырыңыз

Тілекке еңбек тірек болмаса, ойға омалып қырдан аса алмайсың.

Автор: Бауыржан Момышұлы

— Редактор бағаны —

Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында
Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Бойжеткен / Психология / Махаббат ережеге бағынған кез

Махаббат ережеге бағынған кез

Махаббат ережеге бағынған кез

Махаббат тақырыбы Massaget.kz жазатын негізгі тақырыптардың бірі. Қыз бен жігіттің арасындағы өзара байланыстың барлығына болмаса да, кейбір елдерде кейбір тұстарда заң я ереже, я тіпті болмаса таным болады екен. Олардың ең қызықтысын сіздерге ұсынайық, күліп алсаңыз да, ойланып алсаңыз да, ерік өзіңізде.

  • Мерилэнд қаласында бір секундтан ұзақ сүйісуге болмайды екен.
  • Миннесотада ер адамның аузынан жағымсыз иіс (жуа, сарымсақ) шығып тұрса, қыз балаға жолауға болмайды.
  • Адам ғашық болған кезде, миында қоғамдық пікірді қабылдамайтын нейрон жүйелері пайда болады. Тіпті достар мен отбасындағы басқа мүшелердің сөздеріне құлақ аспайтын болады. Көптеген зерттеулердің нәтижесіне сенсек, махаббаттың азабына түскен адам физикалық ауруға душар бола бастайды.
  • Мексикалық ежелгі жазушы Монтесума ғашықтықтың қуатын шоколад береді деп жазған екен.
  • Адамның үйленбей тұрып 7 рет ғашық болатынын білеміз, ал кейбір адамдар өмірінде тіпті ғашық болмағанын айтады. Мұндайды ғылыми тілде гипопитуитаризм деп атайды екен. Бұл сезімді сезінбейтін аурудың бір түрі ретінде ғылымға енген.
  • Қарым-қатынасты үзген соң, адамда «фрустрация» болады екен. Бұл дегеніңіз айырылысқан адамды екі-үш есе қатты жақсы көруге душар ететін дерт.
  • Ғашықтықтан арылудың ең пайдалы әрі оңай жолы антидепрессант пайдалану екен. Бұл зат ағзадағы серотонин деңгейін көтеріп, көңіл-күй мен серігін ұмыта алмау қасиетін жоққа айналдыра алады-мыс.
  • Психологтар болса, әр адамның өзіне жар таңдауында оның өз әке-шешесіне ұқсауына байланысты шешім жасайды екен.
  • Адам баласы экстремалды жағдайларда ғашық болып қалу «қаупі» көп. Мәселен, кеңседе бірге жүрген адамдар қиын-қыстау заманда бір-бірін ұмыта алмайтын болады.
  • Адам биологиялық қажеттіліктерінің қатарында тек жыныстық қатынас қана емес, сонымен қатар ғашық болуға деген құштарлық та бар болып шықты.
  • Көптеген мәдениетте махаббаттың символы - байланған жіп болып есептеледі. Қазақ дәстүрінде де байланған жіпті сыйға тарту махаббатты білдіреді.
  • Үйленер алдында қызға қарағанда, ер адам қырсық бола бастайды-мыс.
  • Қыз бала ер адаммен бетпе-бет отырып әңгімелескісі келсе, ер адам қатар тұрып, немесе жүріп әңгімелесуді ұнататын болып шыққан. Бұл да көптеген бақылаулардан кейін жасалған шешім.
  • Жаңа қосылған жұп тек төртінші жылы ғана айырылысу туралы ойлай бастайды-мыс.
  • Әлемдегі барлық еркектер өзінен үш жасқа кіші қыздармен отау құрады екен.

Дайындаған: Ардақ Құлтай

Сурет: hugloo.com

4720 5
Рейтинг: +3

Дайындаған: Ардақ Құлтай
Қосылған күні: 08 сәуір 2013, 11:19
Пікірлер
+0
08 сәуір 2013, 12:33

Мерилэнд қаласында бір секундтан ұзақ сүйісуге болмайды екен!

+0
08 сәуір 2013, 17:30

Сонда мен гипопитуитаризм болдымба :lol:

+0
08 сәуір 2013, 18:27

басымыздан кешіп жүрген сезімнің бәрінің де :lol: ғылыми атауы бар екенғо

+0
09 сәуір 2013, 13:50

бұл жақтарда тұрмағаныма қуанып қалдым ғой))

+0
25 сәуір 2013, 16:45

Мериленд қаласында тұрмағаныма қатты қуанамын :lol:

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

EXO - Lucky One [kaz_sub]
EXO - Lucky One [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық әйгілі бойз-бэнд EXO тобы бүгінде дәурені жүріп, дүркіреп тұрған топ болып отыр. Жігіттер тобы тек Оңтүстік Кореяда ғана емес, Азияда танымал. Қазақстанда да EXO тобының жанкүйерлері жетерлік. Басында он екі қатысушыдан құралғанымен, бүгінде топта он өнерпаз өнер көрсетеді. Әр қатысушы жан-жақты, талантты. Біз бұған дейін аталған топтың бірнеше бейнебаянын қазақшаға аударған едік. Назарларыңызға топтың "Lucky One" туындысын қазақша субтитрмен ұсынамыз. Аударған: Жарылқасын Мырза Тайминг,...

IU - The shower [kaz_sub]
IU - The shower [kaz_sub]

Ли Чжи Ын – оңтүстік кореялық 23 жасар әнші қыз. Оның сахналық есімі «I and You» (мен және сен) әуен арқылы бір бүтін бола аламыз дегенді білдіреді....

Күн ұрпақтары/ Сошедшие с солнца / Descendants of the Sun [kaz_sub]
Күн ұрпақтары/ Сошедшие с солнца / Descendants of the Sun [kaz_sub]

Ел: Оңтүстік Корея  Жанр: романтика, медицина, драма, комедия, боевик  Жыл: 2016  Режиссер: Ли Ын Бок Басты рөлдерде: Чжин Гу, Сон Хе Ге, Сон Джун...