Оқи отырыңыз

Биікке көтерілгісі келетін адам баспалдақ жасап шығады.

Автор: Жапон мақалы

— Редактор бағаны —

Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында
Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Бойжеткен / Психология / Тобырлық ұстанымның қаупі

Тобырлық ұстанымның қаупі

Тобырлық ұстанымның қаупі

Көпшілік ортада, яғни тобыр арасында болған кезіңізде өзіңізді қауіпке бір табан жақын ұстайтыныңызды білесіз бе?

Төменде берілген тұжырымды Лид университетінің ғалымдары жасапты. Ғалымдар жаяу жүргіншілердің психологиясын зерттей келе, адамның тобырда қауіпке көп ұшырайтынын дәлелдеген.

Мамандар таң мен кеш уақытында адамдардың көп жүретін жерлерінде бақылау жасаған. Арнайы компьютерлік бағдарлама зерттей келе, адамдардың типтік ерекшеліктерін анықтапты. Жолды кесіп өту барысында жалғыз келе жатқан жүргінші топпен бірге келе жатқан жүргіншіге қарағанда екі есе аз қауіпті жағдайда болыпты. Тіпті өте сақпын деген жүргіншілер де топ ішінде тұрған кезде автокөліктер ағылып жатқан жолға аяқ басқан екен. Оның үстіне бағдаршамда қызыл түс жанып тұрған.

Джолиан Фариа есімді доктор әрі осынау зерттеудің жетекшісі бұл құбылысқа «индивидтің тобырлық санадағы жағдайы» деп баға берген екен. Ғалым адамның өз-өзін сақтау инстинкті тобыр ішінде ұмытылып қалады деп қорытындылаған. Себебі жаяу жүргінші «жүргіншілер тобында» 1,5-2,5 есе ақылсыз әрекетке барады. Нәзік жандыларға қарағанда, ерлер қауымы тобырдың ішінде ессіз істерге жол береді-мыс.

Мұндай әрекет немен түсіндіріледі? Мамандардың айтуынша, мұндай жағдайда адам ақылынан гөрі интуициясына көбіне ерік беріп, жеке ақыл-ойы істен шығады. Өкінішке орай, мұндай жағдай қайғылы оқиғаларға әкеп тірейді.

P.S. Бұл жағдайды өзіңіз де сынап көрсеңіз болады. Жаяу жүргіншілер алдында тұрып бағдаршам жасыл түс жақпай тұрып жүріп кетсеңіз, артыңыздағы адамдар да соңыңыздан ереді... Бірақ сақ болыңыз!

Дайындаған: Ардақ Құлтай

Сурет: makingoff.name

3785 7
Рейтинг: +3

Дайындаған: Ардақ Құлтай
Қосылған күні: 05 сәуір 2013, 11:32
Пікірлер
+0
05 сәуір 2013, 12:46

Дұрыс айтад :)

+0
05 сәуір 2013, 14:49

әркім өзінің жеке тұлға екенін ұмытпасын

+0
05 сәуір 2013, 15:06

Мен де қызыл жанып тұрған сәтте жүріп кете беремін негізі, сөйтсек ол тобырлық сана екен ғой :)

+0
05 сәуір 2013, 15:21

тобыр деген сөзді алғаш естіп тұрмын :roll:

+0
08 сәуір 2013, 10:29

расымен қауіп

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Ең қызықты блогтар

Димаш Құдайбергенов – қазіргі Қазақстан шоу-бизнесінің революционері
Димаш Құдайбергенов – қазіргі Қазақстан шоу-бизнесінің революционері

Димаш Құдайбергеновтың миллиардтар мекендеген аспан асты елінде бәрінен бәсі...

Енді не болмақ
Енді не болмақ

«Адал еңбек, ақ пейіл, мейірім жоқ – Осы болар таза ақыл өлді демек»- деген екен...

"Папаңнан" ұят болмасын...

Мен ұғынып болмаған тәрбие

Құлағыңды кесіп алайын ба?!
Құлағыңды кесіп алайын ба?!

Құлақ есту үшін бе әлде бастың пішінінің әдемілігі үшін бе?


Соңғы аудармалар

EXO – For Life [kaz_sub]
EXO – For Life [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық-қытайлық бойз-бэнд EXO "For Lifе" бейнебаянымен қайта оралды. К-поперлер жақсы білетіндей, 2016 жылдың 5 қазанында S.M. Entertainment EXO-ның ізбасары EXO-CBX тобын таныстырды. "For Life" бейнебаянын Lvoe фансаб-тобы қазақша субтитрмен ұсынып отыр. Көрейік! 

JESSICA – Wonderland [kaz_sub]
JESSICA – Wonderland [kaz_sub]

Джессика Чон – корей-американ тегінен шыққан әнші, биші, актриса, модель. АҚШ-тың Калифорния штатында туған. Ағылшын, корей тілдерін жетік меңгерген. Girls’...

EXO - Lucky One [kaz_sub]
EXO - Lucky One [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық әйгілі бойз-бэнд EXO тобы бүгінде дәурені жүріп, дүркіреп тұрған топ болып отыр. Жігіттер тобы тек Оңтүстік Кореяда ғана емес, Азияда...